Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары жұмыскерлерінің инфекциялық аурулары және оларды ескеру

Автор:   •  Декабрь 21, 2017  •  Реферат  •  1,248 Слов (5 Страниц)  •  1,848 Просмотры

Страница 1 из 5

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары жұмыскерлерінің инфекциялық аурулары және оларды ескеру

Қоғамдық тамақтану жұмыскерлері мемлекеттің барлық азаматтары сияқты қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында тамақтандыратындарды туберкулез, соз аурулары, АИТВ инфекциясы (ЖИТС) аурулармен жұқтыруды бодырмау үшін олардың пайда болуы, таралуы және олардың алдын алу шаралары туралы хабардар болуы қажет.

Туберкулез – инфекциялы ауру, жұқтыру қайнар көзі қақырықпен микробактерияларды (Кох таяқшалары) шығаратын туберкулезбен ауыратын адам болып табылады.

Туберкулездік микробактериялар жіңішке, қозғалмалы таяқшалар, спора түзбейді, әдеттегі аэробтар. Осы бактериялардың қолайлы өмір сүру температурасы +37оС, олар ылғалдылыққа төзімді, кепкен қақырықта, киім-кишекте 2 айға дейін өмір сүреді. Олар тағам өнімдерінде табылады, мысалы, ірімшікте бактериялар 2 айға дейін, сүтқышқылды өнімдерде 20 күнге дейін өмір сүреді.

Туберкулез күн энергиясының әсерінен, жоғары температурадан, 10 минут аралығында қайнату кезінде өледі.

Микробактериялар демалу жолдары арқылы немесе тамаққа, ыдысқа түсуі мүмкін ауыратын адам қақырығы тамшысынан (сөйлескен кезде, жөтелгенде, түшкіргенде) немесе ауру қоздырғыштары бар шанды дем алған кезде дені сау адамның ағзасына түседі.

Жұқтырудың ауыр қауіпі туберкулезбен ауыратын сиырдың жұқтырылған сүті болып табылады.

Өкпе мен басқа мүшелердің (бүйрек, тері, сүйек, көмей) туберкулезбен зақымданған кезде микробактериялардың токсиндері туберкулездік интоксикацияны шақырып бүкіл ағзаны зақымдайды. Ауру адамның орталық және вегетативтік жүйке жүйесі бұзылуынан жоғары шаршағандыққа, температураға, әсерленгіштіктің жоғарылауына, әлсізденуге, жиі тұмауратуға, өкпе, бүйрек, тері, сүйек қабынуына және тағы басқаға әкеліп соғады.

Туберкулез – адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайымен және тамақтанумен, еңбек және тұрмыс жағдайлары, жұмыс пен демалыстың кезектесуімен тығыз байланысты ауру.

Туберкулезді ескертудің үлкен мағынасы оны ерте анықтау болып табылады. Сондықтан қазақстан заңдылығында бүкіл халықтың, сонымен қатар қоғамдық тамақтану жұмыскерлерінің көкірек қуысының флюрографиясын жүйелі түрде өтуі ескеріледі. Қажет болған жағдайда аурулар диспансерлерде, ауруханаларда, санаториялрда ем алады.

Туберкулезбен ауыратын адамдар тамақтанатындар арасында инфекция таратуын болдырмау үшін қоғамдық тамақтандыру жұмысына рұқсат етілмейді.

Венерологиялық аурулар: сифилис және гонорея – адам өміріне қауіпті инфекциялық аурулар.

Сифилис – созылмалы ағынды венерологиялық ауру. Сифилистың қоздырғышы – боз трепонема, сыртқы ортада тұрақсыз, қайнату кезінде, дезинфекциялық құралдардан, сабыннан өледі. Ылғалды ортада 2 күнге дейін өмір сүреді.

Ауру адамда сифилистың қоздрғышын терідегі жара, қанада, лимфалық түйінде, сілекейде және барлық мүшелерде табады.

Сифилистың таралу қайнар көзі дені сау адаммен тікелей денемен байланыс (сүйісу, жыныстық қатынас) жасау арқылы берілетін немесе ауру адамның бөлінетін заттарымен кірленетін заттар арқылы (стақан, темекі, қасық, тіс щеткасы) – бұл тұрмыстық сифилис деп аталады.

Сифилистің бірінші белгісі микробты еңгізу орнында (жыныстық мүшелер, ауыз) тез жоғалатын ауырмайтын жаралар пайда болуы, ал ауруды жасырын формаға өтуі дененің кез-келген бөлігінде аз уақытта терілік бөртуі болып табылады.

Сифилистің мидың зақымдануы (мидың семуі, сал), жүрек, тамырлар, бауыр, қаңқаның жеке сүйектерінің бұзылуы (мұрын) мен аяқталатын және зақымдану мен мүгедектілікке әкеліп соғатын сияқты аурудың 3 кезеңді өтуі бар.

Сифилис толық және ерте ем алу курсымен емделеді.

Гонорея – сыртқы ортаға аз тұрақты бактерия – гонококк қоздырғышы болатын венерологиялық ауру. Гонореямен зақымдану ересек адамдарда тек жыныстық қатнас арқылы, ал балаларда (қыздарда) жыныстық емес ауру анасынан жалпы төсек, ванна және тағы басқа арқылы беріледі.

...

Скачать:   txt (19.4 Kb)   pdf (112.4 Kb)   docx (15.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club