Несеп бөлу ағзалары қысымды реттеу
Автор: Nurzada • Март 3, 2018 • Реферат • 1,224 Слов (5 Страниц) • 904 Просмотры
Несеп бөлу ағзалары қысымды реттеуде,организмде су тепетеңдігін және натрий,калий,хлор,кальций,фосфор және басқада элементтер иондарының концентрациясын сақтауда,зат алмасудың соңғы өнімдерін және организмге жат заттарды сыртқа шығаруда үлкен роль атқзарады.
Несеп бөлу жүйесі ауруларының жіктелуі клиникалық анатомиялық заңдылықтарға негізделген:бүйректер аурулары, бүйректер астаушаларының, несеп жолдары түтікшесінің, қуықтың және уретраның аурулары.
Несеп синдромы несептің мөлшері мен бөлінуі жиілігі өзгеруімен, оның физикалық химиялық қасиеттерінің өзгешеленуімен сипатталады.
Ісіну синдромы қабақтың,төс астының,іштің,ішкі жағының,тері асты шелінде ісінулер дамуымен байқалады.
Жүрек қантамыр синдромы артериялық қысымның көтерілуімен,тамыр соғуымен сипатталады.
Ауырсынуы синдромы жалған шаншулар және несеп бөлудің қиындауымен байқалады, несеп бөлу жүйесі ауруларын диагностикалауда маңызы зор, әсіресе несептің бөлінуінің кідіруімен немесе несеп жолдарының бітеуімен өтетін ауруларда.
Уремиялық синдром организмде азотты шлактар және олардың миға әсерлерімен сипатталады.Бұл синдром жалпы әлсіздікпен, күйзелумен сипатталады.
Уроцистит (Urocystitis) - қуықтың кілегейлі қабығының қабынуы.Жиі ірі қара мал, шошқалар және ет қоректілер (әсіресе қаншық )ауырады
Себептері.Қуықтың қабынуы негізгі және туындаған болады.Соның ішінде туындаған уроцистит жиі кездеседі.Қуық қуысында жиі әртүрлі микроорганизмдер болады: стрептококктар, стафилококктар,эшерихиа коли, коринебактериялар. Несеп шығару жолдарында микрофлора қысқа қынаптан қуыққа келіп түседі.Қынапта микроорганизмдер қолдан ұрықтандыру кезінде ластанған инструменттерден, туғаннан кейінгі асқынуларда (шудың түспеуі,эндометрит,вагиниттер) пайда болады.
Несептегі микроорганизмдер қуықтың кілегейлі қабығы мүмкіндік туғызатын себептерден қабынады:катетеризация дұрыс жүргізбегендіктен, қуықтың кілігейлі қабығының жарақаттануы несеп тастарымен, гелминттермен(ит, терісі бағалы аң капилляриозы).
Қуықтың буаз болған жатырмен, үлкейген мес қарынмен және құрсақ қуысының ағзаларымен қысылуы және уретраның структурасы бітелуі несептің жиналуына және ыдырауына соқтырады, ал бұл тек қана мүмкіндік тұғызатын ғана себептер емес олар негізгі уроциститті туғызады.Спорт жылқылары мен үйде ұстайтын иттерде несептің кідіруі аурудың жиі себебі болады.Кейде сиректе болса негізгі уроциститтің себебі жіті тітіркендіргіш заттарды дұрыс пайдаланбағаннан туындайды(скипидарды,формальдегидті,кантаридинді).
Туындаған уроциститтер қабыну процесі жыныс мүшелерінен, бүйректерден, несеп жолдарынан,уретрадан (несеп ағардан), шәует түтігінен, қуық безінің таралуынан пайда болады.Қуыққа патогенді микроорганизмдер гематогенді, лимфогенді жолдармен әкелінуі мүмкін,ол негізінен жақын жатқан ағзалардан келіп түседі, мысалы перитонитте(іш перденің қабынуында).
Дамуы.Урогенді,гематогенді немесе лимфогенді жолдармен қуыққа келіп түскен микроорганизмдер түріне және патогенділігіне байланысты кілегейлі қабықты тітіркендіреді және оны қабындырады,ол ыдыраған несеппен қуаттандырылады.Пайда болған эксудат, сыпырылып түскен және некрозданған эпителий жасушалары,несепке келіп түсіп,микроорганизмдердің белсенділігін арттырады.Жиналған қабыну процесінің,ыдыраған несептің өнімдері және микроб токсиндері кілегейлі қабықтың рецепторларын қосымша тітіркендіреді,соның салдарынан қуық және оның сфингтері жиі жиырылады, сол себепті несеп бөлгісі келеді және ыңырсыған поллакиурия болады.Қабыну өнімдері қанға сіңіп, организмді улайды,дене қызуы көтеріледі, ауру малдың жалпы жағдайы нашарлайды.
Патологиялық -анатомиялық өзгерістер.Қабыну процеснің ұзақтылығына, қарқындылығын және сипатына байланысты болады.Катарльды уроциститте кілегейлі қабық гиперемияланады және ісінеді, ол тұтқыр кілегейлімен қапталған, геморрагиялық циститте ошақты қанталау, фибриноздыда - сары түсті фибрин пластинкалары қонған,іріңдіде ойық жаралы ыдырау және абцестер (іріңдік), олар қуық қуысына немесе қоршаған клетчаткаға жарылуы мүмкін, онда парауроцистит туығызады.Созылмалы циститте кілегейлі және ет қабаттарында гипертрофия дамиды.
...