Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Градуирленген түзу әдісімен темірді (III) фотометрлік әдіспен анықтау

Автор:   •  Декабрь 13, 2022  •  Лабораторная работа  •  297 Слов (2 Страниц)  •  185 Просмотры

Страница 1 из 2

Пән: Аналитикалық химия

Оқытушы: Дүйсенбекова Г.Б.

Күні: 1.11.2022

Топтар :  441 тез

Зертханалық жұмыс реті:  №6

Тақырыбы: Градуирленген түзу әдісімен темірді (III) фотометрлік әдіспен анықтау

Зертханалық жұмыс мақсаты: Стандартты ерітінді үшін темірдің (III) концентрациясын есептеу

Қолданылатын құрал жабдықтар: интерактивті тақта, техникалық карта, дәптер

Пайдаланылатын әдебиеттер: Интернет көздері, Қ.С.Құлажанов «Аналитикалық химия»

Теориялық негізі

Бұл әдіс мынадай химиялық реакцияға негізделген:

Fe3+ +3CNS- → Fe(CNS)3

Түзілген темір роданиді қосылысының қоңыр қызыл түсінің екпінділігі ерітіндідегі темір концентрациясына байланысты. Градуирленген кескін әдісін қолданғанда, концентрациясы әр түрлі темір тұздарының стандартты ерітіндісін дайындайды.

Анализ жүргізу алдында, қажетті жарық сүзгішті таңдап алады. Ол үшін жарық жұтудың негізгі заңдылықтары бойынша белгілі бір ұзындықтағы толқынды шағылыстыруға мүмкіншілігі бар жарық сүзгішті таңдап алады. Бұндай жағдайдың орындалу қажеттілігі екі себептермен түсіндіріледі. Біріншіден талданатын ерітінді арқылы, әр түрлі толқын ұзындықты бірнеше сәуледен тұратын кәдімгі жарықты өткізгенде әр атомдардың бірнеше электрондары бір мезгілде қозады. Екіншіден, бөлшектер жарықты талғамды сіңіреді, белгілі бір толқын ұзындығында жарық сіңіру сирек, ал басқа жағдайда көп мөлшерде, жарық кванттары екпінді сіңіріледі.

Жұмыс барысы

                

Фотоэлектроколориметрді тоқ көзіне қосады. Көлемі 50 мл-лік жеті өлшеуіш колба дайындайды. 6 өлшеуіш колбаға пипеткамен титрі (Т(Fe3+))=0,1 * 10-3 г/мл. Көлемдері 0,5; 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 3,0; мл темір тұзының стандартты ерітіндісінің аликвотты көлемін құяды. Әр колбаға 1мл ден сұйылтылған (1:1) азот қышқылын және 5 мл аммоний роданиді (NH4CNS) ерітіндісін қосады. Әр колбаны сызығына дейін дистелденген сумен толтырып жақсылап араластырады. Жетінші колбаға құрамы белгісіз темір ерітіндісін құяды. Стандартты ерітіндідегідей бұл колбаға да азот қышқылы мен аммоний роданидін құйып, дистелденген сумен толтырып араластырады.

...

Скачать:   txt (4.3 Kb)   pdf (68.5 Kb)   docx (552.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club