Агробизнестің мазмұны, құрылымы, принциптері және агроөнеркәсіп кешені
Автор: 888885555 • Февраль 16, 2018 • Курсовая работа • 7,375 Слов (30 Страниц) • 2,200 Просмотры
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ....................................................................................................................3
I БӨЛІМ. АГРОБИЗНЕСТІҢ МАЗМҰНЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ПРИНЦІПТЕРІ ЖӘНЕ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ.
I.1. Агробизнестің мазмұны және негізгі түрлері. ..............................................5
I.2. Агробизнестің комплексі: агробизнестің ресурстары; ауыл шаруашылық; маркетинг және агросервис. ...................................................................................7
I.3. АӨК-тің түсінігі мен мазмұны. АӨК-тің құрылымы: қорөндіретін салалар; материалды қызметтер; ауыл шаруашылық өндіріс; дайындау, сақтау, өндеу және сату..................................................................................................................8
II БӨЛІМ. АГРОБИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
II.1. Аграрлық өндірістің әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктері мен өркендеуі. ..................................................................................................................13
II.2. Республикадағы аграрлы экономикалық қызметтің және саясаттың негізгі даму бағыттары, формалары және жетістіктері....................................................16
II.3. Қазақстанның экономикалық өндірісін дамытуды мемлекеттік реттеу.......17
III БӨЛІМ АГРОБИЗНЕСКЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР ЖӘНЕ АЗЫҚ – ТҮЛІК ПРОБЛЕМАСЫ
III.1. Нарықтық экономикадағы агроөнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау.........................................................................................................................20
III.2. Агроөнеркәсіп кешені даму үстінде...............................................................23
III.3. Азық-түлік проблемасы және ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы......24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................32
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауылшаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттары аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агро бизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдәстерді оқып үйрену қажеттілігі туады.
70 - жылдардың отандық ғылымында ауылшаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше «агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді, бұдан «агробизнес» те қалыптасты. Агробизнес- ауылшаруашылық тауарларын өндіру және өткізудегі бизнес субъектілері арасындағы, сондай-ақ тауар өндірушілер мен нарықтық инфрақұрылым, кәсіпорындар арасындағы қалыптасқан іскерлік қатынастар жүйесі. Кез- келген бизнес түріндегі аграрлық бизнестің субъектілері кәсіпкерлер, тұтынушылар, жалданбалы қызметкерлер мен мемлекет.
Агробизнеске қатысты мынадай іс- әрекетті жүзеге асыруға болады.
1. Ауылшаруашылығы мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру.
2. Өнімді өткізу мен саудаға салу.
3. Комерциялық дельдалдық.
4.Ауылшаруашылық тауарларын өндіруді материалдық - техникалық ресурстарын жабдықтау.
Алғаш рет 1955 жылы агробизнес терминін Гарворд ( АҚШ ) университетінің профессоры Джон Дэвис қолданған. Автор бұның аясында фермерлік шаруашылықтарды жабдықтауға қажетті өнімді өндірумен бөлу жөніндегі операциялар жиынтығын, сондай- ақ ауыл шаруашылық өнімдерін тасысалдау, сақтау, өңдеу және бөлу мен айналысатын салалардың жиынтығын түсінген. Басқаша айтқанда, агробизнес - бұл «үлкен бизнестің» ауыл шаруашылығын ресурстармен қамтамасыз ететін және оның өнімдерін тұтынушыларға дейін жеткізетін бір бөлігі. Кейіннен агробизнес ұғымы қызметтің салалары мен түрлерінің ретінде ауыл шаруашылық өндірісінің, яғниауыл шаруашылығы үшін ресурстар өндіруден бастап түпкі өнім - азық – түлікті сатуға дейінгі тұтас тізбекті білдіретін болды. Сонымен бір мезгілде бұл «Агробизнес» деп атайтын жеке экономикалық ғылымның зерттейтін аймағына айналды.
...