Мектептегі информатика курсының мазмұны мен құрылымы
Автор: Aizhan2000_1 • Декабрь 14, 2022 • Доклад • 2,018 Слов (9 Страниц) • 540 Просмотры
4 Дәріс тақырыбы: Мектептегі информатика курсының мазмұны мен құрылымы
Жоспары:
1. Бастауыш мектепте информатика негіздерінің кіріктіріліп оқытылуы. Пропедевтикалық курсты оқытудың мақсаты мен міндеттері. 1-6 сыныптардағы информатика курсының мазмұнына шолу.
2. Мектептегі информатиканың базалық курсы.
3. Мектептің жоғары буынында информатиканы саралап оқыту.
4. Оқыту мазмұнын саралау принциптері: кәсіби және деңгейлік саралау.
5. Жаратылыстану –математика және гуманитарлық бағыттардағы информатиканың бағдарлы курстары. Таңдау курстары.
1. Бастауыш мектепте информатика негіздерінің кіріктіріліп оқытылуы. Пропедевтикалық курсты оқытудың мақсаты мен міндеттері. 1-6 сыныптардағы информатика курсының мазмұнына шолу.
ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасының «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» деп аталатын IV тараудың 4.3.1. – тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп бекітілген. Сондықтан, заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі тың мәселелердің бірі болып саналады.
Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне мүмкіндік береді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орны, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда ғылыми зерттеушілердің ішінен С.Пейперт, Ж.Пиаже, Е.Коган, О.А.Красноперова, А. Витухновская мен А.Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е.Бидайбеков пен Ж.Қараевтың тұжырымдарымен Қ.Әбдиев, Ж.Сардарова және Г.Абдукаримованың зерттеу жұмыстары бастауыш мектепте информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Бастауыш мектепте информатика оқу әдістеріне келер болсақ, төмендегі мәселелер туындайды:
- әрбір пәндер бойынша жүргізілетін оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек?
- балалар білімді, іскерлік пен дағдыларды игеру үшін, олардың белсенді танымдық қызметін қалай ояту керек?
- оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың білімді болуына қалай көмектесу керек?
- ынтасы бар немесе ынтасы жоқ оқушыларды қалай оқыту керек?
Дәл бүгінгі күні ғылыми-техникалық үрдістің жоғары дәрежеде дамуы, оқытуды
жаңаша, тиімді әдістерін іздестіруді талап етуде.
Оқыту әдістері дегеніміз – бұл оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің жүзеге асу тәсілдері. Оның негізгі атқаратын қызметі, білімдерді жай бере салу емес, мектеп оқушысының танымдық қабілеттерін қалыптастыру мен сабаққа деген ынтасын ояту болып табылады.
Оқыту әдістерінің құрылымы – бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесіне қатысты анықталады. Әдістемені жаңарту барысында, оқыту құралдарының алатын орны ерекше. Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылатын негізгі техникалық құрал-компьютерлік техника болып табылады.
Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалана, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жеңілдетуде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісіне даралап және тоқтап оқыту тәсілдерінде өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденді.
2. Мектептегі информатиканың базалық курсы.
Жалпы, негізгі мектепте бұл курсты оқытуға 68 сағат бөлінген.
Информатиканың базалық курсының негiзгi бөлімдері.
Информатиканың базалық курсының негізгі бөлімдері төмендегі мәселелерді қамтиды:
«Aқпар.Ақпараттық процестер» бөлімінде:
- ақпараттың, информатиканың, ақпараттық процестер және басқару пpoңестеріндегі ақпараттық негіздер түсініктерімен;
- ақпаратты өңдеу, caқтay және беру тәсілдерін қамтитын мағлұматтармен байланысты мәселелер қамтылады.
...