Монтаждау жұмыстарының өндірісі
Автор: Perizat Kalmuratova • Апрель 7, 2018 • Реферат • 4,438 Слов (18 Страниц) • 2,143 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................... | 2 |
Негізгі бөлім................................................................................................ | 4 |
1.1.Монтаждау жұмыстарының өндірісі.................................................. | 4 |
1.2.Құрлыстық-монтаждық жұмыстарының қауіпсіздік шарттары...................................................................................................... | 6 |
2.1.Құрлыстық монтаждық жұмыстардың техникалық өндірісі базасы және оның құрамы......................................................................... | 9 |
2.2.Өндірістік базаларындағы монтаждау технологиясы және ұйымдастыру жұмыстары.......................................................................... | 11 |
Қортынды.................................................................................................... | 14 |
Қолданылылған әдебиеттер....................................................................... | 16 |
Кіріспе
Жол шаруашылығында ең күрделі және жауапты құрылғылардың бірі рельс жолдарын косу мен киылыстыру болып табылады. Аралықтағы жолға қарағанда өте күрделі жағдайларда жұмыс ісейтін ерекше құрылыс болып саналады.
Бір километр жайылған жолдың ұзындығына орташа есеппен 2 – 2,5 бағыттама бұрма келеді. Пайдалану кезеңінде бағыттама бұрмалар санын күтіп ұстауға, орнатуға, ауыстыруға және жөндеуге мыңдаған жиынтықтар жасау қажет. Қазақстан теміржолында бағыттама бұрмалардың негізгі массасы Р75, Р65, Р50 олардың 95% Р65 және Р75 1/11, 1/9 маркалы бұрмаларды құрайды.
Бағыттама бұрмаларды ауыстыру мен орнату – бұл кұрделі және еңбегі ауыр жол жұмысы, пайдалануда бұрмалардың сапалылығы көбіне олардың сенімділігіне байланысты болады. Ережедегідей бағыттама бұрмаларды ауыстыру, кұшейтілген күрделі жөндеу (ККЖ) немесе күрделі жөндеу (КЖ), жұмысының бір бөлігі болып табылады, ал сонымен қатар өз алдына бөлек жоспарлы жұмыс болып белгіленеді.
Бағыттама бұрманы ауыстыру МГТС арнайландырылған жабдықтармен және арнайыландырылған өндірістік база мен жабдықталған арнайландырылған кәсіпорынмен орындалады. ББ толық ауыстыру оның элементтерін кайта пайдалануға мүмкіндік береді, бұл материалдық ресурстарды үнемдеуді камтамасыз етеді.
Бағыттама бұрманы ауыстыру жұмысы механикаландырылған тәсілмен (темір жол үстінде жүретін әр түрлі крандарды қолдану немесе арнайы машина), және қол күшіменде (автокөлік крандарын қолдаумен электрленген және гидравликалық құралдамен) орындалады. Бұрманы механикаландырумен ауыстыруда бурма мен оның металды бөліктерімен брустары тұтастай бір мезгілде ауысырылады..
Қол күшімен ауыстыруда алдымен металды бөліктері содан кейін ауыспалы білеулер ауыстырылады.
Дегенмен көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, стендте құрастырылып кранмен қойылған ББ, кол күшімен бөлек ауыстырылғанға қарағанда10% көбірек қызмет етеді.
Бұрмаларды ауыстыру мен орнатуға жаңа технологиялық процесстер жасалып, соңғы жылдары бір қатар механизация құралдары жасап шығарылды және өндірістік жағдайда тексеріліп, кей бір жолдарда қолданылуда.
Осылардың барлығы бұрма шаруашылығын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, жол монтерлардың еңбегін жеңілдетуге және едәуір техника – экономикалық тиімділікке жетуге мүмкіндік береді.
Бағыттамалық бұрманы құрастыру және ауыстыруды жалпылама механизациялауды төмендегіше таныстыруға болады: осылайша карауға мүмкіндік береді:
- арнайыландырылған буын жинақтау базасында механизациялау әдіспен ББ блоктарын құрастыру;
- жинақталған ББ блоктарын арнай жылжымалы құраммен көлігімен тасымалдау;
- ББ блоктарын темір жолмен жүретін кранмен, сондай-ақ калпына келтіру поезінің кранымен мантаждау.
Технологиялық процесс ұзақтылығы 6-8 сағаттық «терезе» берілуін карастырады және дайындық, негізгі жұмыстардан тұрады. Осы дипломдық жоба жұмысты ұйымдастыру технологиясы және казіргі кездегі техникалық құралдарды және жұмысты жүргізу тәсілдерін пайдаланумен қарапайым бағыттама бұрманы ауыстыру технологиясына арналған.
...