Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылымы мен мазмұны
Автор: ainura_02 • Февраль 7, 2021 • Реферат • 4,959 Слов (20 Страниц) • 894 Просмотры
4.1 Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылымы мен мазмұны
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі алуан түрлі шаруашылық операцияларынан тұрады. Бұл операциялар активтер мен олардың құралу көздерінің қозғалысын құрайды. Әрбір орындалған операция оның көлемі мен сипатына қарамастан бухгалтерлік есепте көрсетілуге тиісті.
Кәсіпорында орындалған әрбір шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есепте алғашқы тіркелуі бастапқы құжаттарда жүзеге асырылады. Бастапқы құжаттар хронологиялық тәртіппен шаруашылық операциясы орындалған сәтте толтырылады. Әрине, мұндай тәртіп операцияларды экономикалық мазмұны бойынша топтастыруға мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге, алдыңғы тарауда шаруашылық операцияларының әсерінен баланс баптарының өзгеріске ұшырайтындығы айтылған болатын. Бірақ, баланс кәсіпорындарда кезең сайын (әрбір есепті кезеңнің аяғында) құрылады . Ол, әрине, шаруашылық операцияраының әсерінін кәсіпорын активтері мен олардың құралу көздерінің (меншікті капитал, міндеттемелер) құрамында болып жатқан өзгерістерге күнделікті бақылау жасап отыруға мүмкіндік бермейді.
Сондықтан ағымдағы кезең ішінде орындалған шаруашылық операцияларын мазмұнына қарай жүйелеп жинақтау үшін бухгалтерлік шоттар пайдаланылады.
Бухгалтерлік шоттар деп - шаруашылық операцияларын кәсіпорын активтері мен олардың құралу көздерінің (меншікті капитал, міндеттемелер) экономикалық мазмұны жағынан біртекті объектілері бойынша жүелеп топтастыруды айтады.
Шоттар активтердің әрбір түрін, олардың құралу көздерін (меншікті капитал, міндеттемелер) және шаруашылық процесстерін бухгалтерлік есепте қабылданған жүйелеп топтастыруға сәйкес есепке алу үшін баланс баптарын дамыту ретінде ашылады. Әрбір шотта сол шот пайдаланылатын шаруашылық операциялары бастапқы құжаттардың мәліметтері негізінде көрсетіледі, яғни бухгалтерлік шоттарда біртекті шаруашылық операциялары жүйеленеді. Мысалы, негізгі құралдардың кәсіпорынға қабылдануы, олардың есептен шығарылуына байланысты операциялардың барлығы «Негізгі құралдарң деп аталатын бөлімше шоттарында жүйеленіп көрсетілсе, материалдық құндылықтардың кәсіпорынға қабылдануы, олардың өндіріс процесіне пайдаланылуы «Қорларң деп аталатын бөлімше шоттарында, нақты ақша қаражатының кассаға қабылдануы , олардың кассадан берілуі «Кассадағы ақша қаражаттарың шотында жүйеленіп көрсетіледі.
Сыртқы түрі жағынан шот Т әріпі бейнесіндегі екі жақтан тұратын кесте.
Кестенің сол жағы «Дебетң деп, ал оң жағы «Кредитң деп аталынады.
«Дебетң және «Кредитң деген терминдер латын сөздерінен шыққан: debet-берешек , kredіt-сену деген мағынаны білдіреді. Кестенің жоғарғы жағына шоттың атауы жазылады (сурет 4.1.)
Дебет Шоттың атауы Кредит
[pic 1][pic 2]
Сурет 4.1 – Бухгалтерлік шот
Бухгалтерлік шоттардағы қалдықты бейнелеу үшін «сальдоң (C) деп аталатын терминді пайдаланады. С1 –бастапқы сальдо – есеп беру мерзімінің басындағы, яғни операциялар орындалмай тұрған кездегі есеп объектісі бойынша қалдықты көрсетеді, ал есеп беру мерзімінің соңындағы, яғни операциялар орындалғаннан кейінгі қалдық С2 арқылы көрсетіледі.
Есепті кезеңнің (айдың) басында есеп объектілері бойынша шоттар баланс баптары негізінде ашылады. Сондықтан балансқа қатысты бухгалтерлік шоттар активті және пассивті болып бөлінеді.
Кәсіпорын активтерінің әрбір жекелеген түрлерінің нақты бары мен олардың қозғалысының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды активті шоттар деп атайды.
Бұл шоттар есепті кезеңнің (айдың) басында баланстың «Активтерң бөлімінің баптары бойынша ашылады. Есеп объектілері бойынша бастапқы және ақырғы сальдо (қалдық) активті шоттардың дебетінде жазылады. Төменде активті шотқа жазу тәртібі келтірілді (сурет 4.2.).
...