Жеңіл атлетика мектеп бағдарламасында
Автор: 940628 • Апрель 14, 2021 • Курсовая работа • 8,282 Слов (34 Страниц) • 719 Просмотры
[pic 1] | «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова» Управление образования Восточно-Казахстанской области | Положение СМК-ПП-5.3-91-01 Курстық жұмысты жазу және қорғау туралы Ережесі/ Положение о защите курсового проекта | Издание /басылым 1/2017 Стр/бет. из |
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДА ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ.
Орындаған: Советбеков Еркін
Топ: 403
Мамандығы: 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»
Біліктілігі: 0103013 «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі»
Ғылыми жетекшісі: Сағатбеков Б.А.
«Дене шынықтыру» ПӘК оқытушысы
СЕМЕЙ 2021ж
МАЗМҰНЫ
І.КІРІСПЕ...................................................................................................................3
ІІ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДА ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1 Дене шынықтыру жүйесіндегі жеңіл атлетиканың орны мен маңызы.......4-6 2.2. Техникалық қимылды топтау. Қимыл күші, құрылымы, фазасы...............6-8
3. ҚЫСҚА ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУ ТЕХНИКАСЫНА ҮЙРЕТУ…………….8-11
3.1. Жеңіл атлетиканың Қазақстан спортында алар орны және бүкіл
әлемдік тарихы.............................................................................................11-14
3.2. Қазақстандық жеңіл атлетика тарихы және Ғ.Қосановтың
атлетикалық ғұмыры......................................................................................15-18
3.3. Кәсіптік-қолданбалы жеңіл атлетика дайындығының
теориялық-әдістемелік негіздері.........................................................................18-21
2.5. Жеңіл атлетикадан халықаралық турнирлердің жайы мен болашағы.....
2.6. Кәсіптік-қолданбалы жеңіл атлетика дайындығының теориялық-
әдістемелік негіздері...................................................................................
ІІІ. ІС ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.............................................................................
ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................22
Ү. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................23-24
КІРІСПЕ
Курс жұмысының өзектілігі: Жеңiл атлетика – спорт падишасы. Сондықтанда жеңіл атлетика тарихын қарастыру өте маңызды. Дүйiм жұрттың назарын өзiне бұрып, көкейiнен орын тапқан бұл спорт түрi – бүгiнгi таңда әлемдiк спорттың ажырамас бөлiгiндей болып, басты түрлерiнiң бiрiне айналып үлгергенi қашан. Шаң жұқтырмас желаяқтар мен жүзден жүйрiк саңлақтардың осындай кәсiбiне де «спорт падишасы» деген атау тегiннен берiлмесе керек.
Жақында Халықаралық олимпиада комитетiнiң жанынан құрылған «Спорт барлығы үшiн» халықаралық қозғалысы жүргiзген сауалнама бойынша, жеңiл атлетиканың көш басында тұрғанын бiреу бiлсе, бiреу бiлмес. Әрине, мұның барлығы жеңiл атлетиканың әлемдiк деңгейдегi спорт түрi екенiн аңғартатыны аян.
Отандық спорттағы жеңiл атлетиканың деңгейiне үңiлер болсақ, айтылатын сөз де, түйетiн ой да көп. «Қазақстанда бұл спорт түрiмен айналысатын адам саны қанша? Әлi күнге дейiн жеңiл атлетиканың елiмiзде деңгейi неге төмен? Д.Карпов, О.Рыпакова, М.Аитовадан басқа атлеттердiң атын неге ести бермеймiз? Ғұсман Қосанов, Әмин Тұяқовтардың iзбасарлары қайда жүр?» деген сауалдың да бүгiнгi күннiң бас ауруына айналып кеткенi анық. Кеңес одағы тұсында желмен жарысқан жүйрiгiмiз Ғұсман Қосанов – КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ. 1960 жылы Рим олимпиадасында күмiс медальға ие болған спортшының iзбасарларын табу қазiргi таңда қиын боп тұр. Әмин Тұяқовтың КСРО-ны қойып әлемдiк деңгейде жеткен жетiстiгi бiр төбе. Демек, елiмiзде бұл спорт түрiнiң iргетасы баяғыда-ақ қаланып қойған. Ендеше, жүйрiктерiмiз салып кеткен сара жолды неге жалғастырмасқа?..
...