Авиажелілердің жұмысын қайта реттеу
Автор: Сунгат Хами • Ноябрь 21, 2019 • Статья • 269 Слов (2 Страниц) • 311 Просмотры
Авиажелілердің жұмысын қайта реттеу
1) Бұл стратегия «Пьемонт Эрлайнз» компаниясы үшін жақсы табыс әкелді. Себебі, ірі компанияларға қарағанда кішігірім қалаларға баратын клиенттерді өзіне қарай тартты. Сөйтіп компаниялармен бәсекелестігі төмендеді. Компанияның кішігірім қалаларға реактивтік ұшақтарды ұшыруын өте тиімді және үнемді шешім деп ойлаймын. «Пьермонт Эйрлайнз» компаниясының акциясының өсуі ол уақытша құбылыс деп ойлаймын. Себебі, компания мемлекеттің авиакомпанияларға материалдық көмегін қысқарғаннан кейін, олардың негізгі табыс әкелу көзу кішігірім қалаларға маршруттарды жаңарту болып келді. Осы жайлы «Ширсон Леман Бразерс» компаниясында жұмыс жасайтын Роберт Джедикенің айтқан тұжырымдасын дұрыс деп санаймын.
Егер де олар Дейтон,Шарлотта қалаларынан басқа да кішігірім қалаларға рейстерін көбейтсе бұл оларға жақсы табыс әкеледі деп ойлаймын. Рейстерді де біртіндеп көбейтсе бұл стратегия мерзімі компания үшін ұзаққа жарауы мүмкін. Өйткені, сұраныс көбейсе ұсынысты да көбейткен қажет.
2) Бұл стратегияның тиімді және тиімсіз жақтары көп. Тиімді жақтарына келетін болсақ бұл өте табысты стратегия болып келеді. Өйткені,ірі компаниялар көбінесе үлкен қалаларға негізделеді,ал кішігірім қалаларға олардың қызығушылығы жок. Ал «Пьемонт Эрлайнз» компаниясы кішігірім қалаларға рейстерін ұшыра бастады. Және бұл үнемдірек болып шықты. Себебі,өндірістік шығындарын айтып өтсек бұл компания кішірім қалаларға ұшу үшін реактивтік лайнерларды пайдаланды. Бұл дегеніміз олардың дизельге деген шығындары азырақ болды. Жалақы көлемін де азайту бұған себеп болды.
...