ХVІІІ ғасырдағы халықаралық қатынастар
Автор: Aidana Narimanova • Октябрь 8, 2020 • Лекция • 537 Слов (3 Страниц) • 402 Просмотры
ХVІІІ ғасырдағы халықаралық қатынастар
Людовик XIV-нің билігінің екінші жартысынан бастап Еуропаның дипломатиялық тарихында Англияның халықаралық рөлінің біртіндеп күшеюімен және оның отарларды талан-таражға салуда Франциямен басымдыққа ұмтылуымен жаңа кезеңі басталады. Бұл күрестің ең маңызды кезеңі 1701-1714 жылдардағы испандық мұрагерлік соғысы болды. Бұл әулеттік соғыс ретінде басталды, бірақ іс жүзінде Франция мен Англияның теңіз бен колониялардың үстемдігі үшін алғашқы үлкен қақтығысқа айналды. Бұл соғыс Франция үшін ауыр соғыс болды. Испан королі ІІ Карлдің баласы болмады, ол 1700 жылы қаза болады. Европа мемлекеттері Испанияның өзін және оның отарларын бөлуді ойластырды. Испан тағына француз Бурбондары және австриялық Габсбургтер дәмеленді, себебі олар әйелдері жағынан билеуші испан әулетімен туыс еді. ХVІ Мария Терезамен неке келісіміне және өзінің ұрпақтарының ІV Филиппен туыстығына сүйенді, ал император І Леопольд шешесі жағынан ІІІ Филиптің немересі еді. ІІ Карлдың өлер алдындағы өсиеті бойынша ХІV Людовиктің немересі Филипп Анжуйскийде тақты мұраға қалдыратынын айтты, бірақ бір шартпен – испан және француз монархиясы ешқашан бірікпейді. ІІ Карл 1700 жылы 2 қарашада қайтыс болғаннан кейін ХІV Людовиктің немересі Филипп Анжуйский V Филипп деген атпен таққа отырады. Бұдан кейін ХІV Людовик өз әскерлерін Испанияға жіберіп, Испания және оның отарларын немересі атынан өзі басқаруға сыңай танытады. «Пиреней енді жоқ!» деген оның сөздері Францияның билеуші топтарының біріккен француз-испан монархиясын құруға деген ұмтылысын көрсетті. Аумағының көлемі, тұрғындарының саны, экономикалық ресурстары бойынша испан отарларына тең келері жоқ еді. Қайтадан саяси тепе-теңдік мәселесі шығып, жаңа антифранцуздық коалиция ұйымдастырылды, оның ұйымдастырушысы Вильгельм Оранский болды. 1701 жылы 7 қыркүйекте Гаагада Англия мен Голландия Қасиетті Рим империясының императорымен одақ жасасты (ол Үлкен альянс деп аталды), олар 1702 жылы Мамырда Францияға қарсы соғыс жариялады. Вильгельм австриялық эрцгерцог Карлді испан
...