Сапалық анализдің жіктелуі
Автор: Aitonkaaa • Октябрь 23, 2021 • Контрольная работа • 42,704 Слов (171 Страниц) • 475 Просмотры
ІІ. ЗАТТЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ
2.1. Сапалық анализдің жіктелуі
Сапалық химиялық анализдің мақсаты – зерттелетін заттың сапалық құра-мын анықтау, яғни анализ жасалып отырған объектінің құрамы қандай бөл-шектерден (иондардан, атомдардан, молекулалардан) тұратынын анықтау. Сонымен қатар сапалық анализдің негізінде заттардың идентификациясы жатыр, яғни белгілі стандартты ерітіндімен сәйкестендіре отырып құрамы белгісіз заттарды анықтау.
Көпшілік жағдайда анықтаудың химиялық әдісі өзінің орындалу қарапа-йымдылығымен, сезгіштігі және дәлдігімен басқа химиялық емес әдістерден ұтымды. Химиялық әдістер – химиялық реакцияларға негізделген, яғни химиялық реакциялар нәтижесінде ерітіндінің сыртқы эффектілерімен: түсі-нің өзгеруі, тұнбаның түсуі газдың бөлінуі, ерітіндінің әсерінен жалынның түсінің өзгеруімен байқалады. Айрықша қосылыс түзетін реакцияларды ана-литикалық реакциялар деп атайды. Химиялық өзгерістерге себеп болатын заттар реактивтер немесе реагенттер деп аталады.
Зат құрамының қандай элементтерден тұратынын анықтау – элементтік талдау деп аталады.
Анықтайтын элементтің зат құрамында қандай фазада екендігін және осы зат құрамының қандай фазалардан тұратындығын анықтау – фазалық талдау деп аталады.
Сапалық анализ әдісінде көбіне ерітінділермен жұмыс жасалады (құрғақ затты ерітіндіге көшіреді). Еріген заттар катиондар және аниондар түрінде ұшырасатындықтан, катиондардың анализі және аниондардың анализі деп бөлуге болады.
Ерітіндіге көшкен катиондарға анализ жасауды жеңілдету үшін олардың бойына тән ұқсас, ортақ қасиеттерін және белгілі бір реагенттерге ортақ әсерін ескере отырып катиондардың анализін бірнеше топқа жіктеуге бола-ды: күкіртті-сутектік, қышқылдық-негіздік және аммиакты-фосфатты әдістер.
Жалпы химия және биология пәнінің мұғалімдерін даярлауда сапалық анализдің әдістемелік және педагогикалық маңызы зор.
Сапалық анализ болашақ химия пәні мұғалімінің ойлау қабілетін дамытып, логикалық қорытындылар жасауда, химиялық құбылыстарды, олардың әре-кеттесуінің арасындағы байланыстарды талдауда және ғылыми тұрғыдан көз-қарасын арттыруда маңызы зор.
Сонымен қатар қазіргі таңдағы экологиялық объектілердің анализі де осы аналитикалық анализдердің көмегімен іске асады. Қарапайым классикалық сапалық анализ басқа анализдердің бастамасы болып табылады.
Катиондар анализінің күкіртсутекті әдісі
Ортақ реагенттері НС1, H2S, (NH4)2S және (NH4)2CО3 болып табылатын катиондарды анықтаудың жүйелі жолы XVIII ғасырдың соңында ұсынылған болатын. Аналитикалық химияда біраз уақыт бойы осы әдісті пайдаланып келді, тек ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана оны басқа әдістермен ал-мастыра бастады. Сапалық анализдің сульфидтік жүйесі денсаулыққа зиянды күкірттісутекті пайдаланатындықтан қазіргі таңда онымен жұмыс жүргізіл-мейді деуге болады.
Сапалық талдаудың сульфидтік жүйесі сульфидтердің, хлоридтердің және карбонаттардың ерігіштігін негізге алған. Олардың ерігіштігінің түрлілігіне қарай элементтердің катиондарын бес аналитикалық топқа бөледі.
Кесте 1. Катиондар анализінің күкiртсутекті әдісі
Топ | Катиондар | Топтық реагенті | Тұнба құрамы | Алынатын қосылыстардың сипаттамасы |
І | Li+, Na+, K+, NH4+, Mg2+; | Жоқ | _ | _ |
ІІ | Ва2+, Са2+, Sr2+; | (NH4)2СО3 Аммиакты-буферлік қоспа қаты-сында (рН≈9,2) (NH4ОH + NH4Cl) | BaCO3, CaCO3, SrCO3 | Суда ерімейтін карбонат-тар МеСО3 түрінде тұнба түзеді.Аммоний сульфиді және күкіртті сутекпен тұнба түзбейді |
ІІІ | Al3+, Cr3+; Fe2+, Fe3+, Ni2+, Со2+, Mn2+, Zn2+ ; Ве2+ | (NH4)2S; (NH4ОH + NH4Cl) (рН ≈ 9,2) | Al(OH)3, Cr(OH)3, Fe2S3, FeS, ZnS, CoS, MnS, NiS, Be(OH)2 | Суда ерімейтін сульфид-тер және гидроксидтер (Al3+, Cr3+) түрінде тұнба түзеді |
IV | Сu2+, Cd2+, Hg2+, Ві3+, Pd2+,* Sb3+, Sb5+, Sn2+, Sn4+, As3+, As5+ ** | H2S; (НСl) (рН = 5) Na2S, (NH4)2S (NH4ОH + NH4Cl) (рН ≈ 9,2) | CuS, CdS, HgS, Bi2S3, PS; Na3SbS3, Na3SbS4, SnS, Na2SnS3, | Сульфидтер түрінде тұнба түзеді. Сульфидтері суда және минералды қышқыл-дарда ерімейді. * – сульфидтері Nа2S және (NH4)2S –де ерімейді; ** – сульфидтері Nа2S және (NH4)2S –де ериді; |
V | Ag+, Pb2+, Hg22+; | НСl | AgCl, PbCl2, Hg2Cl2 | Хлоридтері суда да, сұйы-тылған қышқылдарда да ерімейді. |
...