Отчет по практике в отеле «Бастау»
Автор: kumisbekqizi • Июнь 13, 2019 • Отчет по практике • 6,974 Слов (28 Страниц) • 596 Просмотры
КІРІСПЕ
Мен Танирберген Нұрай Алматы технологиялық университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің 2 курс студентімін және өзімнің өндірістік тәжірибемді 2019 жыл 6 мамыр 2019 жылдан бастап, 5 маусым аралығында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында «Бастау» қонақүйінде өндірістік тәжірибемді өттім. Өндірістік тәжірибесінің мақсаты:студенттердің университеттің оқу бағдарламасында өтілген теориялық білімдерін, сонымен қатар тәжірибелік білімдерін жетілдіру, ары қарай шындау болып табылады.
Өндірістік тәжірбиесінің міндеті: кәсіптік тәжірибе жетекшілерінен кәсіпорын туралы мәлімет алу, сонымен қатар кәсіпорындағы ұйымдастырушылық құрылымы жайлы мәліметпен алмасу болып табылады.Тәжірибе кезінде мен мейрамханың басқару құрылымымен таныстым және барлық қызмет бөлімдері жайлы мағлұмат алдым.
Менің тәжірибелік жұмысымның мақсаты – «Бастау» қонақүйінің қаржы-шаруашылық жағдайын талдау негізінде мейрамханалық бизнестің ары қарайғы даму жолдарын айқындап көрсету болып табылады.Менің тәжірибелік жұмысымның міндеті – мейрамханалық бизнесті ұйымдастырудың теориялық аспектілерін ашып, тәжірибелік қызметіне талдау жасау.Менің тәжірибелік жұмысымның зерттеу объектісі – қызмет көрсету саласы.Менің тәжірибелік жұмысымның зерттеу пәні – мейрамханалық бизнес. Менің жұмысымның тәжірибелік маңызы – қызмет көрсету саласын тереңдете оқитын студенттерге, оқытушыларға мейрамханалық бизнесті жүргізу қағидаларын түсініп білуге көмек көрсету, сонымен қатар осы салада қызмет ететін кәсіпкер-мамандарға өз кәсібін кеңейтуге, жаңашылдық енгізуге негіз болу.
1.ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1. Мейрамханамен жалпы танысу
Тарихшылардың көпшілігі көне кезеңдегі қоғамның дамуында алғашқы мейрамханалардың пайда болуын айтады – қазіргі замаңғы мейрамханалар мен қонақ үйлердің жаңа үлгілері. Мейрамханалар туралы айту – таверналар – біздің эрамызға дейін 1700 жылы жазылған Хаммурапи Вавилония патшасының кодекс болып табылатын көне манускриптілерде бар.Көне Грецияда біздің эрамызға дейіңгі І-ші мың жылдықта таверна әлеуметтік және діндік өмірінің негізгі элементі болып табылады. Көбінесе олар тамақтану қызметін ұсынуға арналған. Сауданың дамуымен және оған байланысты ұзақ мерзімді жол жүру тамақтандыру қызметін ғана емес, сонымен қатар, түнеуді ұйымдастыруды талап етті. Осы жағдай – керуен сарай типті кәсіпорындардың пайда болуын болжады.Керуен сарай жүйесінің кең тармақталуы Рим империясының аймақтарында жасалды. Көне Римдік керуен сарайлары қала мен ауылдың негізгі жол жағаларында бір-бірінен 25 миль (40,225 км.) шамада орналасты.Рим мемлекетіндегі қатаң таптық құрылым қонақжайлық кәсіпорын қызметіне үлкен әсер көрсетті. Саяхатшыларды таптық көрсеткіштеріне қарай орналастырды. Еш уақытта жай халықтың көпестері, саудагерлері мен басқа саяхатшылары мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік хатшылар жанына орналастырылмаған. Осы жағдай керуен сарайдың сапасына әсер етті. Аристократ өкілдері мен мемлкеттік төрелерінің тоқтаған жерлері сәулет өнерінің тәртібімен құрылған және сол уақыттағы кең тараған қызметтерді ұсынған. Марко Поло «Бұндай керуен сарайларда патша да тоқтай алады» деген.
ХІІ-ХІІІ ғасырларда керуен сарайлар – алғашқы мейрамханалар Ресейде пайда болды. Ол кезде олар, «Ям» деп аталды. XV ғасырда ям үкімінде болған, пошта станцияларында құрылды. XV ғасырда орыстың ірі қаласында керуен сарайлардың құрылысы жүрілді, олар орналастыруы мен тамақтанудан басқа коммерциялық операциялар жүргізуіне мүмкіндігімен ерекшеленетін. Сонымен қатар, қонақ үйде сауда қатарлары, қоймалары бар, бөлмелері жиһаздармен толтырылған. Қонақ сарайларында шетелдіктер ұлттық белгілеріне қарай орналастырылды. XV - XVІІ ғасырларда Новгородта «неміс» және «голландиялық» қонақ сарайлары болды, ал Мәскеуде – «аглицкий», «грек», «армян» және т.б. қонақ үй сарайлары болды.ХІІІ ғасырда мейрамханалар Витебскте, Гродно, Брест, Слониме және басқада белорус қалаларында болды. Белорус көпестеріне арнап XV- XVІ ғасырларда арнайы мейрамханалар Брянск, Везьмя, Мәскеуде болды.Орта ғасыр кезеңінде қонақжайлық кәсіпорындар қызметінің үдейуі, алғашқы мамандандыру ассоцияциясын құруы болды. Солай, 1282 жылы Флоренция мен Италия қалаларының трактирлері өзінің гильдиясын негіздеді.Қонақжайлық кәсіпорындарының дамуына ерекше рольді АҚШ атқарды. Тарихшылардың ойынша, алғашқы керуен сарайлар Еуропадан кейін 1607 жылдан бастап пайда бола бастады.Америка континентіне келген Еуропалық көшкіндер өздерімен қонақ сарайлардың құрылысы мен басқарудың тәжірибесін алып келді.Сәулетшілердің көзқарасымен қарағанда, американдық мейрамханалар еуропалықтарға ұқсас келіп, кішкене ғана ерекшеленді. Мысалы, адамдарды орналастыруға, таптық белгілеріне қарай дискриминация болған жоқ. Әлеуметтік қызметті атқаратын еуропалық кәсіпорындарға қарағанда американдық мейрамханалар коммерциялық бағытта болды, пайда табу мақсатында құрылды. [1]
...