Пандемия кезеңінде білім беру
Автор: mue1e • Апрель 1, 2020 • Доклад • 11,706 Слов (47 Страниц) • 421 Просмотры
№ исх: 121 от: 31.03.2020 |
Пандемия кезеңінде білім беру
ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық
инфекцияның таралуына жол бермеу
жөніндегі шараларды күшейту туралы
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 16 наурыздағы № 1, 20 наурыздағы № 2 және 26 наурыздағы № 6 хаттамаларын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Білім беру ұйымдарының (келісім бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары:
1) оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдары, оның ішінде интернаттарда, жатақханаларда санитариялық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдасын;
2) ағымдағы жылғы 13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салсын (мерекелік, концерттік, мәдени, спорттық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізу және т. б.);
3) білім алушылардың және тәрбиеленушілердің халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуына тыйым салсын;
4) жұмыста осы бұйрыққа қоса берілген Әдістемелік ұсынымдарды пайдалансын, бұл ретте білім беру қызметін көрсету туралы шарттарда, білім беру ұйымдарының жарғыларында және басқа да ішкі актілерінде бекіту мүмкіндігін, осы Әдістемелік ұсынымдарда көзделген білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қарастырсын;
5) осы бұйрықтың 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын ескере отырып, штаттық режимде мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жүзеге асырcын, ата-аналардың (заңды өкілдердің) қалауы бойынша балалардың еркін бару режимін қамтамасыз етсін, коронавирустық инфекция таралу кезеңінде балалар болмаған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар орындарының сақталуын қамтамасыз етсін;
6) штаттық режимде жұмыс істейтін ұйымдарда, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейтсін және күн сайын мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың келуіне мониторинг жүргізсін;
7) орта білім беру ұйымдарында көктемгі демалыстың ұзақтығы - 21 күн (2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірді қоса алғанда ) болып белгіленсін;
8) көктемгі демалыс уақытында педагогтерге қашықтық режимінде (білім беру ұйымынан тыс) жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етсін;
9) орта білім беру ұйымдарында 1-11(12) сыныптарда, оның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-да, халықаралық және жеке меншік орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, 2020 жылғы 6 сәуірден бастап төртінші тоқсанның басынан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін (келісім бойынша);
10) сабақ кестесі мектепалды даярлық сыныптарына, 1-9 сыныптарға сағат 8.30 дан, 10-11 сыныптарға сағат 14.00 ден дүйсенбіден жұманы қосқанда 30 минутқа дейінгі аралықта жасалсын;
11) 2020 ж. 1 сәуірде мектепалды даярлық сыныптарына, 1-9 сыныптарға сағат 9.00 ден, 10-11 сыныптарға сағат 14.00 ден сынама сабақтар өткізілсін;
12) 2020 ж. 2 сәуірде сағат 10.00 де мектепалды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12.00 де 5-9 сыныптар, сағат 14.00 де 10-11 сыныптар ата -аналары үшін «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» жиналысы өткізілсін;
13) 2020 ж. 3 сәуірде сағат 10.00 де мектепалды даярлық сыныптар, 1-4 сыныптар, сағат 12.00 де 5-9 сыныптар, сағат 14.00 де 10-11 сыныптар үшін «Мен қашықтан қалай оқимын?» «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» сынып жиналысы өткізілсін;
...