Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын арттыру
Автор: semsagynbaeva_04 • Июнь 17, 2023 • Реферат • 2,621 Слов (11 Страниц) • 261 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «экономика және бизнес жоғары мектебі»
Кафедрасы «менеджмент және басқару;экономика мамандығы»
СӨЖ
Тақырыбы:_Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын арттыру
Орындаған:_Сағынбаева Әсем
Тексерген:Закарьянова Шынар
Алматы, 2021ж
Мазмұны
1.Кіріспе..............................................................................................3
2.Негізгі бөлім.....................................................................................4-
2.1.Мотивация дегеніміз не?................................................................4
2.2Мотивацияны арттыруға арналған шаралар.................................5
- Қорытынды.......................................................................................8
- Пайдаланылған әдебиеттер саны...................................................9
Қарым қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау
Кіріспе
Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде нарықтық қатынастар үстемдік жүгізуде. Біртекті тауарлар мен қызметтерді ұсынатын фирмалар мен ұйымдар саны өте көп. Нарықтық қатынастарға тән бәсекелестік өте күшті әрі күрделі формаға енген бұндай жағдайда сапалы, тиімді, арзан әрі пайдалы тауарлар шығару кез келген фирманың басты міндеті болып табылады. Ұйымның функциясын іске асыру нәтижесінде ұйымның тұжырымдалған мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін "материалдық" және "әлеуметтік" құрылымдар қалыптасады. Алайда, социалды құрылым материалдық құрылымға қарағанда әлдеқайда күрделі. Яғни, ұйым ішіндегі адамдар тиімді жұмыс жасауы үшін оған арнайы күш пен ресурс арнау қажет. Ұйымның жұмыс жасау мотивациясын арттыру тақырыбы өте маңызды және актуалды тақырып болып табылады. Оның өзектілігі жеке қызметкердің жұмысқа деген ынтасын арттыру арқылы адам капиталына айтарлықтай үлес қосу әрі жеке коммерциялық пайданы тиімді көбейту болып табылады. Бұл тақырыпты зерттеу салыстырмалы түрде жақын уақытта ғана өз дамуын ала алды, себебі осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша кәсіпорындар жұмысшылар үшін мотивациялық орта жасауға жеткілікті түрде назар аудармады. Ал жұмыс берушілер өз кезегінде мотивация беретін факторларды қарамағындағы жұмысшылардың адалдығын арттыру үшін қалай қолданарын білмеді немесе жеткілікті түрде қолдана алмады. Мемлекеттік, жеке және корпоративтік кәсіпорындар іс жүзінде нарықтық қатынастардың дамуы мен сәттілігі еңбекке ынталандыру мен ынталандырудың жаңа заманауи нысандарын біріктірусіз мүмкін емес екенін түсіне бастады. Сондықтан қазірде кәсіпорындар мен жұмыс берушілер басты назарды персоналға бөліп, жұмысқа қабілетті және мотивацияға толы команда құруға тырысады. Ынталандырудың әртүрлі тәсілдері мен жолдары кездеседі. Соларды талдап өткен жөн.
Негізгі бөлім
Мотивация дегеніміз - әрекетке ынталандыру; адамның мінез-құлқын басқаратын, оның бағытын, ұйымдастырылуын, белсенділігі мен тұрақтылығын анықтайтын психофизиологиялық процесс; адамның өз қажеттіліктерін белсенді түрде қанағаттандыру қабілеті. Ол жеке, ұжымдық және танымдық мотивация болып бөлінеді. Кәсіпкерлік үшін үшеуінің де маңызы зор. Мотивациядағы ең басты зат - оның адамның қажеттіліктерімен үздіксіз байланысы. Адам қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаған сәтте, қысымды азайтуға тырысады. Жұмыс барысында адам әлеуметтік, физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Статистика бойынша, 85-90% жұмыс жасаушы адамдар сол жұмысын негізінен қарапайым қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданады екен, мысалы,тамақ, киім, тұрғын үй, т.б. Проффессионалды еңбек адамға әлеуметтік қажеттіліктері үшін де керек, мысалы престиж, жұмыс жасаудан алатын ләззат және т.б. Табысты еңбек жасауға мотивациясы бар ұжым материалды табыс табудан бөлек айналадағы адамдар жақсы әсер қалдыруға, олармен жақсы қарым-қатынас құруға, өзін-өзі растауға, дамуға және басқа адамдарға ықпал етуге ұмтылады. Мотивациялық процесті зерттеудің ғылыми тәсілдері 19 ғасырдан бастап қалыптаса бастады. олар, ең алдымен, психологиялық ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда мотивацияның мазмұнды және процедуралық теорияларына негізделген екі тәсіл бар. Бұл теориялар адамдардың мінез-құлқын олардың қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланыстыратын механизмдерді көрсетеді. Қарастырылған теориялардың ішінде:"А.Маслоудың иерархиялық теориясы", "к. Альдерфердің өмір сүру, тиесілі және өсу теориясы" , "Д. Маккеландтың үш қажеттілік теориясы" . Бұл теориялар бойынша, адамда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттіліктер болады:
...