Атом молекулалық ілім
Автор: madna999 • Июнь 23, 2021 • Реферат • 409 Слов (2 Страниц) • 1,009 Просмотры
Атом молекулалық ілім
Атом молекулалық ілімді дамытып және тұңғыш рет оны химияға қолданған Ломоносов орыс ғалымы 1741 жылы ашты.
Негізгі қағидалары:
- Барлық заттар карпускалардан тұрады (Ломоносов осылай атады.) – молекула.
- Молекулалар «элементтерден» тұрады. (Ломоносов атомдарды солай атаған)
- Бөлшектер, молекулалар, атомдар үздіксіз қозғалыста болады. Денелердің жылу қалпы бұл бөлшектерінің қозғалуы.
- Жай заттардың молекулалары бірдей, ал күрделі заттардың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады.
Барлық заттар атомдардан тұрады. Заттар өте кіші бөлшектерден тұратыны туралы атомдық гипотеза ежелгі Грецияда пайда болды. Ал атомдық – молекулалық ілімнің ғылыми негіздері тек ХVІІІ – ХІХ ғ.ғ. белгілі болды. Химияға сандық зерттеу әдістерін ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында М.В. Ломоносов енгізді.
Атомдар әртүрлі болады. Мысалы, көміртегі, азот және оттегі атомдарының мөлшері әртүрлі, физикалық және химиялық қасиеттерінде де айырмашылық бар. Атомдар элементарлы бөлшектерден тұрады.
Элементарлы бөлшектер сипаттамасы:
Кесте 1.
Бөлшек | Белгіленуі | Заряд,Кл | Тыныштық массасы, кг |
Электрон | е¯,е , β¯ | –1,60219 · 10-19 | 9,10953 · 10-31 |
Протон | Р , 11 Р, 11 Н | +1,60219 · 10-19 | 1,67265 · 10-27 |
Нейтрон | n , 10 n | 0 | 1,67495 · 10-27 |
Атом ядро мен электроннан тұратын элементарлы бөлшектердің әрекеттесу жүйесі. Атом типі ядро құрамымен анықталады. Ядро нуклон деп аталатын протон мен нейтроннан тұрады. Элемент ядро заряды бірдей атомдар жиынтығы. Элемент атомының ядро құрамында нейтрон саны әртүрлі болса массасы да әртүрлі болады. Мұндай атомдарды изотоптар деп атайды. Атом – элементтің химиялық қасиетін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі.
...