Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақмола облысы бойынша сүт өндірісі

Автор:   •  Март 15, 2019  •  Реферат  •  855 Слов (4 Страниц)  •  664 Просмотры

Страница 1 из 4

УДК 347.126

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ

Ергеш Б. Р., Исламиддинов А. Р., Сафаров А. Ж.

bekzat200597@mail.ru

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Экономика факультеті,

Мемлекеттік және жергілікті басқару тобының студенттері, 3-курс, Астана қ, Қазақстан

Ғылыми жетекші – Нәбиева М. Т.

Ақмола облысы бойынша сүт өндірісі

Сүт және сүт өнімдері ең көп тұтынылатын тамақ өнімдерінің бірі болып табылатыны баршамызға мәлім. Сүт және сүт өнімдері түсініктемесі ретінде ашыған және қаймағы алынбаған сүт өнімдері түсінігі қабылданған. Сүт және сүт өнімдерін өндіру және тұтынудың өзектілігі жылдар өткен сайын, халық саны артқан сайын артып келеді және әлемдік азық-түлік нарығы дамуының жалпы үрдістеріне байланысты болып табылады.

Ақмола облысының халқының жылдан жылға көбейюіне, елордасы Астана тұрғындарының өсуіне байланысты сүт өндірісіне деген сұраныс та артуда. Қазіргі күнде Ақмола облысында 40-тан астам кәсіпорын өз қызметтерін атқарып келеді. Олардың кейбіреулері тек сүт өндірісіне бағытталған болса, кейбіреулері сүт өнімдерін өндіруге (ірімшік, сүзбе, қымыз, т.б.) бағытталған. Төмендегі кестеде Ақмола облысы бойынша сүттің барлық түрі бойынша 2013-2017 жылдар арасындағы өндіріс көлемі берілген [1].

Кесте Ақмола облысы бойынша сүттің барлық түрі

мың тонна

2015 ж. 2016 ж. 2017 ж.

Қазақстан Республикасы 5 182,4 5 341,6 5 459,5

Ақмола обл. 360,6 378,6 383,6

Ақмола облысы бойынша сүт өндірісінің артуы

пайызбен, өтке жылғы желтоқсанға, өсімі

Жоғарыда көрсетілген гистограммадан байқағанымыздай, сүт өнімдері өндірісі жылдан жылға артуда. Бұған басты себеп ірі қара малдары мен жылқы сандарының өсуі болып табылады [1].

2015-2017 жылдар аралығындағы ІҚМ мен жылқылар саны

жыл аяғына, мың бас

2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл

Ірі қара мал 383,6 393,6 399,2

Жылқы 152,2 164,7 160,7

2015 жылы сүт өнімдерінің өндірісі 2014 жылға қарағанда 2,5%-ға артты (9,2 мың тонна). Ірі қара саны 2,3%-ға, жылқы саны 6,4%-ға көбейді.

2016 жылы көрсеткіш бойынша сүт өндірісі өткен жылдың соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда 4,75%-ға немесе 18 мың тоннаға көбейді. Сүт өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлар саны 22,5 мың басқа көбейді (10 мың ірі қара, 12,5 мың жылқы).

2017 жылдың қорытындысы бойынша сүт өндірісі 2016 жылға қарағанда 1,3%-ға ғана көп болды, яғни, 5 мың тонна. Ал сүт беретін ірі қара саны 5,6 мың басқа артса (1,4%), жылқы саны 4 мыңға немесе 2,5%-ға кеміді.

Тұтыну себетінің төменгі құрамындағы сүт және сүт өнімдерінің үлесі орташа есеппен 2012-2016жж. - 13,4% құрады (2017 жылғы көрсеткіш).

2015-2016 жылдар кезеңінде сүт өндірісінің көлемі 6%-ға өскені байқалды [1].

Жоғарыдағы көрсеткіштерден көргеніміздей, сүт өнімдерінің тұтынуы өсуде, ал бұл өз кезегінде, бүгінгі күнге халықтың көпшілігі үшін сүт және сүт өнімдері негізгі азық-түліктің бірі болып табылатынын көрсетеді.

Ақмола облысындағы 2012-2016жж. сүт өнімдерінің өндірісі

тонна

Таза өнімнің шығарылуы

2014ж. 2015ж. 2016ж.

Өңделген сұйық сүт 76 395 74 024 78 486

Сары май 451 730 784

Ірімшік және сүзбе 574 869 868

Йогурт, сүт және кілегей ферменттелген немесе өзге ашытылған 5 267 5 958 5 054

Жалпы алғанда, Ақмола облысына сырттан келетін, яғни, импортталатын сүт өнімдерін Кеден одағы елдерінің кәсіпорындары, оның ішінде

...

Скачать:   txt (12.1 Kb)   pdf (46.7 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club