Белоктарға түсті реакциялар
Автор: guldenalmaz • Март 20, 2023 • Эссе • 8,949 Слов (36 Страниц) • 316 Просмотры
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ
№ 1 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Белоктарға түсті реакциялар.
Мақсаты: белоктардың түсті реакциясымен танысу, әртүрлі белоктардың құрамындағы (жұмыртқа, бидай, желатин) амин қышқылдарының айырмашылығын анықтау.
- Биурет реакциясы. Бұл реакция арқылы белоктардың құрамындағы пептидті байланысты ашады. Пептидтер сілтілі ортада мыс иондарымен күрделі комплексті қосылыстар түзуге қабілетті келеді.
Тапсырма:
1.Биурет реакциясы
2. Ксантопротеин реакциясы
3. Адамкевич реакциясы
4. Нингидрин реакциясы
5. Фоль реакциясы
Қажетті құрал-жабдықтар: Жұмыртқа белогы, желатин, бидай белогы, 40%-тік NaOH, 0,3%-тік CuSO4 0,1% р-р нингидрин, концентрлі азот қышқылы, концентрлі сірке қышқылы, 5% қорғасын сірке қышқылы, қорғасын, штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш, тоңазытқыштар және т.б.
Жұмыс барысы: Пробиркаға несеп нәрінің аз мөлшері алынып, балқығанша қыздырылады. Балқу кезінде аммиак бөлініп шығады. Пробиркадағы кристалды затты салқындаған соң, суда ерітіп NaOH және CuSO4 ерітінділерінен 2-3 тамшыдан қосамыз. Қоспаның күлгін түске боялуы биуреттің түзілгендігін көрсетеді.
1. Осындай биурет реакциясын жұмыртқаның концентрлі ерітіндісімен де жүргізуге болады. Ол үшін 2 мл жұмыртқа белогінің ерітіндісін алып, үстіне бірнеше тамшы NaOH пен CuSO4 қосамыз. Күлгін түстің пайда болғанын байқаймыз.
2. Ксантопротеин реакциясы. Бұл реакция арқылы кейбір циклды амин қышқылдарын ашады. Мысалы: тирозин, фенилаланин, триптофан сияқтылар.
Циклды амин қышқылдары концентрлі азот қышқылымен реакцияласқанда, сары түсті нитро туындылар береді. Бұл реакция екі сатыда өтеді:
Нитротуындылар сілтілермен әрекеттескенде, күрделі тұздар түзеді. Оларды хиноидты формалар деп атайды. Бұл қосылыстардың түсі сары қызыл.
Жұмыс барысы: 1 мл жұмыртқа белогінің ерітіндісіне 5-6 тамшы HNO3 қосып қыздырады. Қоспа сары түске боялады. Екінші сатыда пайда болған аралық өнімді салқындатып, концентрлі аммиак немесе 30% NaOH ерітіндісін қоссақ, қоспа сары қызыл түске боялады.
3. Адамкевич реакциясы. Белок ерітіндісіне концентрлі H2SO4 қатысуында глиоксил қышқылын аз мөлшерде қосса, қызыл-күлгін түс пайда болады. Бұл реакция белок молекуласында триптофан амин қышқылының барлығына және оның сілтілі ортада альдегидтер немесе оксиметилфурфуролмен реакцияға түсіп, түсті өнім беруіне негізделген. Глиоксил қышқылы концентрлі сірке қышқылының құрамында аз мөлшерде кездеседі. Сондықтан конц. CH3COOH глиоксил қышқылының көзі ретінде пайдаланылады.
Жұмыс барысы: Пробиркадағы 1-2 мл белок ерітіндісіне бірнеше тамшы конц. CH3COOH қосамыз. Екі сұйықтықтың жанасу шегінде қызыл-күлгін сақина пайда болады.
4. Нингидрин реакциясы. Бұл реакция белок молекуласындағы α-амин қышқылдарын ашу үшін пайдаланылады. Белоктар, полипептидтер мен амин қышқылдары нингидринмен қосып қыздырғанда көк немесе сия-көк түсті қосылыс түзеді. Реакцияның мәні мынады α-амин қышқылдары және пептидтер нингидринмен әрекеттескенде, тотығу арқылы дезаминдену мен декарбоксилденуге ұшырайды.
Тотықсыздандырылған нингидрин аммиак және нингидриннің екінші молекуласымен әрекеттесу нәтижесінде көк түсті қосылыс түзеді.
Жұмыс барысы: 2-3 мл сұйытылған белок ерітіндісіне 95% - тік ацетон ерітіндісіндегі 1% - тік нингидрин ерітіндісінің 3-4 тамшысын тамызады. Ерітіндіні араластырып, температурасы 70°С су ваннасында бірнеше минут қыздырады. Сұйықтық көк-күлгін түске боялады.
...