Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын мектепте пайдалану жодары

Автор:   •  Ноябрь 7, 2018  •  Курсовая работа  •  4,460 Слов (18 Страниц)  •  1,034 Просмотры

Страница 1 из 18

                                                              КІРІСПЕ

          Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде.[2]

Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға.[4]

Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.[5] Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.

           Курстық жұмысының өзектілігі. XXI  ғасыр педагогикасының негізі-жеке тұлға. Оқыту процесінде әр баламен жеке жұмыс жасау,оның қабілеттерін аша білу, мінез-құлқының ерекшелігін ылғи да ескеріп отыру, баланың «Мен» концепциясың қалыптастыру-мұғалімнің міндеті.Осы міндеттерді өз жауапкершілігіне алатын мұғалім-яғни, XXI ғасыр мұғалімі-өз ісінің шебері, жан-жақты дамыған, кәсіби білімі мол маман болуы керек. XXI ғасыр оқушысы- өзіндік пікірі бар, жан-жақты, орасан зор мағлұматтан өзіне қажеттісін ғана алатын , дұрыс шешім қабылдай алатын тұлға.Осындай тұлғаны тәрбиелеу үшін қазіргі педагогикалық технологиялардың ішіндегі оқыту қажеттіліктерін өтей алатын технологиялардың бірегейі- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы деп ойлаймын. Өйткені бұл технология өмірді тануды үйрету технологиясы болып табылады. XX ғасырдың басында Николай Жевахов былай деп жазған еді: «Жақын кезеңде білім берудің мақсаты-оқушының өз сана сезімін ояту, яғни өз ойына сыни тұрғыдан қарап үйренуге үйрету» болады десе, Иммануил Канттың : «Ойға үйретпей, ойлауға үйрету керек» деген сөздері осы уақытта да өз даналығын көрсетіп отыр.Оқушыны ойлауға үйрететін бірден-бір тәсіл-сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

         Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпта өтілетін пәндерде сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану.

        Зерттеу пәні: Жеке тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану жолдары.

Курстық жұмыстың мақсаты: Жеке тұлғаны дамыта оқыту негізінде сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамытып, балаларға терең білім беру.  

Курстық жұмыстың міндеттері:

1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану арқылы жеке тұлға бойына ең озық әдістерді дер кезінде игеру;

2. Сын тұрғысынан ойлау арқылы бала ойын дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу.

...

Скачать:   txt (63.8 Kb)   pdf (201 Kb)   docx (32.8 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club