Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өндірістік өнімнің номенклатурасы мен оған сипаттама

Автор:   •  Апрель 27, 2018  •  Реферат  •  11,731 Слов (47 Страниц)  •  749 Просмотры

Страница 1 из 47

Кіріспе

1 Өндірістік өнімнің номенклатурасы мен оған сипаттама

1.1 Шығаратын бұйым номенклатурасы

1.2 Шығарылатын бұйымға қойылатын техникалық талаптар

2 Технологиялық бөлім

2.1 Құрылысқа арналған алаңды таңдау

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер


КІРІСПЕ

Соңғы онжылдықтарда еліміздегі кішкене қабырға блоктарының басым өндірісі олардың конструктивті шешімдерінің қарапайымдылығы мен өндірілуіне, өндірістің төмен қарқындылығына байланысты болды. Бұл конструкцияның таралуы белгілі бір дәрежеде жоғары тиімді жылу оқшаулағыш материалдар өндірісінің шектеулі көлемімен жеңілдетілді.

Керамзитбетон дегеніміз толтырғышы керамзит  түйіршік тәрізді кеуекті материал болып табылатын жеңіл бетон. Керамзит ірі кәсіпорындарда өндіріледі және қатты кеуекті толтырғыштар қолданысында жетекші орын алады. Керамзитбетон Қазақстанда 60 жыл бұрын таралған және біздің климат жағдайларымызға тексерістен толықтай өтіп үлгерді. Керамзитбетоннан жасалған бұйымдар тұрғын үй және өнеркәсіп құрылысында тіреуіш конструкциялар ретінде пайдаланылады. Керамзит, сонымен қатар, толтырғыш ретінде де, жылуоқшаулағыш материал ретінде де қолданылады.

Жоғары маркалы керамзитбетонның көлемдік салмағы ауыр бетондармен салыстырғанда 1,5 есеге аз. Осылайша керамзитбетон қолданысы ғимараттар мен конструкциялар салмағын 30%−ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Керамзитбетонның басқа кеуекті бетондармен салыстырғанда суыққа төзімділік, беріктілік және төзімділік көрсеткіштері айтарлықтай жоғары. Жылу өткізгіш көрсеткіші біршама төмен. Бұл кемшілікті шетелдік құрылысшылар қабырғалық панелдерді тұрғызуда көп қабатты технологияны қолдану арқылы түзетіп отырады. Керамзитбетон басқа ауыр бетондарға қарағанда жоғары кеуектілікке ие, оны арамен кесуге болмайды. Аз қабатты үй құрылысшыларының пікірінше, бұл «кемшілік» ғимаратты пайдалануға бергенде артықшылыққа айналады: мұндай қабырғалардағы бекітпелер берік ұсталады. Керамзитбетон Германия, Голландия, Финляндия, Норвегия және Чехия елдерінде кең қолданысқа ие. Оларға бастапқы шикізат ретінде тек табиғи құрауыштар (саздақтар, ісіндірілген және күйдірілген саздар) қолданылатын болғандықтан «биоблоктар» деп атайды.

Тағайындалуына және физикотехникалық қасиеттеріне қарай керамзитбетон жылуоқшаулағыш, жылуоқшаулағышконструктивті және конструктивті болып бөлінеді.

Жылуоқшаулағыш керамзитбетонның құрғақ күйіндегі көлемді салмағы 300 — 900 кг/м3 және жылу өткізгіштік коэффициенті 0,2 ккал/мсағградқа дейін.

Жылу оқшаулағыш керамзитбетоннан жоғарғы беріктік талап етілмейді және оның аз көлемді салмағы тұтастай керамзит сапасына байланысты болады.

Аз көлемдік салмақты жылу оқшаулағыш керамзитбетон алу үшін арнайы режимде күйдірілген, түйіршіктердің күшейтілген ісінуін және ірі кеуектердің пайда болуын қамтамасыз ететін неғұрлым ірі және жеңіл фракциялы (20—40 мм және одан да көп) керамзит қолданылады. Мұндай керамзиттің көлемдік салмағы 150—200 кг/м3қа дейін жетеді. Одан көлемдік салмағы 350—400 кг/м3 қысу кезіндегі беріктік шегі 10 кг/см2 ге жететін ірі кеуекті керамзитбетон алынады.

...

Скачать:   txt (124.2 Kb)   pdf (1.6 Mb)   docx (1.7 Mb)  
Продолжить читать еще 46 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club