Тарих қойнауынан сыр Шерткен салт-дәстүр
Автор: what66 • Май 21, 2023 • Реферат • 338 Слов (2 Страниц) • 240 Просмотры
Тарих қойнауынан сыр Шерткен салт-дәстүр
Арзамас Назерке 222кг – тобы
Жалпы салт -дәстүр сөзі мына отырған әр –қайсысымыз үшін киелі ,қасиетті сөз .Салт дәстүр сөзін толығырақ айта кетсем : Әр халықтың діні,тұрмыс тіршілігі ,ұлттық құрамына сәйкес сонау ғасырлардан бері жинақталып ұрпақтан -ұрпаққа жеткен ғұрыптар .Салт- дәстүр қазақ халқының қалыптасуы мен қатар салт дәстүрде дүниеге бірге келді .Бірақта ежелден атадан балаға көшіп ,дамып отыратын тарихи тәлім -тәрбие,рухани іс-әркеті қазіргі таңда ұмыт болып,жоғалып кетті .Бұл шындық. Сол ұмыт болған салт -дәстүрлерімізді бір кітаптан іздендім
Ол кітап 2015 – жылы жарық көрген .
Авторы : Ералы Оспанұлы 1960 жылы Шымкент қаласында тумасы. .
Кітап атауы «Қазақ халқының салт дәстүрлері»
Кітап қазақ мəдениетінің жаңа көкжиектерін – салт-дəстүріміздің еленбей келген тұстарын ашып көрсетеді.Қазақ халқының салт – дәстүрлері кітапта . Аталған кітап туралы белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зайнолла Самашев былай деді: «Өнері қазақтың тереңде жатқан тарихы мен бай мəдени мұрасынан бастау алатын суретші əрі жазушы Ералы Оспанұлының шығармаларының басты қасиеті –өткенді бүгінгі тілмен сөйлете білуінде.
Осы кітап – соның тағы бір айғағы.Автордың бұл шығармасының елге тигізер пайдасы тіпті өлшеусіз, əсіресе халқымыздың дəстүрлі мəдениетінен түрлі себептермен ажырап қалған қандастарымыз үшін таптырмас дүние».Кітаптағы салт дәстүрлер кітапта қазақ халқының көптеген салт дәстүрлері бар .Мəселен, күйеу жігіттің қалыңдық ауылына асау атпен келуінің, сəбиге тілашар тойын жасаудың, келіннің қайындарын есімдерімен емес, ерекше қосалқы есімдермен атауының себептерін түсіндіреді
Деңгене
Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлерді де кездестіруге болады. Солардың бірі – «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабында көрсетілген «деңгене» дәстүрі.Көрші ауылдан келген үш-төрт жігіт алдымен түсетін үйін сайлап алып, сол үйдің жанына барып «Деңгене! Деңгене жеуге келдік» деп айғайлайды. Ал үй иесі бұл сөзді естіген соң, семіз бір қойды сойып, етін түгел қазанға салдыртады. Деңгене дәстүрі бойынша келген жігіттер сол қойдың етін түгелімен жеп, сорпасын ішуі керек. Тауыса алмаса, бір қойды екі қой қылып қайтаруға мәжбүр болған
...