Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тайм-менеджмент ұйым жұмысының тиімділігін арттыру құралы ретінде

Автор:   •  Март 30, 2022  •  Курсовая работа  •  19,862 Слов (80 Страниц)  •  541 Просмотры

Страница 1 из 80

Тақырыбы:

Тайм-менеджмент ұйым жұмысының тиімділігін арттыру құралы ретінде.

Мазмұны

Кіріспе.ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

1.1.Тайм-менеджмент түсінігі, мәні және мазмұны.

1.2.Тайм-менеджменттің әдістері мен құралдары.

1.3.Тайм-менеджмент шетел тәжірибесінде.

2-бөлім. “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕР ОДАҒЫ ҰЙЫМЫНДА” ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ ҚҰРАЛДАРЫН ЕНГІЗУДІ ТАЛДАУ.

2.1. “ҚР-ның Жобалық менеджерлер одағы” ұйымындағы ұйымдастырылымдық-экономикалық  қызметін талдау.

2.2. Ұйымдағы тайм-менеджмент құралдары арқылы тиімділікті арттыруды талдау.

2.3.“ҚР-ның Жобалық менеджерлер одағы” ұйымына тайм-менеджмент(бағалау әдістері) әдістерін қолдануды талдау.

3-Бөлім. ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҰЙЫМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМІДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

3.1.Қазақстандық ұйымдарда тайм-менеджмент құралдарын жетілдірудің бағыттары.

3.2. “ҚР ЖМО” ұйымының корпоративті тайм-менеджментін құрастыру және жүзеге асыру үдерісін жетілдіру.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Кіріспе.

Кез келген ұйымның құрылған сәттен бастап дамуы оның негізігі мақсаты мен соған сәйкес ұйымдастырылған жоспарларының негізінде жүзеге асады. Бұл жоспарлар белгілі бір уақыт ішінде өлшенетін және қолжетімді болуы шарт. Мақсаттарға жету үшін бұл жоспарлар ретін нақты уақыт бірлігі ішінде жүзеге асыруымыз керек. Қазіргі таңдағы нарықтағы күнделікті тынымсыз өзгерістер, сұраныстарға жылдам әрі сапалы жауап беру қажеттілігі, күнделікті күтпеген шақыртулар мен қоңыраулар, жоспарланбаған клиенттермен кездесулер, маңызды істерді кейінге қалдыру, ұжымдағы жұмыстарды жүзеге асыруда жүйелі кестенің болмауының бәрі негізгі ресурс уақытты жүйелі ұйымдастыру қажеттілігін туғызады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі-жүйелі ұйымдастырылған корпоративті тайм-менеджмент ұжымдық жұмыс жүргізу барысында әріптестер мен басшылықтың жылдам әрі сапалы ақпарат алмасуымен жүзеге асырылып, ұжымдық жұмыстың жақсы нәтиже көрсетуіне жағымды ықпал жасайтын технологиялар жиынтығы. Уақыт кез келген кәсіпорын бәсекеге түсетін негізгі үш көрсеткіштің бірі.Кез келген жеке тұлға жұмыс барысы уақыты мен жеке уақытын дұрыс ұйымдастыра білуі арқылы жеке басының дамуы мен тиімділігін арттыра алады. Ұжымдық және командалық уақытты ұйымдастыру барысының жауапкершілігі өте зор.Себебі, жұмыс жүргізу барысында табыстылықты арттыруға әсер ететін көрсеткіш уақыттың маңызы зор болып табылады. Ұжымдық жұмыс жүргізу барысында басшылық ұйым мүшелері арасында тайм-менеджментті енгізу үшін ең алдымен бақылаулар жүргізу қажеттіліг туындайды. Жұмыс уақытының қызметкерлер арасында қалай пайдаланылатындығын бағалау, қай іс-әрекетке көбірек назар аударып жұмсайтындығын анықтау барысында олардың негізге құндылықтары мен көзқарастарын анықтауға болады. Сонымен қатар бақылау және талдау жүргізу арқылы қызметкерлердің жұмыс уақытындағы биоритмін анықтауға болады. Бұл бақылаулар ұйымға ұжымдық тайм-менеджментті енгізу үшін қажет. Кез келген іс-әрекетті жүзеге асыру барысында қызметкерлер бір-бірімен байланысқа түсу қажеттілігі туындайды. Және бұл байланысты жүзеге асыру үшін әр сәт сайын қызметкерлердің бір-бірімен сөйлесіп, қоңырау шалып немесе басқа бөлімдерге баруға тура келетін жағдайлар туғызуы мүмкін. Бұл жұмыс жүргізіп отырған қызметкердің уақытын алып, басқа мәселеге алаңдатып немесе ойлаған ойын ұмыттыруы мүмкін. Бұдан бөлек жоспарлары бойынша атқару керек жұмыстар ретін өзгертуге әсер етеді. Бұл командалық тайм-менеджментті қалыптастыру қажеттілігін туғызады. Сонымен қатар қызметкерлердің басшының рұқсаты керек жұмыстарға немесе басшылықпен кеңесу керек жағдайларға байланысты кездесулер ұйымдастыру барысында өзінің уақытын бөлгенімен басшымен қай уақытта кездесуге болатындығы туралы ақпараттың болмауы көп қиыншылықтар туғызуы мүмкін.Сонымен қатар жұмыс жүргізу барысында күтпеген қоңыраулар мен жоспардан тыс кездесулердің орын алуы жұмыс күнінің соңында қызметкердің маңызды, атқару керек жұмысының жүзеге аспағандығын білуі уақытты ұйымдастыра білу қабілетінің қажеттілігін туғызады.

...

Скачать:   txt (281.8 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (256.3 Kb)  
Продолжить читать еще 79 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club