Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зерттеулердің молекулалық-генетикалық әдістері

Автор:   •  Март 10, 2018  •  Реферат  •  3,103 Слов (13 Страниц)  •  7,812 Просмотры

Страница 1 из 13

Жоспар

I. Кіріспе

Молекулалық-генетикалық әдістер

II. Негізгі бөлім

1. Қазіргі кездегі генетикалық технологиялар мен әдістер

2. ДНҚ-диагностикасының тура және көлденең әдістері

3. ДНҚ тізбегінің нуклеотидтер қатарын анықтаудың Максам-Гилберт әдісі

4. ДНҚ тізбегінің нуклеотидтер қатарын анықтаудың Сангер әдіс

ІІІ. Қорытынды

Максам-Гилберт және Сангер әдістерінің осы заманғы молекулалық биология мен генетика үшін маңызы

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе

Молекулалық–генетикалық әдістер зерттелінетін ДНҚ молекуласының нақтылы учаскесінің (аллель, ген) құрылымының ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеу әдістері болып табылады. Бұл әдістер.ДНҚ,және.РНҚ.молекулаларын.тәжірибелік.зерттеулерге негізделіне-ді. Қазіргі кезде молекулалық биология, генетика жетістіктері, адам геномын зерттеулер, молекулалық–генетикалық әдістерін медицина практикасында кеңінен қолдануға мүмкіндік туғызды. Молекулалық-генетикалық әдістерді жасушаның генетикалық құрылысы және қызметін ДНҚ молекуласының деңгейінде зерттеу үшін қолданады.

II.Негізгі бөлім

1. Қазіргі кездегі генетикалық технологиялар мен әдістер

Молекулалық талдаудың негізгі кезеңдері мыналар:

1) ДНҚ молекуласын таза күйінде бөліп алу;

2) ДНҚ молекуласын жеке фрагменттерге (бөліктерге) бөлу

3) ДНҚ фрагменттерін амплификациялау (көптеген көшірмелер алу);

4) Секвенирлеу- тұтас ДНҚ молекуласындағы және оның фрагменттеріндегі нуклеотидтердің орналасу ретін анықтау;

5) ДНҚ молекуласының құрамына кіретін жеке учаскелердің (гендердің) және басқа да нуклеотидтік жүйелердің құрылыс ерекшелігі мен қызметін анықтау;

Заманауи ДНҚ технологиялары

Геномдық технологиялар Әдістер

ДНҚ-ны алу және бөліп алу Нативті (табиғи) ДНҚ-ны бөліп алу Фенол-хлороформдық экстракция әдісі

ДНҚ синтездеу Химиялық синтез. Ферментативтік синтез (Полимеразалық тізбектік реакция-ПТР)

ДНҚ-ның нақты фрагменттерін алу және бөліп алу ДНҚ зондтарымен будандастыру әдісі. Клондау

Сканирлеуші (полиморфизмдерді, жаңа аллельдерді/гендерді іздеу) Нуклеотидтер бірізділігін анықтау Секвенирлеу

Нүктелік мутациялардың детекция әдісі Біртізбектік ДНҚ–ның (SSCP) конформациялық полиморфизмін талдау. Денатурациялаушы гель-электрофорез. Гетеродуплекстік талдау.

Комплиментарлық емес сайттардың химиялық ажырауы

Геном полиморфизміне негізделген әдістер Рестрикациялық фрагменттер ұзындығының полиморфизмін талдау. Мини және микросателиттік маркерлерді талдау

Гендердің өнімдерін талдау Қысқарған белокқа тест жүргізу.

Масс-спектрометрия

Биоинформатикалық технологиялар Микрограмма (ДНҚ-чиптер) технологиясы

Скринингдеуші (белгілі аллельдердің/гендердің детекциясы ) Аллель-арнайы будандастыру / амплификация. Капиллярлық денатурациялаушы гель-электрофорез. Қатты фазада минисеквенирлеу.

Олигонуклеотид-лигазалық талдау (OLA).

Функционалық Транскриптерді зерттеу Микрограмма технологиясы (экспрессиялық РНҚ-чиптер)

Ген өнімдерін зерттеу Екі өлшемдік электрофорез. Көп өлшемдік.хромотография. Изотопты-таңбалы афиндық нысаналар (JCAT-технологиялары).

Масс-спектрометрия (матрицалық лазерлік десорбиялық

...

Скачать:   txt (50.3 Kb)   pdf (162.5 Kb)   docx (29.6 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club