Тамақтандыру кәсіпорындарының құрал-жабдықтары
Автор: GULI9393 • Декабрь 6, 2018 • Лекция • 3,569 Слов (15 Страниц) • 2,855 Просмотры
Тобы | Күні |
ТӨ - 631 | 30.11.18 |
Зертханалық-тәжірибелік сабақ № 5 (6 сағ)
Пәні: Тамақтандыру кәсіпорындарының құрал-жабдықтары
Сабақтың тақырыбы: Көкөніс өңдеуге арналған машиналар мен механизмдер, құрылысымен жұмыс істеу ұстанымымен танысу. Көкөністерді жуу машиналары. Пайдалану ережелерін меңгеру.
Сабақтың типі: Білімді, білікті, іскерлікті бақылау және бағалау сабағы
Сабақтың түрі: оқу практикасы
Зертханалық тәжірибелік жұмыстың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге көкөністі өңдеу машиналарының арналуына, құрылысына қарай жіктелуін, олардың техникалық сипаттамаларын, көкөністі жууға арналған машиналардың түрлерін,олардың қолданылуын техникалық қызмет көрсетуін үйрету.
Дамытушылық: Пән бойынша өзінің ойын еркін айту дағдысын қалыптастыру, зертханалық ыдыстармен, құралдармен, нұсқау карталарымен жұмыс істеу ептілігін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді жауапкершілікке, байқампаздыққа, тәртіпке бағынуға тәрбиелеу. Тағам дайындау сабағындағы санитарлық ережелер мен нормаларды, техника қауіпсіздігін есте сақтауға баулу.
Сабақтың технологиясы мен әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, білім мен білікті бақылау, өз бетінше жұмыс істеу, теория мен тәжірибені ұштастыру.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Тамақтандыру кәсіорындарында өндірісті ұйымдастыру, Тамақтандыру кәсәпорындарының құрал-жабдықтары, еңбекті қорғау.
Сабақты жабдықтау:
а) сабақтың көрнекілігі: кітаптар, тірек конспектілері;
ә) үлестірмелі материалдар: нұсқау карталары;
б) оқытудың техникалық жабдықтары: жеке компьютер
в) оқыту орны: №409 аудитория
Әдебиеттер:
- Негізгі: Г.Е. Бесімбаев, Е. Б. Бесімбаева Аспаздық «Фолиант», 2007 ж. ТАБСК
- Қосымша: Г. Есіркеп Тағам әзірлеу технологиясы-----оқу құралы (практикалық жұмыстар үшін тапсырмалар жиынтығы) ТАБСК.
Зертханалық –тәжірибелік сабақтың мазмұны мен барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин
Сәлемдесу. Аудитория тазалығына көңіл бөлу. Оқушыларды түгелдеу. Зейіндерін сабаққа аудару.
II. Студенттерді өткен тақырып бойынша тексеру: 30 мин
Сұрақтар:
- Бақылау кассалық аппараттар дегеніміз не?
- Бақылау кассалық аппараттардың түрлері?
- АТОЛ-11Ф аппаратына анықтама?
- Бақылау кассалық аппараттарының жұмыс істеу бағыттары?
III. Сабақты өткізуге нұсқау беру: 25 мин.
Тірек конспекттерді, интернет материалдарын, нұсқаулықты қолдана отырып тапсырмаларды орындау; Жұмысты орындауға бағдар беру үшін тақырыптар бойынша сұхбат жүргізу, слайдтар көрсету.
IV. Жұмысты орындау барысы. 180 мин
- Көкөніс және картоп өңдеу машиналарының сипаттамалары
- Көкөністерді жуу машиналары
- А9-КМ-2, Спрут-500, ММКВ-2000 машинасыналарына сипаттама
Тамақтану кәсіпорнына түсетін көкөністер мен картоп сұрыпталады, жуылады, тазаланады, аршылады, сульфитацияланады(картоп) және майдаланады. Бұл процестің барлығы дерлік механикаландырылған. Картоп пен тамыржемістілер сапасы және көлемі бойынша сұрыпталады. Тамақтандыру кәсіпорындарында көкөністердің, жемістердің сыртқы тағамдық құндылығы жоқ қабаттарын аршу-сілтілік, булы, құрама, жылулық және механикалық әдістермен жүргізіледі. Сілтілік әдісте картоп немесе тамыртүбірлер алдымен суда қыздырыларыд, содан соң 100 о С температураға дейін қыздырылған сілтілі ерітіндімен өңдейді. Осы кезде өнімнің сыртқы қабаты жұмсарады. Ары қарай барабанды жуу машинасында өнімнің сыртқы қабаты аршылып сумен сілті шайылады.
...