Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары
Автор: nurik9711 • Октябрь 8, 2020 • Контрольная работа • 795 Слов (4 Страниц) • 935 Просмотры
Страница 1 из 4
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары
Оксидтер
- Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары: оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар
- Екі элементтен құралып, бірі оттек болып келетін қүрделі заттар - оксидтер
- Оксидтер үшке бөлінеді: негіздік оксидтер, қышқылдық оксидтер, екідайлы(амфотерлі) оксидтер
- Метал мен оттектен тұратын күрделі зат – негіздік оксид
- Бейметал мен оттен тұратын күрделі зат – қышқылдық оксид
- Екідайлы оксидтер: Al2O3 , ZnO
- Оксидтердің жіктелуі: тұз түзбейтін оксид , тұз түзетін оксидтер
- Тұз түзбейтіндер: NO, CO
- Тұз түзетіндер: негіздік оксидтер, қышқылдық оксидтер, екідайлы оксидтер
- Агрегаттық күйлері: қатты (CuO, MgO, Fe2О3 ); газ (SO2 , CO2); сұйық
- Оксидтерді алу жолдары : жай және күрделі заттарды жандыру; валенттілігі төмен оксидтерді тотықтыру; суда ерімейтін негіздерді қыздыру; тұздарды қыздырып айыру
- жай және күрделі заттарды жандыру : С +О2 = CO2 ;
CH4+ 2O2= CO2+ 2H2O
- валенттілігі төмен оксидтерді тотықтыру : 4FeO + O2= 2Fe2O3
- суда ерімейтін негіздерді қыздыру : Cu(OH)2 = CuO +H2O
- тұздарды қыздырып айыру: CaCO3= CaO+ CO2
- Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп түзеді – негіз
CaO + H2O = Ca(OH)2
- Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп - тұз бен су түзеді
BaO + 2HCl= BaCl2 + H2O
- Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттесіп – Тұз түзеді
CaO+ CO2= CaCO3
- Қышқылдық оксидтер сумен әрекеттескенде - оттекті қышқыл түзеді
SO3+ H2O= H2SO4
- Қышқылдық оксидтер сілтімен әрекеттесіп түзеді – тұз бен су
2NaOH+ SO2= Na2SO3 + H2O
- Суда ерімейтін, қатты қйде болатын негіздік те , қышқылдық та қасиет көрсететін күрделі заттар – екідайлы оксидтер
- Оларға : ZnO, Al2O3 , Cr2O3 , BeO жатады.
- Екідайлы оксидтер қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттескенде : тұз бен су түзеді
ZnO +2 NaOH = Na2ZnO2 + H2O
- Жүнді, жібекті ағартуда, жидектерді консервілеп сақтауда қолданылатын оксид : SO2
- Құрғақ мұз - CO2
- Шыны, кәрлен алуда – SiO2
- Бояу жасауда - ZnO(ақ), Cr2O3 (жасыл)
Негіздер
- Жалпы формуласы - Me(OH)n
- Негіздер жіктеледі: суда еритіндер, суда ерімейтіндер, екідайлылар
- Суда еритін негіздерді алу: белсенді металдарды тікелей сумен әрекеттестіру; белсенді металл оксидтерін сумен әрекеттестіру; металл күйіндегі натрий мен калийді суда еріту
- Суда ерімейтін және екідайлы негіздерді алу: ерімтал тұздарына сілті қосу
- Суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және тері мен матаны күйдіретіндер – күйдіргіш сілтілер
- Индикатор түсін өзгертеді – лакмус көгереді; метилоранж сары түске ауысады; фенолфталеин таңқурай болады
- Сілтілер мен қышқылдық оксидтер әрекеттескенде – тұз бен су
- Негіздер мен қышқылдар арасында жүретін реакция – бейтараптану
- Сілті мен металл тұздары әрекеттесіп – жаңа тұз бен ерімейтін негіз түзеді
- Ерімейтін негіздерді қыздырғанда : оксидтер мен су бөлінеді
- Екідайлы негіздер қышқылмен де , сілтімен де әрекеттесіп: тұз бен су түзеді
- Сілтілер – қыздыруға төзімді, ыдырамайды
Қышқылдар
- Сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын қосылыстар – қышқылдар
- Құрамындағы сутектің санына қарай бөлінеді: бір-, екі-, үшнегізді
- Қышқылдар бөлінеді: оттекті , оттексіз
- Қышқыл құрамында оттегі болмайтын қышқыл – оттексіз
- Қышқылдық оксидтер сумен әрекеттескенде - оттекті қышқыл түзеді
- Сутекпен бейметаллды тікелей әрекеттестіріп алады: оттексіз қышқыл
- Кейбір қышқылдарды алу( HNO3 , HCl) – қатты тұзға концентрлі күкірт қышқылымен әсер ету
- Индикатор түсін өзгертеді – лакмус қызарады, метилоранж қызғылт түске боялады
- Электрохимиялық кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар қышқылдармен әрекеттескенде – сутек газы мен тұз бөлінеді
- Қышқыл негіздік оксидпен немесе негізбен әрекеттескенде – тұз бен су түзеді
- Алмасу реакциясы – қышқылдар мен тұздардың арасында жүреді
Тұздар
- Тұздар – молекуласы метлл атомы және қышықыл қалдығанан тұратын күрделі заттар
- Тұздар жіктеледі: орта тұздар, қышқыл тұздар, негіздік тұздар
- Қышқыл құрамындағы сутек атомы металл атомдарына алмасқан тұздар – орта тұздар
- Қышқыл құрамындағы сутек атомдарын металл атомдары түгел алмастырмаған тұздар – қышқыл тұздар
- Негіздердің құрамындағы гидроксид топтарын қышқыл қалдықтары түгел алмастырмаған өнім – негіздік тұздар
- Қышқыл тұздарын атау үшін қышқыл қалдығының алдына – «гидро» сөзі қосылады
- Негізді тұздарды атауға -« гидроксо» сөзі қосылады
- Тұздарды алу жолдары: металл мен бейметаллдың әрекеттесуі; негіздік оксид пен қышқылдық оксидтің әрекеттесуі; негіздік оксид пен қышқыл ; қышқылдық оксид пен негіз; қышқыл мен негіз; тұз бен қышқыл; тұз бен негіз; металл мен қышқыл; белсенді метлл мен тұз әрекеттесуі
- Тұздың металлмен әрекеттесуі – жаңа тұз; металл
Zn + Hg(NO3)2 = Zn(NO3)2 + Hg
- Тұздың сілтімен әрекеттесуі – жаңа тұз ; жаңа ерімейтін негіз
CuCl2 + 2NaOH= 2NaCl + Cu(OH)2
- Қышқылдың тұзбен әрекеттесуі – жаңа ерімейтін тұз; жаңа қышқыл
CuSO4+ H2S = CuS + H2SO4
- Тұздардың өзара бір- бірімен әрекеттесуі – жаңа ерімейтін тұз бен тұз бөлінеді
CaCl2 + Na2CO3 = CaCO3 + 2NaCl
- Тұздардың ыдырауы: оксидтер; CaCO3= CaO+ CO2
- Адам организміндегі тұз мөлшері – 5,5%
- Табиғи суларда тұз мөлшері – 0,1 – 3,5 %
- Құрылысқа қажетті тұздар – табиғаттағы әктас, мәрмәр, карбонаттар, силикаттар
- Тыңайтқыш ретінде – нитраттар, фосфаттар
- Жеке класстардың өзара байланысы арқылы заттардың бір –біріне айнаулы – генетикалық байланыс
Сa 🡪 CaO🡪 Ca(OH)2 🡪 CaCl2
...
Доступно только на Essays.club