Фосфорлы тыңайтқыштар және олардың ауылшаруашылығындағы маңызы
Автор: Aitu • Апрель 23, 2018 • Реферат • 2,455 Слов (10 Страниц) • 2,508 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Фосфорлы тыңайтқыштар және олардың ауылшаруашылығындағы маңызы
1.2 Фосфорлы тыңайтқыштардың жіктелуі
1.3 Фосфор тыңайтқыштарының алынуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Алғашқы фосфорлы тыңайтқыш ретінде топырақты фосфорлы ұн пайдаланылды. Оның өндірісі ХІХ ғасырдан басталады. Оны фосфатты шикізатты байыту арқылы алады. ХХ ғасырдың басталғанынша фосфорлы тыңайтқыш ретінде сүйек ұнын және тыңайтқыштарды қолданды, фосфат пен сүйектерді қышқылды өңдеу арқылы алады. Төменгі сапалы суперфосфот және преципитат түрінде алынады. ХХ ғасырдың басында Ресейде бұл әдіс бойынша 13 завот жұмыс жасап, жылына 129 мың тонна суперфосфат өндірді.
Фосфорлы минералды тыңайтқыштың технологиясының келешекте дамуы елдегі фосфатты кен қалдықтарының ашылуымен және енгізілуімен байланысты. 1928-1932 жылдар кезеңінде еліміздегі ауыл шаруашылық химизация тапсырмасын шешу үшін ірі суперфосфатты заводтар Константиновкада, Воскресеньскіде және Ленинградта ашылды, жылына 1,25 мың тонна өнімділікпен. 1930 жылдан бастап фосфорлы шикізат импорты тоқтатылды және өндіріс әйгілі фосфоритке ауысады, оның ішінде апатит концентратын, апатито – нефелинді флотациясын өндіріді. Осы жылдарда өте қарапайым суперфосфат өндірілді. Осы жылдарда экстракциялық фосфорлы қышқыл алу үшін әртүрлі қышқылдармен фосфатты шикізат ыдрату процесінің технологиялық режимін жасау және химия-физикалық негізін үйрену басталады, фосфор негізінде концентрацияланған және коплексті минералды тыңайтқыштар өндірілді: қос суперфосфотта, аммофосты, нитроаммфос және басқалар. 1934 жылы Воскресеньскіде және 1936 жылы Ақтөбеде концентрацияланған фосфорлы тыңайтқышты- преципитатты өндіру цехтары ашылды. Нәтежесінде 1940 жылы еліміздегі фосфорлы тыңайтқыш өндірісі 4,4 млн. тоннаны құрады, ал 1950 жылы 2,4 млн. тоннаға жетті.
1.1 Фосфорлы тыңайтқыштар және олардың ауылшаруашылығындағы маңызы
Қазіргі кезде ауылшаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар органикалық, жасанды (азотты, фосфорлы, калийлі, микроэлементті) және жергілікті ( көң, шымтезек, күл), жәй, күрделіқұрамды деген топтарға бөлінеді.
Фосфорлы тыңайтқыштар- өсімдік құрамына қажетті фосформен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын минералдық және органикалық заттар.
Бір гектар жерге егілген дақыл бір вегетациялық кезеңде 60кг Р2 О5 игереді. Оның көп мөлшері топыраққа қайтпайды. Сондықтан топыраққа белгілі мөлшерде фосфорлы тыңайтқыштар енгізіліп отыруы қажет.
Фосфордың негізгі бөлігі өсімдік өсіуінің бастапқы сатысында жұмсалады, себебі ол тамыр жүйесінің дамуын жеделдетуге жауапты. Фосфор қосылыстары ескі ұлпалардан жасына қайта пайдалану үшін оңай көшіріледі, бұл құбылыс «реутилизация» деп аталды.
Фосфор болмаған кезде өсімдік дақылдарының дамуының кешігуі байқалады: гүлдену және пісу кеш орын алады, гүлдер мен жемістер кішірек болады, протеиндердің, қанттың және крахмалдың өнімділігі мен мөлшері күрт төмендейді.
Өсімдіктер дамудың ерте кезеңдерінде, яғни, олардың тамыр жүйесі әлсіз дамыған кезде фосфордың жетіспеушілігіне аса сезімтал . Фосфор тыңайтқыштарының көп мөлшерде енгізілсе де, осы кезеңде фосфор жетіспеушілігінің теріс салдарлары түзетілмейді. Өсімдіктердің бастапқы кезеңінде өсімдіктерді фосфаттармен қамтамасыз ету өте маңызды.
[pic 1]
Фосфорлы минералды тыңайтқыштардың жетіспеушілігі келесідей байқалады:
- Өсімдіктердің жоғары бөліктері алдымен қара-жасыл түске боялады, содан кейін күлгін түске боялады;
- Жапырақтың пішіні өзгереді, олар ертерек түседі;
- Төменгі жапырақтарда некротикалық өзгерістер пайда болады, қара дақтар пайда болады.
- Өсімдіктер төмен және бұталы болады;
- Тамыр жүйесі нашар дамиды, сабан «жерге түседі».
Фосфор тапшылығының себептері:
- Оның топырақты ұстағыш кешеніндегі фиксациясы (қиын сіңіретін қосылыстарға айналуы);
- Фосфорлы-калийлі тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау;
- Қарқынды ауыл шаруашылығының нәтижесі ретінде жердің микрофлорасының әлсіз жұмысы;
- Фосфорды кейіннен қайта жаңартусыз алынған өнімнен алынып тасталуы;
- Жерді өңдеудің бейорганикалық түрі;
Фосфор тыңайтқыштары - өнеркәсіптік әдіспен алынатын, құрамында өсімдіктер үшін қолайлы нысанда фосфор болатын минерал заттектер. Фосфор тыңайтқыштары ерігіштігіне және өсімдіктер үшін қолайлылығына байланысты үш топқа бөлінеді:
1) фосфоры суға еритін және өсімдіктер оңай сіңіре алатындай нысанда болатын тыңайтқыштар — қарапайым және қосарлы суперфосфат;
2) фосфоры суда ерімейтін, бірақ әлсіз қышқылдарда (2%-дық лимон қышқылында) немесе аммоний цитраты сілтілік ерітіндісінде еритін тыңайтқыштар — преципитат, томасқож, термофосфаттар, фторсыздандырылған фосфат. Фосфор тыңайтқыштары — өсімдіктер үшін қолайлылығы орташа нысан;
...