Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Технология сабағының мазмұны. Құрастыру іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

Автор:   •  Март 18, 2018  •  Курсовая работа  •  6,084 Слов (25 Страниц)  •  3,630 Просмотры

Страница 1 из 25

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 ТАҚЫРЫБЫ:  ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 Технология пәні бойынша

 0101000  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы

Орындаған: Арманова Армангүл

МД-120 топ студенті

Ғылыми жетекшісі: Асқарова Асқаргүл

математика пәні оқытушысы

Қорғауға  жіберілді (жіберілмеді) –

Педагогика және психология

ОӘБ  жетекшісі

__________ М.О.Сұлтанова

     қолы

«_________» ________  2018 ж.

Ақтөбе,  2018

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...............................................................................................................        3

1        МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1.1        Технология сабағының мазмұны. Құрастыру іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі.........................................        6

1.2         Қол еңбегіне баулу. Құрастыру түрлері..........................................................................................................        10

1.3        Балабақшадағы технология сабағы бойынша өткізілетін сабақтар жүйесі

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.................................................................................        20

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................        23


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................        24

КІРІСПЕ

         Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта  отырып, әлемдік білім кеңестігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы шығармашылық әлеуетінің, танымдық  біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

         Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын  жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап  етеді.Мұндай жаңа әдіснамалық  жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің  қажеттігін  көрсетіп,оқытудың шығармашылық қызметін  дымытып,білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады. Еңбекке баулу —  техникалық,технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен  еңбек үрдісін ұйымдастыратын,балаларды перспективалық технологиямен таныстырып,олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылы,бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға,сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді.

Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Өмірге келген  әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі  тірегі.  Сондықтан балаға тиісті  дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын  жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы  тәрбие мен сапалы білім беру-біздің  басты  мақсат.

ҚазақстанРеспубликасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен кез келген азаматтың өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылым мен техниканың, өнердің, мемлекеттік 
және  жекеменшік тұрғыдағы өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың  іс-әрекеті мен  байланысты  
анықталады деп атап көрсеткен. «Адамды - адам еткен еңбек». Жалпы адам
баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады. Еңбек тәрбиесі - қашан да ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан жас жеткіншектің жан-жақты өсіп дамуы үшін бірден-бір қажетті нәрсе – еңбек екендігін айқын аңғарамыз. Балалардың еңбек процессі кезінде еңбек дағдылары мен біліктілікті меңгеруі нәтижесінде ересекке тәуелсіз болып, өздігінен еңбектенуге бастайды.

...

Скачать:   txt (85.3 Kb)   pdf (283.3 Kb)   docx (778.3 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club