Proteus бағдарламасында синхронды сигнал шығаратын сағат модулін құрастыру
Автор: a.kabitai • Октябрь 30, 2023 • Практическая работа • 529 Слов (3 Страниц) • 172 Просмотры
КОММЕРЦИЯЛЫЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
КОММУНИКАЦИИ И КОСМЕЧЕСКИ ИНЖЕНЕРИИ ИНСТИТУТЫ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ
[pic 1]
Зертханалық жұмыс №1
Пәні бойынша: «Цифрлық схема және компьютер архитектурасы»
Тақырып: «Proteus бағдарламасында синхронды сигнал шығаратын сағат модулін құрастыру»
Мамандық: 6B07109 Аспап жасау
Тобы: ПСк 21-1
Орындаған: Кабитай Айдын
Қабылдаған: Бакирова Н.
____________ «___» ____2023 жыл
Алматы, 2023
Кіріспе
Теориялан қысқаша мәлімет
Процессордың жұмысын қамтамасыз ету жауапкершілігі сағат деп аталатын модульге түседі. Аты айтып тұрғандай, сағат нақты және тұрақты аралықта электр сигналын береді. Процессордың әрбір қадамын орындай алатын жылдамдығы оның тактілік жылдамдығы деп аталады. Бұл жылдамдық жиілік бірлігі герцпен өлшенеді. Стендте қолданылған сағат модулі екі режиммен жұмыс жасайды, автоматты және қол режимдері.
1 Зертханалық жұмыс №1. Proteus бағдарламасында синхронды сигнал шығаратын сағат модулін құрастыру
Жұмыстың мақсаты: Proteus бағдарламасында синхронды сигнал шығаратын генераторды қарапайым микросхема мен радиоэлементтерді қолдана отырып құрастыру және оның жұмыс істеу принципімен танысу.
Жұмыстың орындалу тәртібі
Ең алдымен, тербелмелі сигнал шығаратын сұлбаны сызу қажет. Оны NE555 таймер, конденсатор, резистор, потенциометр элементтерін қолдану арқылы жасауға болады (1.3 сурет).
[pic 2]
1.3 сурет – Тербелмелі сигнал шығару сұлбасы
1.3 суретте көрсетіліп тұрғандай, Q шығысы тербелмелі сигналды шығарады. Ал RV1 потенциометрі арқылы тербелмелі сигналдың жиілігін өзгертуге болады. Төменде 1.4 суретте тербелмелі сигналдың осциллографтағы бейнесі көрсетілген.
[pic 3]
1.4 сурет – Осциллографтағы бейнесі
Тербелмелі сигналы бар сұлба құрылды. Енді батырманы басқан кезде моностабильді сигнал шығаратын сұлбаны сызыңыздар. Оның сызбасы 1.5 және 1.6 суретте көрсетілген
[pic 4]
1.5 сурет – Моностабильді сигнал шығаратын сызба
[pic 5]
1.6 сурет – Осциллографтағы бейнесі
Батырма арқылы орындалатын моностабильді сигналы бар сызба дұрыс құрылған соң. Келесі ауыстырып қосқыш (switch – переключатель) арқылы тұрақты түрде 1 сигналын немесе тұрақты түрде 0 сигналын беретін сызбаны сызыңыздар (1.7, 1.8 суреттер).
[pic 6]
1.7 сурет – Тұрақты түрде 0 немесе 1 сигналын беретін сызба
[pic 7]
1.8 сурет – Осциллографтағы бейнесі
Жалпы үш жағдайда синхронды сигнал беретін тербелмелі сигнал шығаратын, батырма арқылы моностабильді сигнал шығаратын және тұрақты түрде 0 немесе 1 сигналын шығаратын сызбалар берілді. Микропроцессордың жұмыс жасауы үшін сағат модулі маңызды орын алатыны белгілі. Алайда, сағат модулі автоматты түрде жұмыс жасайтын болса, оның әрбір такт сигналында не болатыны белгісіз. Себебі, оның жылдамдығы үлкен болуы мүмкін. Сондықтан, құрастырылған 3 сызбаларды біріктіру арқылы автоматты режим және қол режимдерін жасау қажет (1.9 сурет).
...