Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зейiнділіктің қалыптасуы. Қиялдың жалпы сипаттамасы және олардың психикалық іс-әрекеттегі рөлі

Автор:   •  Октябрь 2, 2020  •  Лекция  •  1,029 Слов (5 Страниц)  •  747 Просмотры

Страница 1 из 5

Зейiнділіктің қалыптасуы.  Қиялдың жалпы сипаттамасы және олардың психикалық іс-әрекеттегі рөлі

Зейін- сананың қандай да болса, бір затқа, құбылысқа, іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы- обьектіні таңдап алуды айтамыз. Сананың бір нәрсеге шоғырлануы- обьектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады.

Оқу жұмысында зейіннің маңызы өте үлкен. Оқудың табысты болуы көбінесе мұғалімнің оқушылардың зейінін қаншалықты оқуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады.

Зейін- дербес бір психологиялық процесс емес. Өйткені ол басқа процесстерсіз көріне алмайды. Сөйтіп зейін әр түрлі психологиялық процесстердің тек бір жағы немесе қасиеті болып ғана қабылданады.

Зейін

Ырықты

Ырықсыз

Үйреншікті

Алдына мақсат қойып, көздеген нәрсесін алдын ала белгіліп, зейінді соған аударуды айтады. Бұл адамның еркімен істелетін зейін күші. Адам өз зейінін ырықты жұмсап шұғылданғанда, қиыншылықтарды ығыстырып жеңеді. Зейінге бөгде түтіркендіргіштер- ауру, шаршау, басқа ойлар.

Ол көбінесе адамда өзін-өзі қыспай, өзінен-өзі болатыны былай тұрсын, сонымен қатар, бір нәрсені көруге, естуге алдын-ала ниеттенбесе де болады.

Ырықсыз зейіннің физиологиялық негізі- адамды қоршаған ортада болып жатқандарға көңіл аударуға қоздыратын барлау рефлексі болып табылады. Ырықсыз зейін күшті тітіркендіргіштерден болады.

Үлкен адамдардың зейіні көбінесе үйреншікті болады. Яғни, күнделікті бізге үйреншікті процесстер, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалады. Мысалы: бала кітап оқуды, жазуды әдейлеп зейін салып, қайрат күш жұмсап үйренеді. Бұларды меңгеріп алған соң ол үйреншікті болады.

Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейіннің кейбір ерекшеліктері болады және ол әр адамда әр деңгейде бейнеленеді.

  • Тұрақтылығы мен жинақтылығы. Зейіннің бір жұмысқа ұзағырақ тұрақталуы.
  • Аударылуы. Бір обьектіден екінші обьектіге назарымызды көшіру.
  • Бөлінушілігі. Бір мезгілде бірнеше нәрсені атқара білу мүмкіндігі.
  • Көлемі. Бір уақыт ішінде оның қамтитын обьектілерінің санын айтады.
  • Алаң болушылық. Бір обьектіге саналы түрде зейінді аудара алмаушылық

Зейіннің көлемі.

Зейінді бір қойғанда жақсы қамтып, оның қабылдаған нәрселердің саны зейіннің көлемін білдіреді. 

[pic 1]

Тахистоскоп-кішкене терезесі бар қалқан. Терезеден өте қысқа уақытта сандар, әріптер, суреттер көрсетіледі. Сонда адам қанша қабылдағанын санауға мүмкіндік беретін апарат. Балалар 3-4 ғана қабылдайды.

Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:

  1. интенсивтілігі;
  2. жаңалығы;
  3. аффективтілігі.

П. Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: Зейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л. C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:

  1. процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т. б.) ретінде;
  2. күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;
  3. тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.

Зейінің функциялары:

  1. қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;
  2. ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;
  3. белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.

Балада зейіннің дамуы.

Зейінді дамытуда өтілетін сабақтын жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор.

Ырықсыз зейінді тәрбиелеу үшін мектеп оқушысының танымдық ықыласын дамытып, оның түсіну шеңберін ұлғайтқан жөн. Ырықсыз зейінді аудару үшін оқу материалының мазмұны және оның қандай формада берілуінің маңызы зор. Мектепке келгенде балада мұғалімді тыңдау, оқу материалының мазмұнына үңілу секілді әдеті жоқ.

Сезім адам зейініне түрліше әсер етеді. Ол бірде зейіннің күшін ұлғайтады, тұрақтылығын арттырады, бірде берекесін кетіреді. Бағытталған обьект жағымды сезім туғызса, зейін күшейеді. Зейін қою қызығумен де тығыз байланысты. Қызыққан нәрсеге адам ілтипатын түсіріп зейін қояды.

...

Скачать:   txt (15.2 Kb)   pdf (99.7 Kb)   docx (45.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club