Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықаралық қатынастар теориясы: маңыздылығы мен мен ғылыми рөлі. Реализм

Автор:   •  Октябрь 30, 2021  •  Реферат  •  581 Слов (3 Страниц)  •  464 Просмотры

Страница 1 из 3

Халықаралық қатынастар теориясы: маңыздылығы мен мен ғылыми рөлі. Реализм.

«Реализм»-бұл бірнеше ғылым салаларында әо түрлі контексте қолданылатын ғылыми термин. «Ғылыми реализм»-эмпиризмге, инструментализмге, верификацияға және позитивизмге қарама-қарсы ғылым философиясы. Халықаралық қатынастарда саяси реализм-халықаралық жүйені анархиялық сипатта түсінетін, ең мықты қорғаныс бұл шабуыл, билік пен әскери күшті қауіпсіздікті сақтауда ең негізгі құрал деп санайтын ғылыми теория. Басты категориялары күш балансы, соғыс, билік және ұлттық мүдде. Бұл ұлттық мүдделердің күш саясатын жүргізуде мемлекеттердің алдында тұрған императивтерді баса көрсететін талдау дәстүрі.

Саяси реализм теориясы-халықаралық қатынастардың ең көне және тарихта көптеген саяси процестерді ұғынуда, анализ жасауда ғалымдар арасында ең танымал халықаралық қатынастар теориясы. Біздің дәуірімізге дейінгі 400-ші жылдары Фукидид «Пелопоннес соғысының тарихын» жазып, алғаш рет Спарта мен Афина арасында болған соғысты саяси күш балансы тұрғысынан талдап жазды. Джефри Стерн пікірінше, Фукудидтің «Пелопеннес соғысының тарихы» еңбегін жазуы, адамзат тарихында соғыстың шығу тегі мен себептерін түсіндіруде жазылған ең алғашқы еңбек болды. Фукудид пікірінше, мемлекеттің географиялық, экономикалық, саяси қуатының өсуі көрші елдердің тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Сол себепті, саяси реалистер үшін ең тиімді қорғаныс бұл шабуыл.

Реалистер адамның эгоистік сипатын («эгоизм») және халықаралық орталық биліктің болмауы («анархия») мен «билік пен қауіпсіздіктің бүкіл саяси өмірінде басшылықты» талап ететініне баса назар аударады (Гилпин 1986:305). Рационалдық пен мемлекеттік центризм реализмнің негізгі фундаменталды алғышартты ретінде анықталады. Егер біз «мемлекетті» Гилпин айтқандай «қақтығыс топтары» немесе Вальц талдағандай «жекелеген бірліктер» деп тар мағынада түсінетін болсақ, онда мемлекеттік-центристік теориялар халықаралық қатынастарды түсінуде ең негізгі теория болып саналатын еді. Алайда қазіргі таңда, халықаралық қатынастар жүйесі күрделенуде, мемлекеттен бөлек мемлекеттік емес акторлардың халықаралық саясаттағы ықпалы еселеніп артып келуде. Мемлекеттерді өздеріне тән іс-әрекетті жасауына не итермелейді десек, мұнда реалистер адам табиғатын бірінші орынға шығарады және адам-жаратылысынан эгоист деп санайды. Орта ғасырлық италиян ойшылы Никколо Макиавелли өзінің «Патша» атты еңбегінде, алғаш рет Флоренциялық билеушіге ақыл кеңес ретінде реалистік тұжырымдамаға негізделген еңбегін жазып қалдырды. Н.Макиавеллидің пікірінше, соғс саясаттың құралы әрі жетістікке жетудің бірден бір тиімді жолы.

...

Скачать:   txt (9 Kb)   pdf (47 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club