Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру

Автор:   •  Апрель 25, 2022  •  Эссе  •  636 Слов (3 Страниц)  •  879 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

        СӨЖ[pic 1]

Тақырыбы: "Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру"

Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»

Кафедрасы: «Рекреациялық география және туризм»

Орындаған: Шәріпулла Асыл Аманатқызы

Тексерген: Борбасова Гульнур Нурсаиновна

                                 Алматы 2022

    Белгілі бір ұйымда жұмыс жасайтын қызметкердің өз жұмысын жақсы көріп, талпыныспен жұмыс жасауы үшін оларды жұмысына мотивацияландырып тұру маңызды. Әрине, егер өз істейтін жұмысын, ұйымдағы позициясын қызметкер ұнатпаса бұл критерийлер оның жұмыс жасау талпынысына кері ықпалын тигізуі мүмкін. Сол себептен әр қызметкердің орнын бағалап, оның ұйымдағы мүшелігін жоғары түрде бағалай білу қажет.
       Қызметкер, жұмыскер — жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Олардың қаншалықты білімділігі, еңбекке қабілетті болуына байланысты оның ұйымдағы маңызы арта түседі.  Белгілі бір ұйымда жұмыс істемес  бұрын оған орналасу үшін де бірнеше жетістіктерге жетіп, оқу орнын бітіру керек деген критерийлер кездесуі мүмкін. Жәнеде жұмысқа орналасу барысында ең алдымен сұхбат алынады. Тек қызметкерді өз ұйымында істеуге лайықты деп есептегенде ғана оны осы ұйымның мүшесі деп есептейді. Осындай жоғары біліктілікпен келген адамдардың орны ұйымның жоғары өрлеуіне әкелетін бірден-бір маңызды күш болып табылады.
        Мотивация (ағылш. 
motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Өз ісіңе құлшыныспен атқару, өнімділігіңізді арттыру үшін, жаман әдеттерге берілмей, еріншектікті жою үшін әр адамзатқа керек дүние- ол мотивация.  
       Мотивацияға қол жеткізудің әр түрлі қырлары бар. Ол ең алдым адам баласы нені армандаса, нені мақсат етсе, сол дүниеге байланысты мотивация пайда болуы мүмкін. Мысал ретінде қарастырсақ, егер сіз белгілі бір жерге немесе затқа барғыңыз, көргіңіз, иемденгіңіз келсе, сол нәрсеге қол жеткізудің әр амалын қарастырасыз. Сол арманыңыз (мақсатыңыз) сіздің мотивацияның көзі болып табылады.Ол амалдың орындалу тәртібі, қиындылық дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін.Ол жұмыс қиын болсада, ол жұмыстың нәтижесі үшін тырысасыз. Нәтижеге қол жеткізуіңіз ең алдымен сіздің қаншалықты мотивацияланғаныңызға байланысты болады.
      Жұмыскерлердіңде өз жұмысын жақсы орындауы үшін оларда  мотивация көзі болуы маңызды. Оларға жұмысы не үшін ұнайды? Неге осы ұйымды таңдады? Жұмыс істеуінің басты мақсаты қандай? -деген сұрақтар тууы орынды. Осы сұрақтардың жауабы арқылы жұмыскердің мотивация көзі не екенін, және қаншалықты  жұмысын құлшыныспен орындай алатыны туралы біле аламыз. Басшы ретінде өз қол астындағы жұмыскерлердің мотивациясын арттыру үшін тырысу керек. Ол үшін мынадай кеңестер берер едім:
1. Олармен жақсы қарым-қатынаста болу
2. Жалақысын көтеру
3. "Үздік жұмыскер"-ді белгілеп көрсету
4. Сияқы беру
    Жәнеде әр адам үшін мотивациясын арттыру көзі ретінде кітаптар да өте жақсы септігін тигізеді. Әр кітаптың авторы өз өмірінің тәжірибесін қағаз парағына сусындайды. Оларды оқу арқылы өмірдік тәжірибе алып, тұлғалық дәрежеде дамимыз. Өз өмірімде жақсы көмектескен кітаптар ретінде
• Книга Вальдшмидт Д.: БУДЬ лучшей версией себя. Как обычные люди становятся выдающимися
(Дэн Вальдшмидт)
• Магия утра (Хэл Элдор)
• Богатый Папа, Бедный папа   (Роберт Кийосаки) және  т.б.

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (152.2 Kb)   docx (61.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club