Көлік түрлері
Автор: asilai • Май 23, 2018 • Реферат • 486 Слов (2 Страниц) • 1,038 Просмотры
Білім беру саласы : Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Көлік түрлері»
Мақсаты:
а) Көлік және оның түрлері туралы түсініктерін кеңейту.Көліктердің адам үшін маңызын түсіндіру.
ә ) Балалардың сөздік қорын молайту.Сөйлемді дұрыс құрып сөйлеуге үйрету.
б) Жолда көліктен сақтану туралы түсінік беру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер,ойыншық көліктер.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру.
Сөздік жұмыс: қорабы,дөңгелегі.
Белингвистикалық компонент:көлік-машина.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық | Тәрбиеші шаттық шеңберіне тұрғызады . Біз бақытты баламыз, Шаттанамыз,күлеміз. Асыр салып ойнаймыз. Апайларды тыңдаймыз. | Балалар шеңбер құрып, өлеңді айтады. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік | Тәрбиеші суреттегі көліктерді көрсетіп әңгімелейді. Жерде жүретін көлік түрлерімен таныстырады. Автобус,жеңіл көлік,жүк көлігі. -Балалар,автобус қандай көлік? -Оның құрылысы қандай? «Көлікті ата» ойыны ойналады. Әр түрлі көліктердің суреттерін көрсетіледі. Сергіту сәті. Қатар-қатар тұрайық , Вагондарды құрайық. Жүйткі-жүйткі паравоз, Сапарға біз шығайық. -Балалар, біз бүгін қандай көлік түрлерімен таныстық? Балалармен көлік туралы өлең оқиды. Көлікпен адамдарды тасымалдайды. Көлікпен жүк тасымалдайды. Дидатикалық ойын: «Не жоқ?» Көлік жолынан қалай өтеміз? Дыбыстық жаттығу: -Гу-гу,гу-гуілде, Қалып қойма бәрің де, Пш-пш,пш-пш,біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік.
| Тыңдайды,сұрақтарға жауап береді. -Адам тасымал-дайтын көлік. -Қорабы,төрт дөңгелегі болады.
Ойынға қатысады.
Сергіту жаттығуын орындайды. Автобус, жеңіл көлік, велосипед,жүк көлігі. Тыңдайды,бақылайды. -Үлкендердің көмегімен. -ш,у дыбысын қайталайды |
Рефлексиялық-түзетушілік | «Сөйлемді аяқта» ойынын ойнатады. Мадақтайды. | Ойынға қатысады. |
...