ОПЕК және мұнайды бағалық реттеу
Автор: Zhake • Февраль 22, 2018 • Курсовая работа • 6,472 Слов (26 Страниц) • 1,354 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси
пәндер кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: ОПЕК және мұнайды бағалық реттеу.
Орындаған:
Тексерген:
Орал-2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
I.ОПЕК.............................................................................................................4
1.1. ОПЕК – мұнай монополияларына қарсы құрал.....................................4
1.2. ОПЕК-тің монополияға шабуылы. Мұнай өнеркәсібін мемлекет меншігіне айналдыру..............................................................................................8
1.3. Қазіргі кездегі ОПЕК стратегиясы.......................................................11
1.4. ОПЕК- тің экономикалық және саяси қызметі....................................12
II.МҰНАЙДЫ БАҒАЛЫҚ РЕТТЕУ..................,.....................................16
2.1. Мұнай бағасының болашағы.................................................................16
2.1.1. Арзан мұнай сарқыла бастады....................................................17
2.1.2. Мұнай өндіретін құрал-жабдықтардың қымбаттығы...............19
2.1.3. Бағаның болашағы........................................................................20
2.1.4. Қазақстан мұнайы.........................................................................22
2.2. ОПЕК-ке дейінгі мұнай бағасының реттелуі.......................................23
2.3. Мұнай бағасының өзгерісі.....................................................................23
2.4. Мұнай бағасының қалыптасуына әсер ететін факторлар...................24
2.5 Мұнай және баға......................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................29
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Дүние жүзіндегі өндірілетін мұнайдың 40 % не 29 млн. баррелі қазіргі кезде ОПЕК-тің үлесіне тиеді. ОПЕК-тің бас хатшысының айтуы бойынша бұл үлес 2010 жылы 45 %-ке, 2020 жылы 50-ке жетеді.
Ұйым мына мақсаттарды көздейді:
- мүше мемлекеттердің мұнай саясатын үйлестіру және келістіру;
- олардың мүдделерін қорғауда ұжымдық және жекелік тиімді жағдайларды анықтау;
- әлемдегі мұнай рыногында бағаның тұрақтылығын сақтайтын зиян шегуден қорғайтын әдістер мен тәсілдерді іздеу;
- мұнай шығаратын елдер мүдделеріне тұрақты көңіл бөлу, сол елдердің табысының тұрақтылығын қадағалау және мұнайды пайдаланатын елдердің үздіксіз және тиімді пайда алуын қамтамасыз етіп отыру;
- мұнай өндірісіндегі инвестициядан әділетті пайда алуды көздеу;
- қазіргі және болашақтағы ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау.
Басқа сөзбен айтқанда өздерінің экономикалық мүддесін қорғауда - біріккен майдан құру. Дұрысында ОПЕК - дүниежүзілік мұнай рыногындағы энергетика саласының мемлекеттік реттеуге көшуіне жол салып берді.
Курстық жұмыстың мақсаты: мұнай бағасын реттеу әлемдік деңгейдегі негізгі проблемалардың біріне айналғанына көз жеткізу және оны зерттеу әдістемелерін меңгеруге машықтану.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Мұнай өнеркәсібін мемлекет меншігіне айналдыру тәсілдерін зерттеу;
-Қазіргі кездегі ОПЕК стратегиясын талдау;
-ОПЕК- тің экономикалық және саяси қызметін саралау;
-Мұнай бағасының болашағын зерттеу;
-Мұнай бағасының өзгерісіне шолу жасау;
Зерттеу объектісі: әлемдегі мұнай бағасын реттеу жолдарын қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, тоғыз бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ОПЕК
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) - табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 11 ел кіретін халықаралық ұйым; Азия, Африка және Латын Америкасының негізгі мұнай өндіруші мемлекеттерінің бірілестігі.
...