Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Автор: anarospanova • Апрель 17, 2019 • Курсовая работа • 14,070 Слов (57 Страниц) • 1,289 Просмотры
2
Жоспар
Кіріспе …………………………………………………… 3
І. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың
жалпы сипаттамасы және белгілері
1.1. Парақорлықпен күресудің қылмыстық және
криминалогиялық аспектілері …………………….. 6
1.2. Парақорлық қылмысының обьективтік белгілері…. 8
1.3. Парақорлық қылмысының субьективтік жағы. ……… 17
- Парақорлық қылмысының басқа да ұқсас
қылмыстармен ара қатынасы ……………………………. 24
ІІ. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне
қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
2.1. Сот төрелігіне қарсы қылмыстар ……………………….. 34
2.2. Парақорлық қылмысының криминологиялық аспектілері 36
- Коррупциямен күрестің ерекшеліктері ………………… 41
Қорытынды …………………………………………………….. 44
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………… 46
Кіріспе
Қазіргі біздің тарихымыз дәлендеп беріп отыр, әрбір қоғамдағы өзгерістер, бет бұрыстар әдетте қылмыстың өсуімен де сипатталады, қылмыс жаңадан пайда болған қоғамдық қатынасқа бейімделіп, икемделіп сонымен бірге сіңіп кетуге тырысады, осы жерде ол әр түрлі тәсілмен айла мен кез келген нысан түрін қабылдап қоғаммен бірге өмір сүруін ұзартады.
Кейбір қылмыстардың тұрлеріне өте үлкен ішкі бағыныштылық және вертикальді және горизонтальді жағынан да байланыстардың тұрақтылығы тән. Олардың қатарына әдетте, кәсіпқой. Ұйымдасқан және коррупциялық, оның ішінде парақорлық қылмыстары жатады.
Егер біз тарихи аспектіге жүгінсек, онда біз парақорлықтын барлық кезде мемлекет пен қоғамдық актуалды проблемасы болғанын көреміз. Өзінің тарихи тәжирбиесімен парақорлық тек соғысқа ғана жол беріп, екінші орынды иеленеді. Бұл әрекетке жауапкершілік тіпті Хамурапи патшаның кодексінде де көзделген. Ал патшаны Ресейде I Петр тұсында алғаш рет, "лиздоимец" және "лихоимство" деп парақорлықтың тұрлерін көрсетті, оларға жауапкершілік көзделген. Біздің дәуірімізде, заманымызда парақорлық мына белгілермен, яғни "туыстық", "жерлестік" (оның тар мағынасында ауыл, аудан, облыс, аумақ) одан қалса оның жеті атасына байланысты, "ру", руластар нысанында өзін білдіріп көрініс табады.
Ал парақорлық саяси аспектісі жағынан мынадай көрініс табады. мемлекеттік аппарат жәнет оның буындарына тиесілі биліктің жоғалуы, мемлекеттің саясатын және мүдделерін қорғауды заңдауды забылдау арқылы болатын процессті бұзу.
азаматтардың заңға емес, сатылған мемлекеттік қызметкерлердің әрекеттерінен зардап шегіп соларға тәуелді болуы.
қоғамдық санада саяси режим кері, үнамсыз кейіпте қалыптасуы мүмкін.
Оның әлеуметтік экономикалық аспектісінің көрінісі: мемлекеттік аппараттың мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатын баяндамау, оның нақты көрсеткіштерін айтпау, азаматтардың Құқықтары мен бостандықтарын қоғамау арқылы арығарай экономикалық қатынастарды криминализациялау.
Мемлекетке қажетті нарықтық экономиканы криминализациялау, яғни мемлекетке криминалды ақшаларды инвестиция есебінде беру, әлемдік экономикаға интеграциялану мүмкіндіктерін тежсу.
Мемлекет қаражатын заңсыз экспортимпорт операцияларына жұмсау арқылы иеленіп кету.
Құқықтық аспект жағынан парақолық және коррупцияның көрінісі: қажет заңдарды қабылдамау, оның шығуын тежеу. қылмыстық топтарға тиімді заңдардың қабылдануы әдейі, тиімсіз нормаларды қабылдау, сол арқылы заңдар колизиясын тудыру.
...