Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химия 7,8,9,10 сынып. Әдістемелік нұсқау мазмұны мен құрылымы

Автор:   •  Октябрь 24, 2021  •  Методичка  •  2,746 Слов (11 Страниц)  •  1,156 Просмотры

Страница 1 из 11

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Бөж 1

Тақырыбы:         Химия 7,8,9,10 сынып. Әдістемелік нұсқау мазмұны мен құрылымы

                                                                                  Орындаған: Мұратова Даяна

Тексерген: Аимова Муршида

Тобы: Хим 19-1

Ақтау 2021 ж

Бүгінгі таңда білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және өсудің тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Осыған байланысты жалпы орта білім берудің барлық пәндері бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары әзірленді. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары – бүгінгі күннің талабына сай болашақ ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Алғаш рет оқу жоспары белгілі бір білім беру материалын беруге емес, күтілетін нәтижелер жүйесіне бағытталғалып отыр. Жаңартылған білім мазмұны бойынша 7-сыныптан бастап жаратылыстану-математика циклінің: «Физика», «Биология», «Химия», «Геометрия», «Алгебра» және «География» пәндері қатар оқытылады. Яғни, алғашқы рет «Химия» пәнін оқыту 7-сыныптан басталады. «Химия» пәнін жаңартылған мазмұнда оқыту оқушыларға химиялық процестердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, сонымен қатар, эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамытуға негізделген. Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Химия» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдамада жаңартылған білім мазмұны жағдайында пәнді оқытуды ұйымдастыру, бағалау критерийлерін жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар беру. Сонымен қатар, «Химия» пәнін оқыту мен оқуда педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолдану, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту, оқытудағы сандық білім беру ресурстарын қолдану бойынша ұсынымдамалар берілген.

Білім мазмұнын жаңарту, бірінші кезекте, орта білім берудің өзіндік моделін, оның құрылымын, мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін және әдістерін қайта қарау, білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу болып табылады. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде іс-шаралар кешенінің барлығы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы қолданыстағы бағдарламадан өзгеше. «Химия» оқу пәнінің 7-9-сыныптарға арналған 2013 жылғы және жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының (2017 ж.) құрылымының салыстырмалы талдауы 1-кестеде берілген. 1-кесте – «Химия» оқу пәні бойынша 2013 жылғы және жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары құрылымының салыстырмалы кестесі.

[pic 1]

Жаңартылған білім беру аясында «Химия» оқу пәнінің:

  • пән мазмұнын іріктеудің шиыршықтылық қағидаты;
  • таным заңдылықтарына негізделген және пәннің неғұрлым маңызды ісәрекеттерімен (нәтижелердің өлшемділігі, репродуктивтіден шығармашылыққа дейінгі оқу әрекеттерінің барлық түрлерін есепке алу) жіктелетін оқу мақсаттарының иерархиясы;
  • білім деңгейлері және оқу курсы бойына пән мақсаттарының бірізділігі пәнаралық байланысты барынша анық ескеруге мүмкіндік беруі;
  • пәндердің бөлімдері мен тақырыптары мазмұнынының заман талабына сәйкестігі, әлеуметтену дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы үлгілік оқу бағдарламасының ерекшеліктер болып табылады .

«География», «Биология», «Физика» және «Химия» оқу пәндерінің 7-сыныпта оқытылып бастауы ғылыми жаратылыстану білім берудің үздіксіздігін сақтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Үлгілік оқу жоспары әр пәннің мазмұнын және білім алушылардың когнитивтік қабілеттеріне сәйкес білім мен дағдыларын анықтайды. Химиялық білімнің алғашқы түсініктері бастауыш мектептің 1-4 сыныптарында «Жаратылыстану» пәнінен басталады да, негізгі орта мектептің 5-6-сыныптарында жалғасады. «Жаратылыстану» пәні – «Биология», «География», «Физика» және «Химия» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған пропедевдикалық курс . Оқу пәнінің мақсаты білім алушылардың бойында ғылыми жаратылыстану білімін, табиғат пен қоғамның өзара байланысы, заңдылықтар туралы ұғым мен тұтас көзқарас қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірдегі табиғи құбылыстар мен процестерді түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану біліктерін дамыту болып табылады. Бастауыш сыныптарда білім алушылар «Заттар және олардың қасиеттері», «Заттардың жіктелуі», «Заттардың пайда болуы және оларды алу», «Өлі табиғаттағы процестер», «Тірі табиғаттағы процестер» тәрізді ұғымдармен танысады, сонымен қатар бақылау және эксперимент жасаудың алғашқы дағдылары қалыптасады және білім алушылар химияның дамуы мен маңызы туралы біледі.

...

Скачать:   txt (41 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club