Институтционализмнің қалыптасуы және жіктелуі
Автор: Daniar_Tenizbai • Февраль 1, 2019 • Реферат • 502 Слов (3 Страниц) • 632 Просмотры
СӨЖ №1: Институтционализмнің қалыптасуы және жіктелуі
Қазіргі институтционализм қалыптаспай тұрып экономика ғылымы әртүрлі кезеңдер мен мектептерден өтті. Бірінші, «институтционализм қалай қалыптасты?» деген сұраққа жауап берсек:
- XV – XVII ғ. Меркантилизмнен бастап (Т.Мен, А. де Монкретьен), XVIII ғ. Физиократтар (Франсуа Кенэ), XVIII- XIX ғ. Классиктер (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо), XIX ғ. 40 ж. Марксизм (Карл Маркс, Ф. Энгельс), бірақ айрықша өзгеріс енгізген XIX ғ. соңында пайда болған Маржинализм (К.Менгер, Ф.Визер).[pic 1][pic 2]
Осы мектеп кезеңінде болған 1870-80 жылдардағы экономика ғылымына енгізген алгебралық тәсілдер яғни, сұраныс пен ұсыныс теориясы, шекті пайда ұғымы «маржиналисттік төңкеріске» алып келді.
- Осы төңкерістен кейін экономикада жаңа екі бағыт пайда болды. Олар: 1. Неоклассиктер – нарыққа мемлекет араласпау керек десе, 2. Кейнс мектебі – мемлекет араласуы керек деді.[pic 3]
Неокласиктер Маржиналистер ашқан сұраныс пен ұсыныс теориясын график түрінде көрсетіп «ұзақ мерзімді» кезеңде қарастырды.
Ал Кейнс мектебі сұраныс пен ұсыныс қисығын «қысқа мерзімде» көрсетіп, «AD-AS» қисығы, «Кейнс кресі» сияқты ұғымдарды енгізді.
Бұл теорияларды толықтырған Неокейнсияндықтар олар экономикаға «жұмыссыздық, инфляция, цикл, дағдарыс» сияқты ұғымдарды енгізіп, мемлекет белгілі бір жағдайларда ғана араласуы тиіс деп түсіндірді.
- Неолиберализм- «еркін баға» белгілеу арқылы «еркін бәсекеге» жол беру. Монетаризм- ақшаның жетекші рөлін көрсетеді.[pic 4]
Бірақ ерекше көзге түскен Жаңа классиктер. Олар – субъектілердің мінезін «экономикалық ұтымдылық тезисі» тұрғысында көрсетті. Бұл тезисте «тиімді күту» және «тиімді тазарту» теориялары қарастырылды.
...