Жоба Қарағанды мекенжай бойынша шойын көлік құрылысы
Автор: almaz2020 • Июнь 26, 2018 • Курсовая работа • 5,746 Слов (23 Страниц) • 799 Просмотры
Кіріспе
Құрылыс және құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру мамандығынына қатысты практикалық білімдерін қалыптастыру мақсатында өнеркәсіптік ғимараттың сәулеттік – құрылыстық жабасының тапсырмалары орындалды. Бұл курстық жұмысты орындау нәтижесінде теориялық білім негізіндегі өндірістік ғимараттың көркем сәулеттік, көлемдік – жобалау, құрылымдық шешімдерді істей алатын мүмкіндікке ие болдық.
Істеліп жатқан жұмыста соңғы замандағы құрылыс материалдардан таңдау талап етілген. Орындалған жұмыста өндірістік ғимараттың көтеруші және төбежабын элементтері зауытта арнайы дайындалған ірі темірбетон конструкциялардан құралады. Сыртқы қабырғалары қабатталған жеңілбетон түрлерінен істелген және жылутехникалық есептеулер негізінде таңдалған стандарттық панелдер.
Жоба Қарағанды мекенжай бойынша шойын көлік құрылысы (құрылыс материалдары, машина жасау, металлургия, химиялық технология, жылу энергетика т.б) өндірісі саласының қажеттілігі, өндірістік қуаты, қызметтік-технологиялық ерекшеліктеріне негізделген. Өндірістік ғимарат құрылымы бойынша 2 қабатты 1 аралықты (крансыз, аспалы немесе көпір кранды, аралас, фонарлы, фонарсыз, аралық биіктіктері бірдей немесе әр түрлі) Негізгі өндірістік құрылыстың жанында жұмысшылар санына байланысты (270) тұрмыстық әкімшілік ғимараттың сызбасы ұсынылған. Курстық жұмыс кіріспе, белгіленген деңгейдегі жоспар, көлденең және бойлық кескін, түйіндер, қасбет, бас жоспар,сыртқы қабырғаның және жабынның жылу техникалық есептеулері, тұрмыстық әкімшілік ғимарат деген тақырыптар бойынша сызбалық есептік бөлімдер мен 26 бет парақ түсіндірме жазба жұмыстарынан тұрады.Сызбалық жобалау жұмыстары көрсеткен құрылыс мекен жайы жөніндегі бастапқы мәліметтерден берілген жеке тапсырмалар бойынша орындалды. Берілген ғимараттың жобалау нормаларын, өлшемдерін таңдағанда ғимараттың ішкі бөліктерін атқаратын қызметіне байланысты 3 топқа бөлінеді: негізгі, қосалқы, даяшылық (қызметтік). Осы бөлмелердің негізгі өлшемдерін жол, бөлме аралық байланыстарды анықтау жоба жұмысының негізгі мақсаты болып саналады.
Жобаның құрылымдық шешімдерін қабылдаған кезде нормативтік өлшемдер бойынша бағандардың құрылымдық жобалау , тіреуаралық өлшемдерді ереже бойынша таңдауға ерекше назар аударылған. Ғимарат сәулеті оның қызметін мақсатына сай және қарапайым бөлінген пішіндік қатынастармен орындалған.
1. Бастапқы мәліметтер
Курстық жұмысты орындауға берілген мәліметтер
Өндірістік ғимарат ірі өлшемді, ауыр технологиялық қондырғылар, бұйымдармен жабдықталған, жоғарғы динамикалық жүктемелер мен қатты дыбыс пен тербелістерінде жұмыс істейтін, құрылыс материалдары, металлургия және машина жасау ауыр өндірістерінің бөлімдері мен цехтерін жайғастыруға арналған.
Құрылыс алаңы Екібастұз қаласында орналасқан. Құрылыс климаттық аймағы – Ів. Қар қыртысы (аймақ) – ІІІ (100кг с/см2). Ең суық 5 күндік температурасы – t=-32С. Ылғалдылық зонасы – құрғақ. Құрылыс алаңы – сейсмикалық емес.[pic 1]
Тапсырмада берілген нұсқа (вариант) -18
Өндірістік кәсіпорынның, цехтың атауы: Көлік құрылысы үшін көпқабатты цех
Ғимараттың технологиялық сұлбасы ХІ, өндірістік цехтің бөлімдері, атаулары:
1.Машиналар бөлімі,
2.Жөндеу шеберханасы ,
3.Ауа тазартқыш бөлмесі ,
4.Электро-қондырғылар бөлмесі ,
5. Желдеткіш камера ,
Аралық өлшемдері : А =24 м;
Аралық биіктігі: h1=7,2 м; h2 =4,8 м;
Ғимараттың ұзындығы : L3=54 м.
Көтергіш крандар : Q = 10 т;
Ішкі есептік температура: + 16 .[pic 2]
Топырағы: Саз
Жер асты суының деңгейі: 4,3
Желдің негізгі бағыты: СБ
Желдің орташа айлық жылдамдықтары, м/с:
Қысқы: Ш -8 , Б -3 , О -2 , С-1, ОШ -5 , СШ -4 , ОБ -1 , СБ -1 ;
Жазғы: Ш -10 , Б -2 , О -1 , С-3, ОШ -9 , СШ -7 , ОБ -2 , СБ -4 ;
Әкімшілік-тұрмыстық ғимаратты есептеуге және жобалауға арналған мәліметтер:
...