Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұйым қызметкерлерінің ынтасын арттыру

Автор:   •  Февраль 21, 2023  •  Эссе  •  474 Слов (2 Страниц)  •  495 Просмотры

Страница 1 из 2

Раушанова Камила

жерге орналастыру 22-01

Ұйым қызметкерлерінің ынтасын арттыру

         Қазіргі таңда әлемнің қозғаушы күші еңбек. Еңбек бұл - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Нарықтық экономикада адам ресурсы мен еңбегі маңызды рөл атқарады, әрі жоғары бағаланады. Бірақ адамның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ол әрдайым бір психологиялық күйде бола алмайды, яғни әрқашанда оның жұмыс жасау ресурсы өзгеріске ұшырап отырады. Адам ресурсын дұрыс, тиімді басқару бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ал ұйым қызметкерлерінің ынтасын арттыру не үшін қажет?

 Ұйым қызметкерлерінің ынтасын арттыру кез келген компанияның табысының маңызды факторы болып табылады. Қызметкерлердің ынтасын арттыру жұмыс өнімділігіні сақтауға және бизнестің не белгілі бір мекеменің дамуына көмектеседі.  Сондықтан ұйым қызметкерлерінің ынтасын арттыру кез келген басшы үшін маңызды міндет болып табылады. Ал ынта - адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі қызуғышылық ықпалдылығын айтамыз. Былай айтқанда қызметкерді жұмысқа итермелейтін бір материалдық не рухани зат. Ұйымның қалыптасуы, тапқан пайдасы, дамуы тікелей қызметкерлердің тиянақты, жинақы жұмысына тәуелді. Мекеме үшін ұжымдағы адамдардың психологиялық жағдайы, жұмыс  атмосферасы маңызды. Корпоративтік әлемде күнделікті жұмыс бірқалыпты қайталанатын циклдік процесс болғандықтан, олар қызметкерлердің ынтасын, еңбек ресурсын арттыру бағытында жұмыс жасайды. Адамдардың күйзеліске, депрессияға, жұмыстан жалығуына жол бермеуге тырысады. Ұйым қызметкерлерінің ынтасын арттыруының бірнеше жолдары бар.

 Ең алдымен, жұмыс процесін дұрыс ұйымдастыру арқылы қызметкерлердің мотивациясын арттыруға болады. Мекеме өз қызметкерлеріне барлық қажетті құралдар, техникалар мен ресурстарды ұсынуы керек, сонымен қатар олардың міндеттерінің дұрыс орындалуын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, ол қызметкерлерге өз өнімділігін сақтай алатындай демалуға және денені сергітіп алуға жеткілікті уақыт беруі тиіс.

Қызметкерлердің ынтасын арттырудың екінші қадамы-оларға сыйақылар мен бонустар беру. Көшбасшы өз мақсаттарына жету үшін қызметкерлерді ынталандыру жолдарын ойластыруы керек. Бұл ақшалай сыйақы, мереке түріндегі ынталандыру немесе тіпті мақтау болуы мүмкін. Бұл қызметкерлерге ұжымда өзінің рөлін, маңыздылығын, мекеме үшін қаншалықты құнды екенін түсінуге, сезінуге көмектеседі.

...

Скачать:   txt (7.2 Kb)   pdf (58 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club