Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауылшаруашылық өндірісі үшін ауа температурасының маңызы

Автор:   •  Декабрь 17, 2018  •  Лекция  •  1,978 Слов (8 Страниц)  •  1,009 Просмотры

Страница 1 из 8

31. Ауылшаруашылық өндірісі үшін ауа температурасының маңызы.                                             Ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуі үшін физиологиялық үрдістер (фотосинтез, суды сіңіру, қоректік заттарды пайдалану) жүруі керек. Бұл үрдістер тек бір оңтайлы температурада ғана жүреді. Ол үшін түрлі дақылдардың оптималды, минималды, максималды температуралар болады және әрбір өсу фазасында ол температуралар әртүрлі болады. Өсімдік өсе бастағанда температура неғұрлым жылдам көтерілсе, соғұрлым өсу фазалары да жылдам өтеді. Ал көктемгі салқын күндер көп болған сайын өсу фазалары кешігеді. Мысалы, дем алу үрдісі 0оС басталады да температура өсе берген сайын күшейе түседі, ал температура 35-40оС-қа жеткенде нашарлайды да, температура 50оС-қа жеткенде тоқтайды. Температура жоғарылаған сайын суды, қоректік заттарды пайдалану нашарлайды, өйткені ауа ылғалдылығы төмендейді. Ауа ылғалдылығы төмендеген сайын құрғақшылық артады. Өсімдіктердің тозаңдануын жоғары температуралар нашарлатады. Ауылшаруашылық өндірісінде вегетациялық және аязсыз кезеңдердің мағынасы үлкен. Вегетациялық кезеңге тұқымның өніп-өсе бастауынан (көпжылдық дақылдар вегетациясының жаңалануы) жаңа тұқымдарың пісіп-жетілуі (көпжылдық дақылдар вегетациясының тоқтауы) арасындағы кезең жатады. Көпжылдық дақылдарда ол келесі жылдарда жалғасады. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығына аяз қатты әсер етеді. Аязсыз кезең болып көктемнің соңғы үсік болған күні мен кузгі алғашқы үсікке дейінгі аралық саналады. Осы кезеңді дақылдарды аймақтарға аудандастыру кезінде ескеру керек. Егер вегетациялау кезеңі аязсыз кезеңнен қысқа болса, онда аталған дақылдар піспей үсікке шалдығады. Вегетациялық кезеңдегі орташа температурамен оның жиынтығы осы дақыл вегетациясы уақытының басталуы мен аяқталуына дейінгі орташа тәуліктік температураларды жинақтау арқылы шығарылады. ҚР-да ауылшаруашылық дақылдарын әртүрлі аймақтарда өсіреді. Қандай аймақта қандай дақылды аудандастыру үшін сол дақылдың биологиялық ерекшелігін, әсіресе вегетациялық кезеңін білу, сонымен қатар аймақтың аязсыз кезеңін анықтауымыз қажет. Өйткені дақылдың вегетациялық кезеңі аязсыз кезеңнен кем болуы керек. Сондықтан, бір дақылды белгілі аймақта өсіру үшін сол аймақтың мынадай температуралық көрсеткіштерін анықтау керек:                       1. Орташа температуралар (тәулік, он күндік, айлық, вегетациялық кезең) ;                             2. Биологиялық 0, минималды, оптималды, максималды температуралар;                                3. Белсенді (активті), тиімді температуралар;                                                                             4. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы температураның 0, 5, 10, 15оС-тардан жоғарылайтын (көктемде) және төмендейтін (күзде) мерзімдері;                                            5. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы.

32. Ауа ылғалдылығы. Атмосферадағы ауа ылғалдылығының сипаттамалары.                                                                                                                                                             Су табиғатта қатты, сүйық және газ тәріздес қалыпта болады. Су буы атмосферада су бассейндерінің, топырақтың, өсімдіктердің үстіңгі қабаттарының булану есебінен пайда болады. Көлденең бағытта, су буы адвекция жолымен ауа ағыстары арқылы таралады. Жерге түскен күн радияциясының 23% мұхит, теңіз және жер бетінен суды буландыруға шығын болады. Буға айналған судың бөлігі белгілі бір жағдайларда конденсаттанып бұлт құрайды, жаңбыр түрінде қайтып су бетіне немесе жер бетіне түседі. Осы буға айналған су ауаның ылғалдылығын жоғарлатады. Ауаның ылғалдылығы – дегеніміз атмосферадағы су буының мөлшері. Атмосферадағы  су буы бір шаршы метрде граммен және миллиметрмен, мб. өлшемдерімен өлшенеді. Ауа ылғалдылығы мынадай көрсеткіштермен сипатталады:

...

Скачать:   txt (17.9 Kb)   pdf (120 Kb)   docx (16.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club