Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпорынды басқару жүйесінің жұмысын және қаржы-шаруашылық жағдайын бағалау

Автор:   •  Апрель 11, 2018  •  Реферат  •  7,296 Слов (30 Страниц)  •  1,134 Просмотры

Страница 1 из 30

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................

3

1 Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық іс-әрекеті........................................

5

2 Кәсіпорынды басқару жүйесінің жұмысын және қаржы-шаруашылық жағдайын бағалау.................................................................................................

18

2.1 Кәсіпорынның ресурстық әлеуетін талдау..................................................

18

2.2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметі бағалау............................................

23

2.3 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайын талдау..............................

32

Қорытынды және ұсыныстар..............................................................................

38

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................

39

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына жаңа өршіл мақсат қойып отыр. Ол – әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру [1].

ҚР ауыл шаруашылығы әлемдік азық-түлік нарықтарына ықпалдасты және сауда теңгерімін қалыптастыруға белсене қатысады. Алайда, АӨК қайта өңдеу өнімдерінің көптеген түрлері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігі қалыптасты, жеміс-көкөніс өнімдері, етті және сүтті қайта өңдеу өнімдері бойынша импортқа тәуелділік деңгейі жоғары [2]

Еліміздің ауыл шаруашылғын дамыту мен ауыл шаруашылық өнімін өңдірушілердің бәсекелестігіне барынша қабілетті агроқұрылымдарын ұйымдық-құрылымдық, саяси-құқықтық, ғылыми-техникалық және иновациялы – технологияны жетілдірудің маңызы аса зор. Ауыл шаруашылығы саласы – Қазақстан экономикасының негізгі буыны, ежелден келе жатқан дәстүрлі ұлттық кәсібіміз, орны толатын стратегиялық табиғи байлығымыз. Жалпы осы айтылған мәселелердің іші-сыртында көптеген саяси-әлеуметтік, ұйымдастыру, қаржылық, кадрлық, техникалық мәселелер жатыр. 

Диплом алдыңдағы тәжірибенің мақсаты мамандық бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:

- практикалық тұрғыдан дағдылану, тәжірибелік есеп жұмысын дайындау үшін қажет ақпарат жинақтау.

- университет қабырғасында алынған теориялық білімді практикада қолдану тәжірбесін кеңейту арқылы тиімді жұмыс нәтижесіне қол жеткізу;

-тәжірбиелік есеп жұмысын дайындау барысында өндірісте қаржылық есеп жүргізілуінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, жұмыс мәнін терең зерттеу.

Зерттеу объектісі «Агрофирма «Ақтық» акционерлік қоғамының шаруашылық-қаржылық жағдайы.

1 Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық іс-әрекеті 

«Агрофирма «Ақтық» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және басқа да заңдарға сәйкес кәсіпкерлік қызметтін реттейтін заңдарына сәйкес құрылған.

«Агрофирма «Ақтық» акционерлік қоғамының орналасқан жері: Қазақстан республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Воздвиженка ауылы. Қазір Көкшетау облысы, Малиновка ауылына қарасты болып табылады. Астана қаласынан 25 шақырым ара қашықтықта орналасқан.

«Агрофирма «Ақтық» акционерлік қоғамының 1962 жылы колхоз болған. Кейін 1962 жылдан бастап колхоздардың бірігу нәтижесінде совхозға айналған. 1996 жылы Воздвиженка совхозында ЖШС болып құрылып қызмет көрсетті. Кейін 2002 жылы  жұмыскерлер санының, жарғылық қорының  көбеюінен  акционерлік қоғам болып құрылды. Акционерлік қоғам – жарғылық капиталы акцияларға бөлінген қоғам болып табылады. Акционерлік қоғам қатысушылары қоғамның жұмыс бабындағы міндеттеріне, тәуекелділік шығынына жауап бермейді. Жыл соңында акционерлер дивидент алып отырады.

...

Скачать:   txt (109.7 Kb)   pdf (439 Kb)   docx (83.3 Kb)  
Продолжить читать еще 29 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club