Қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің сәйкестігін растау
Автор: ar.zhusupova • Май 30, 2021 • Реферат • 4,280 Слов (18 Страниц) • 448 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Реферат
Тақырып: Қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің сәйкестігін растау
Орал 2021
Жоспар:
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі.......................................................4 1.1 Нормативтік сілтемелер ...................................................................................6 2 Терминдер мен анықтамалар..............................................................................8 2.1 Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау......................................10 2.2. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жіктелуі..............................15
КІРІСПЕ
Сертификаттау термині алғаш рет 1982 жылы сертификаттау бойынша халықаралық ұйым ИСО-ның,сертификаттау сұрақтарымен шұғылданатын Сертико комитетімен ашылып,түсінік берілген.Сертификаттау латын сөзінен аударғанда «дұрыс жасалған»,куәландырамын,мойындаймын дегенді білдіреді.Өнімнің дұрыс дайындалып шығарылғанға көз жеткізу үшін,оның қандай талаптарға сәйкесті болуын және бұл сәйкесті куәландыру жолын білу керек. Сертификаттау дегеніміз-өнімнің,процестің немесе қызмет көрметудің орнатылған талаптарға сәйкестігінен,үшінші жақтың арнайы өткізетін процедулары арқылы жазбаша растауы.Сертификаттау процесіне қатысушылар-бірінші,екінші және үшінші жақ болып бөлінеді:
- Бірінші жақ-өнімді әкеліп жеткізуші,өндіруші және қызмет көрсетуші;
- Екінші жақ-өнімді сатып алушы,тұтынушы;
- Үшінші жақ-қарастырылған мәселеге тәуелсіз түрде қатысатын адам немесе орган.
ҚР-да сәйкестікті растау тек сәйкестік сертификаты арқылы жүзеге асырылмайды,сонымен қатар сәйкестік декларациясы қолданылады. Сәйкестік декларациясы-жеткізіп берушінің,дайындаушының,сатушының өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген нысандағы құжаты.Ресей мен Қазақстанда сертификаттау жұмыстары стандарттау,сертификаттау және сапаны басқару бойынша мамандарды дайындау қажеттілігін көрсетеді.1985 жылға дейін бұл сұрақтармен сертификаттау бойынша комитет СЕРТИКО шұғылданды.Ол 1985 жылы оның ұлғаюына байланысты,сапа және сертификаттау бойынша комитетке КАСКО айналды.КАСКО жұмысына 50 елдей қатысады. Негізгі бағыттары:
- әр түрлі елдерде өнімнің сәйкестігін бағалау әдістерін және сапаны орнатылған талаптарға сәйкес қамтамасыз етуді зерттеу;
- сынау,инспекциялық бақылау, өнімді сертификаттау бойынша нұсқауларды дайындау.
Сертификаттау негізгі мақсаты-адам өмірі мен денсаулығын,қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметінің сапасын бағалап,тұтынушының мүддесін қорғау.Сонымен қатар мына мақсаттарда кіреді:
- өнімдер мен қызмет көрсетулер сапасы мәселесінде тұтынушылардың мүддесін қорғау;
- тұтынушылардың дұрыс өнімді таңдауына көмек көрсетеді;
- дайындап шығарушы ұсынған өнімнің сапалық көрсеткіштерін растау.
1 Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау (импорттық өнімдерге де) бекітілген.Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды. Тәртіп, өнім сипаты таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша,сертификатталатын өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын анықтайды. Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек.Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты (параметрлері) мына нысандарға қарай таңдап алынады:
...