Өсімдіктер жүйесінің категориялары мен номенклатурасы
Автор: g_serikkyzy00 • Сентябрь 24, 2021 • Реферат • 283 Слов (2 Страниц) • 540 Просмотры
Өсімдіктер жүйесінің категориялары мен номенклатурасы
Өсімдіктердің филогенетикалық жүйесінің міндеті - жоғарыдағы әдістерді қолдана отырып, жер бетінде тіршілік ететін осімдіктерді сипаттау және белгілі бір жүйеге келтіру. Систематика осімдік дүниесінің филогениясы жайындағы мәселені де, яғни жер бетіндегі өсімдіктердің қалайша дамығандығын, бүл дамудың бағыты және олардың өзара туыстығы қандай деген мэселелерді де шешеді. Ең соңында қандай өсімдіктер пайдалы, қандай өсімдіктер зиянды, соны мен қатар олардың өсіп-өнуін қалай басқару керек деген сұрақтарға да тиісті жауапты осы систематикадан табамыз.
Таксондар
Өсімдіктер систематикасында өсімдіктерді жүйелеуде өзіне тән тілі, ұғымдары және таңбалары қолданылады, Систематикалық бірлікті белгілеуде таксон термині қабылданған. Ол әр түрлі ранггарда болуы мүмкін. Ресми түрде қабылданған және «Ботаникалык номенклатура жөніндегі халықаралық кодексте» жарияланған (орыс тілінде 1959 ж. басылған) соңғы Халыкаралық ботаникалық конгрестің шешімдеріне сәйкес ботаникада мынадай таксондар қабылданды:
Өсімдіктер патшалығы — Regnum vegetabile
• Бөлім - Divisio
• Класс - Classis
• Қатар - Ordo
• Тұқымдас - Ғatmilia
• Туыс - Genus
Классификацияның негізгі бірлігі немесе ең кіші категориясы – түр.
Жақын түрлердің жиынтығы - туыс. Жақын туыстардың жиынтығы тұқымдас. Жақын тұқымдастардың жиынтығы –қатар. Жақын қатарлар класқа біріктіріледі. Бірақ қатармен салыстырғанда кластардың арасында елеулі айырмашылықтар
...