Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тондық қой терісінің сипаттамасы және жіктелуі

Автор:   •  Август 17, 2018  •  Реферат  •  2,709 Слов (11 Страниц)  •  1,336 Просмотры

Страница 1 из 11

2 Технологиялық бөлім

2.1 Тондық қой терісінің сипаттамасы және жіктелуі

Майда шикізаттың ішіндегі ең негізгісі қой терісі болып табылады. Соның ішінде, біздің елімізде қой түқымы бірнеше ондаған түрге бөлінеді: негізінен етті, етті-жүнді және қаракөл түрлері өсіріледі. Былғары жасауға жүннің сапасы үлбір өндірісі мен тон жасауға жарамайтын қой терілері алынады. Олардың сапасы қойдың түқымына, жасына, сою уақытына және басқа жағдайларға байланы- сты болады. Қой терісі нәзік, жүқа қыртыс қабатымен ерекшеленеді, ол тері қалыңдығының 1,8 - 2,5% ғана болады. Тері бетіндегі табиғи бедер өрнегі біркелкі, майда, әдемі тегіс болып келеді. Тері өзеңі емізікше және торлы қабатқа айқын бөлінген, және емізікше қабат торлы қабатқа қарағанда қалыңдау. Қылшық жүнді қой терісінің түгі өте төмен тереңдеп орналасқандықтан, емізікше қабаты қалың (70 - 80%), ал биязы жүнді қой терісіндегі емізікше қабат, керісінше, онша қалың болмайды. Емізікше қабатта май, тері бездері көптеп орналасқандықтан, ол бостау, кеуек қуыстары молырақ болады. Жас малдың терісіндегі өзеңнің емізікше қабаты қалыңдау болады. Торлы қабаты нәзік, онша тығыз орналаспаған коллагенді талшықтар тобынан түрады. Талшықтар өрілімі көлденең және майдың шамасы едәуір мол болғандықтан, бүл қабат осалдау болады. Май көбінесе емізікше қабат пен торлы қабат шекарасына орналасқан. Майсыздандыру кезінде емізікше және тор- лы қабаттың шекарадағы байланысы азая түседі. Осы айтылған жай- лар қой терісінен жасалған былғарының онша берік емес, созылмалы, бостау болып келуінің негізгі себептерін қүрайды және су өткізгіштік қасиеттерін арттырады. Қой терісінен аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары аяқ киімдік «шеврет», киімдік және галантереялык былғары дайындалады. Сапасы төмен қой терісінен астарлық және галантереялық былғары дайындалады. Жүні сапалы қой терілері үлбір мен тон өндірісі үшін қолданылады.

Тон тігетін теріні ең алдымен шел майынан арылтады. Одан соң оны күбіге салып не ашық күйінде илейді.Терінің иі әбден қанған кезде жүн жағын жуып тазартады да, тақыр бетіндегі идің қалдығын қытчрып тастайды. Осыдан кейін оны уқалап жұмсартады.Қой мен ешкінің терісінен тон тіккенде терінің жүні және тігісі ішіне қарайды. Оның тақыр бетін бояумен, қарағайлық қабығы және рауғаштың ніліне бояйды. Бұл тонның сыртының кірлемеуі үшін керек. салынбайды. Астар салған, арасына мақта не жүн тартқан тайжақыны әдетте тон орнында кие береді. Тонның ең қымбаты «қамқа тон». Бұл тон екі түрлі жолмен тігіледі. Оның бірі «қамқа» деп аталатын жылтыр қара жүнді аңның терісінен түгін сыртына қаратыл тігіледі. Екіншісі алтынкүміс жіптерден (зерлен) тоқылған матадан тігіледі. Бұл тонның екеуі де аса бағалы. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар қой терісінен сәндеп тігілген тондар өндіретін болды.

Ал, енді менің курстық тақырыбыма байланысты Кезегінде қуаты 40 дана тон шығаратын шағын зауытты жобалау болғандықтан мен осы өнімнің шикізаты туралы айта кетсем. Тондық қой терісінің жұмсақтығына сөз жетпейді. Оның үстіне салмағы да жеп-жеңіл, өзі болса жып-жылы.

Тонды қой терісінен жартылай фабрикат- бұл қойлардан алынған және әртүрлі қышқылдар мен хром тұздарын қолданумен белгіленген технологиямен өңделген, әртүрлі түстерге боялған, тері ұлпасын иеленген терілер.

Тонды қой терісін қойлардың тұқымдары, өңдеу тәсілі, жүнді жабындының ұзындығы және оның ауданы бойынша бөледі.

            Қойлардың тұқымдары бойынша тонды-қой терісін

                                          [pic 1][pic 2][pic 3][pic 4]

[pic 5][pic 6][pic 7][pic 8]

          Өз кезегінде романов тұқымды қой терісін романов тұқымды қозыларынан және романов тұқымының бірінші, екінші, үшінші топтарынан деп бөледі.

Өндеу тәсілі бойынша тонды-қой терісін келесі түрде бөледі:

  • тері ұлпасының табиғи түрімен хромды илеумен (жасыл реңкпен);
  • тері ұлпасының табиғи түсімен (сарғыш реңкпен) хромсульфитцеллюлоза хроммен;
  • тері ұлпасының табиғи түсімен хромэмульсия илеумен;
  • көмкерілген немесе көмкерілмеген жүнді жабындымен әртүрлі түстерге (қара, қоңыр, көк, жасыл, т.б.) боялған, тері ұлпасымен хромды илеумен;
  • акрилді, латексті-казеинді және басқа жұқалтыр түзетіндерді тері ұлпасынан жағумен жабынды боямен.

Жүнді жабындының ұзындығы бойынша тонды-қой терісін бес топқа бөледі: 2,5-4 см жүн ұзындығымен жартылай жүнді; 4-6 м- жүнді; ұзын жүнді; жағалы 1,6-2,5 см; көмкерілген жүнді жабындымен 1,8-2,5 см.

...

Скачать:   txt (35.4 Kb)   pdf (411.5 Kb)   docx (244.5 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club