Көлік кешені
Автор: KOLALAA • Апрель 17, 2018 • Контрольная работа • 504 Слов (3 Страниц) • 858 Просмотры
Көлік кешені
Көлік кешені – бұл жүк пен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын материалдық өндіріс саласы. «Көлік» термині латынның «transport» сөзінен шыққан, «тасымалдаймын, көшіремін» деген мағынаны білдіреді. Көлік кешені төрт құрамдас бөліктен тұрады: көлік құралдары, қатынау жолдары, ұйымдар мен жүк тиеу-түсіру пункттері. Көліктің өндірістік сала ретіндегі ерекшелігі оның материалдық құндылықтарды өндірмей, тек өнеркәсіпті шикізатпен, құрал-жабдықпен қамтуға қатысуында және тұтынушыға дайын өнім жеткізуінде. Еңбекті географиялық бөлу нәтижесінде көлік өндіріс пен тұтынушыны байланыстыруға үнделген. Осыған сәйкес ел аймақтарының дамуы көліксіз мүмкін емес. Көлік ішкі және сыртқы нарықты дамытуға жағдай жасайды, сондықтан ол экономикалық базаның құрамдас бөлігі болып табылады. Үлкен аумағы мен әркелкі орналасқан халқы бар Қазақстан үшін көлік кешенінің маңызы ерекше.
Көлік түрлері табиғи және жасанды қатынас жолдарын пайдалану бойынша ерекшеленеді. Көлік түрлерінің құрлықтық, су, әуе көліктері болып бөлінетіні тегін емес. Көліктің әр түрі өз мақсатында қолданылады: теміржол - әмбебап, жүк тасымалдауда көшбасшы; автокөліктік – оңтайлы, қысқа қашықтықта жолаушылар тасымалының көшбасшысы; су көліктері мезгілдік сипатта жұмыс істейді; әуе – жылдам және қымбат, ұзын қашықтықта жолаушылар тасымалының, ТЖ кезінде жедел жәрдем көрсетуде көшбасшысы. Сібірден астық, ағаш тасымалдау үшін Новосібір – Барнаул – Семей темір жолы салынған болатын. Түркістан-Сібір магистралі Оңтүстік Қазақстан мен Кенді Алтайда түсті металлургия мен энергетиканы дамыта отырып, Қаратау - Жамбыл АӨК құра отырып Шығыс және Оңтүстік Қазақстанды біріктірді. Трансқазақстандық магистраль (Петропавл - Шу) елдің солтүстік, орталық және оңтүстік аудандарын біріктірді. Табиғи ресурстарды игеру, түсті және қара металлургия өнеркәсіптік тораптарын дамыту мақсатында негізгі магистральдан Орталық Қазақстанның ішкі аудандарына жолдар жүргізілді. Орынбор-Ташкент магистралі Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарын біріктірді. Оңтүстік Сібір магистралі Екібастұз көмір алабын игеруде және Астана қаласын дамытуда зор рөл атқарды. Трансазиялық магистраль (Қытай-Түркия) мемлекетіміздің халықаралық саудадағы транзиттік дәліз ретіндегі рөлін атқарады. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы - магистральдық теміржол желісінің ең ірі отандық операторы, әлемдік көлік жүйесіне енгізілген заманауи көп салалы холдинг.
...