Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Белоктар. Белоктар химиялық қасиеті. Синтезделуі

Автор:   •  Ноябрь 29, 2024  •  Реферат  •  595 Слов (3 Страниц)  •  14 Просмотры

Страница 1 из 3

Жоспар:

|. Кіріспе

||. Негізгі бөлім

1. Белоктар

2. Белоктардың химиялық қасиеттері

3. Белоктардың синтезделуі

|||. Қорытынды

|. Кіріспе

Белоктар– организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды молекулалар. Олар ферменттер, құрылымдық компоненттер, гормондар және тасымалдаушы молекулалар ретінде қызмет атқарады. Белоктар аминқышқылдарынан тұрады және олардың құрылымы мен қасиеттері осы аминқышқылдарының ретінен және байланыстарынан тәуелді.

||. Негізгі бөлім

Ақуыз немесе нәруыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.

Құрамы мен құрылысы күрделі болғандықтан, ақуыздардың қасиеттері де алуан түрлі. Олардың құрамында әртүрлі химиялық реакцияларға түсетін функционалдық топтары бар.

Барлық ақуыздар 20-дан астам әртүрлі а-аминқышқылынан құралады. А-аминқышқылдарының жалпы формуласы:

R—CHNH2—COOH

Ақуыз түзілетін a-аминқышқылдарының радикалды құрамында ашық тізбек те, тұйық тізбекті әртүрлі сақиналар мен функционалдық топтар да кездеседі.

Белоктардың химиялық қасиеттері:

Ақуыздар — екідайлы электролиттер. Ортаның белгілі бір рН мәнінде олардың молекулаларындағы оң және теріс зарядтар бірдей (изоэлектрлік нүкте деп аталады) болады. Бұл — ақуыздардың маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл нүктеде ақуыздар электрбейтарап болып, суда еруі азаяды. Ақуыздардың осы қасиеті технологияда ақуызды өнімдер алуға қолданылады.

Ақуыздардың гидролизі. Сілті немесе қышқыл ерітінділерін қосып қыздырғанда, ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді:

Ақуыздардың түсті реакциялары. Белоктарды сапалық анықтау үшін түсті реакциялар қолданылады.

а) Ксантопротеинреакциясымен (грек. ксанты — сары) құрамында бензол ядросы бар ақуыздар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.

ә) Биурет реакциясы. Мыс (II) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен ақуыздарға әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады. Бұл реакция ақуызтардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды.

б) Құрамында күкірті бар ақуыздарға қорғасын ацетатын және сілті қосып қыздырғанда, қорғасын сульфидінің қара тұнбасы түзіледі.

Белоктарды талдау — биохимиялық немесе молекулалық биологиядағы маңызды

...

Скачать:   txt (9.2 Kb)   pdf (63.1 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club