Карбамид өндірісі
Автор: talshyn • Апрель 3, 2018 • Реферат • 1,179 Слов (5 Страниц) • 1,461 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы
Реферат
Карбамид өндірісі
Орындаған:Пернеханқызы З.
Тобы:ХТ-13-1к1
Қабылдаған:Жұлдызбаева С.Е.
Шымкент 2016ж.
Жоспар
1)Минералды тыңайтқыш (карбамид) туралы жалпы мағлұматтар
2)Карбамид (мочевина) өндірісі
3)Қолданылуы
Мочевина, карбамид СО(NH2)2 – концентрленген азотты тыңайтқыш. Түйіршіктелген, түссіз, құрылысы кристалды, суда, спиртте, сұйық аммиакта жақсы ериді, ал эфирде, хлороформда ерімейді. Құрамында 46% азот болады.
Карбамид көмір қышқылының диамиды (қосамиды). түссіз кристалл, иісі жоқ, тығыздығы 1,335 г/см3, балқу температурасы 132,40С. Құрамында 46,6% азот, не 56,7% NН3. Қыздырған кезде алдымен аммоний цианаты, ол циан қышқылына және аммиакқа бөлінеді.
СО(NН2)2→NН4NСО→ НNСО+NН3
Циан қышқылы карбамидпен реакцияға түседі де биурет пайда болады.
НNСО+СО(NН2)2→NН4СОNНСОNН2
Егер карбамидке аммоний нитратын ќосса оныњ ыдыраы тоќталады.
Карбамидтің суда ерігіштігі 20ºС – 51,83%, 60ºС – 71,88%, 120ºС – 95% СО(NН2)2. Температура 130º жоғарыда карбамид ерітіндісі NН3 жєне СО2 бөлінеді. Қышқылдармен карбамид реакцияға түседі.
Мысалы, нитрат СО(NН2)2·НNО3- суда нашар ериді. Қыздырғанда жарылыспен жіктеледі. Карбофосфат СО(NН2)2·Н3РО4 –суда жақсы ериді, бірақ тез жіктеліп кетеді.
Тұздармен карбамид комплекс құрайды, мысалы Са(NО3)2·4(NН2)2СО, Са(Н2РО4)2·4(NН2)2СО . Карбамидтің судағы ерітіндісі 80ºС дейін тұрақты, одан жоғары температурада изоцианат (цианат – N) аммоний, аммоний карбонатына жєне гидрокарбонатына айналады:
(NН2)2СО↔NН4NСО;
NН4NСО+2Н2О ↔ (NН4)2СО3;
(NН4)2СО3↔ NН4НСО3+ NН3;
NН4НСО3↔ NН3+ Н2О + СО2.
Аммоний карбаматы суда тұрақсыз карбонатқа толық айналады:
NН2СООNН4→(NН4)2СО3
Температура 60ºС төменде карбамат ерітіндісінен минус 13 тен 5ºС дейін- карбонат, ал 5-тен 60 ºС дейін сесквикарбонат (СО[pic 1]: N[pic 2] қосарланғанда тұзда карбонаттағы СО[pic 3]: N[pic 4] қатынасынан 1,5 есе артық) - (NН4)2СО3·2 NН4НСО3 түзіледі.
Таза карбамат аммоний балқу температурасы 152-155ºС , сұйық аммиакта 0-118ºС арасында нашар ериді, 118-119ºС кезінде бөлініп тұратын екі қабат сұйық түзейді: біріншіден сұйық аммиакта ~ 26% NН3.
Карбамид балластсыз жоғары шоғырлы тыңайтқыш, ондағы азот өсімдікпен оңай сіңіріледі. Аммоний нитратынан карбамидтің артықшылығы: құрамында азот көп; жарылыс қаупі жоқ, аз ылғалданады (гигроскопиялыќ нүктесі - 80%).
Карбамид сулы топырақта алдымен аммоний карбонатына айналады, топырақты бейтараптайды, соңынан карбонаты интрификацияға түсіп, топырақ қышқылданады.
...