Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының кәсіпорындардың түрлері және жіктелуі

Автор:   •  Январь 14, 2019  •  Контрольная работа  •  2,538 Слов (11 Страниц)  •  1,077 Просмотры

Страница 1 из 11

Тақырыбы – Қазақстан Республикасының кәсіпорындардың түрлері және жіктелуі

Кіріспе______________________________________________________ ТУСИПБЕКОВА 2008-11 БЕТ -2010-7 БЕТ

I.тарау. Қазақстан Республикасының нарықтық қалыптасуы мен әдістері және құрылымы

  1. Қазақстандық нарықтық қалыптасу нысандары мен әдістері._________
  2.  Қазақстан ұлттық экономикасының құрылымы_______________

II. тарау Кәсіпорындардың құрылымымен жіктелуі.

2.1 Кәсіпорын түрлері мен жіктелуі________ТУСИПБЕКОВА 2008_________________________

2.2 Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы________13 ТУСИПБЕКОВА2010

                                                           Кіріспе.

          Кәсіпорын деп экономикадағы дербес шаруашылық субъектісін атайды. Ол белгілі бір өндіріс өнімін шығарып немесе әр түрлі қызмет көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру жіне пайда табу мақсатында құрылады.

          Кәсіпорынның өндірістегі негізгі бөлімше ретіндегі ерекшеліктері:

      -Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бөлімшесі болып табылады,мұнда ұлттық экономиканың міндеттері нақтылы шешіледі.

      -Өнімдерді өндіру және қызмет көрсету белгілі бір технологиялық процестерді қолдану,жұмыс құралдарын,адамдардың білімі мен қабілеті,қоғамның жұмысын ұйымдастыру нәтижесінде болады.

      -Кәсіпорын жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді,жалақы төлейді,салық төлеу арқылы мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларға қатысады.

      -Кәсіпорында өнім өндіріліп,жұмысшы мен өндіріс құралдарының байланысы орнайды.

      -Кәсіпорын өз қызметін дербес атқарып тапқан пайдасын [салық және басқа міндетті төлемдерден кейін] өз еркімен пайдаланады.

        Кәсіпорын қызметінің мақсаты-қоғамды қажеттіліктермен қамтамасыз ету және пайда табу.

 Ерекшеліктері:

     -Кәсіпорын құратын кәсіпкер немесе кәсіпкерлер тобы алдарына нақты жіне айқын мақсат қоюлары керек.

     -Бұл мақсаттары өнімдермен қызмет көрсету тапсырыстарының жүйелерімен бекітілуі керек.

     -Шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет жұмысшыларымен мүліктермен және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.

      Кәсіпорын-қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру мен пайда табу мақсатында қызмет ететін шаруашылық субъект,заңды тұлға. Бұдан кәсіпорынның басты мақсаты пайда табу және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру екенін білуге болады.

      Қәзіргі заманғы кәсіпорындар өте күрделі ұйымдастырылу құрылымы,мақсаттары мен жоспарлы қызметі бар тірі организм тәрізді. Оның басты ерекшелігі ретінде өнім өндіру мен қызмет көрсетудегі және өзіндік шешім қабылдаудағы тәуелсіздігін айтуға болады. Бұл-нарықтық экономиканың басты белгісі,меншіктік  қатынастардың белгісі.

      Коммерциялық саладағы қызметтердің кеңеюіне байланысты кәсіпорындар әр түрлі ұйымдық атауларға ие.

Олар:

      -Өндірістік ұйымдар,негізгі қызметі-дайын өнім өндіру;

      -Сауда ұйымдары;

      -Қаржылық,кеңес беру және тағы басқа ұйымдар.

    Пайда табу мақсаттарына сәйкес кәсіпорын келесідей міндеттерді анықтап алуы қажет:

      -Қандай бәсекеге қабілеттілігі,тиімді өнім өндірудің саласына капитал салу қажеттілігі;

      -Қай тәсілмен және механизмдермен салынған капиталды еселеуге болатындығы.

      Осыған байланысты кәсіпорын өз өнімінің сату нарығын терең зерттейді және төмендегідей мүмкіншіліктеріне талдау жасайды:

      -Өндірістік қуаттылық,оның құрылымы мен мүмкіндіктері;

      -Кәсіпорынның жеке құрамы (персонал) және сапасы;

      -Қаржы ресурстары (жекеменшік және де несие алу жағдайлары).

      -Шығарылатын өнімдерге қатысты инновациялық жобаларды енгізулері.

    Кәсіпорындар тек шаруашылық серіктестіктер,мемлекеттік,акционерлік қоғамдар,өндірістік кооперативтер ретінде құрылады.

...

Скачать:   txt (35.9 Kb)   pdf (346.2 Kb)   docx (386.5 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club