Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бизнес-жоспар «Pizzania» пицца жасап шығаратын вендингтік аппарат

Автор:   •  Декабрь 1, 2022  •  Курсовая работа  •  696 Слов (3 Страниц)  •  255 Просмотры

Страница 1 из 3

        Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

 

БИЗНЕС – ЖОСПАР

«Pizzania» пицца жасап шығаратын вендингтік аппарат

[pic 1]

Орындаған: Атыгаева Дильназ

 Султамуратова Кунсулу

Хамит Сымбат

Менеджмент-21 тобы

2022 жыл

Кіріспе

Өмір қарқынын жеделдету үшін адамдар үйден тыс тамақтану әдетін үйреніп жатыр. Кей адамдар үй ішінде тамақ пісіру тым ұзаққа созылады деп ойлайды, сондықтан сыртта тамақтану қазір ыңғайлы.

Бізге таныс тамақтану орындары үшін жаңа форматтар пайда болады. Бүгінгі күндері вендингтік аппараттар әлем бойынша аса танымалдылыққа ие болып жатыр. Ал Қазақстан нарығы үшін бұл әлі де жаңашыл идеялардың бір түрі. Оған қоса пицца үлкен сұранысқа ие тағамдардың бірі болып табылады. Тек Қазақстанда адамдар минут сайын 30-ға жуық пицца жейді.

  1. Кәсіпорын сипаттамасы
  1. Кәсіпорынның толық атауы: «Pizzania» пицца жасап шығаратын вендингтік аппарат шығаратын кәсіпорын
  2. Тіркелген күні: 11.10.2022
  3. Тіркелген орны: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы.
  4. Тіркеу куәлігінің нөмірі: № 89756-5566-ЖШС
  5. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Астана қаласы 
  6. Банк реквизиттері: 4400 4301 9190 7576
  7. Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысаны: ЖШС
  8. Жарғылық капиталдың көлемі: 15 млн теңге
  9. Кәсіпорынның құрылтайшылары:

Султамуратова Кунсулу – 35% - 5,25 млн тг

Атыгаева Дильназ – 35% - 5,25 млн тг

Хамит Сымбат – 30% - 4,5 млн тг

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі:  Пиццаның түр-түрін жасап шығаратын вендингтік аппараттар шығару және қала бойынша оларды орналастыру.

  1. Өнімнің сипаттамасы

      Бұл вендингтік машина деп аталатын пицца жасау және сату машинасы. Мұндай аппараттың сату форматы жалдау ақысы мен қызметкерлердің жалақысын үнемдеуге ықпал етеді, ал тұтынушылар үшін жақсы өнім мен уақытты үнемдеудің артықшылығы бар.

      Сатып алушы тапсырыс беруді таңдағанда, дайын ашытылған қамыр пицца барабанына түседі. Содан кейін ол диаметрі 35 см дискілерге басылады және оларға үгітілген ірімшік, томат тұздығы және таңдалған ингредиент беріледі. Пицца инфрақызыл пеште пісіруге жіберіледі, содан кейін сатып алушыға арнайы қорапта беріледі. Бүкіл пісіру процесін аппараттың айна беті арқылы көруге болады, дайындалу уақыты 5 минуттан аспайды.

Аппарат арқылы тапсырыс беру инструкциясы оның сыртқы бетінде жазулы тұрады, сондықтан бұл жағынан қиындық туындамайды.

Мұндай пиццематтардың артықшылықтары мынадай:

  • Қызмет көрсету жылдамдығы. Пицца небәрі 5 минутта дайын болады.
  • Тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігі.
  • Жұмыскерлерге төленетін жалақыға, жалға алуға, салықтарға және т.б. үнемдеу.
  • Инвестицияның қайтарымдылығының жоғары жылдамдығы.
  • Егер алдыңғы орын тиімсіз болып шықса, құрылғыны қажетінше жылжытуға болады.
  • Аппаратты орнатуға арналған минималды алаң.
  • Бизнестің басқа түрлерімен қарапайым біріктіру. Мысалы, пиццематпен қоса сусындар сататын вендингтік аппарат орнатса тіпті тиімдірек болады.

           Әрине, кемшіліктері жайында да айта кеткен жөн:

  • Қалған тамақтандыру кәсіпорындарымен бәсекелестіктің жоғары деңгейі.
  • Аппаратты орнату үшін орынды таңдаудағы қиындық.
  • Машинаның бұзылу мүмкіндігі. Бұл жағдайда жөндеуге үлкен шығындар қажет болады және осы уақытта бизнес бос болады.
  • Вандализм қаупі. Құрылғы қараусыз қалады, сондықтан оны бұзушылар бұзуы мүмкін. Алайда, бұның алдын алуға болады, яғни, бақылау камераларын орнату арқылы.

Өнімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін саралай отырып, мұндай аппаратарды орнату тиімді деп ойлаймыз.

[pic 2]

Пицца жасап шығаратын аппараттың бір үлгісі.

Құрылғыда пицца жасау үшін келесі ингредиенттер қажет:

- ұн;

- таза ауыз су;

- томат тұздығы;

- ірімшік;

- әр түрлі қоспалар (шұжық, саңырауқұлақтар, көкөністер, ет).

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (146.3 Kb)   docx (48.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club