Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химия бағдарламасының мазмұны, сабақтың жоспары және конспектісі

Автор:   •  Январь 24, 2023  •  Лабораторная работа  •  4,530 Слов (19 Страниц)  •  166 Просмотры

Страница 1 из 19

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

Экология және химия кафедрасы

                                                Сарбаева Гүльнара Тұрсынбайқызы                              

Білім беру бағдарламасы:  6В01512 – Химия

 

HOA 3328  «Химияны оқыту әдістемесі»  

пәні бойынша лабораториялық сабақтарды өткізуге арналған

        

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Түркістан, 2022

       

 Лабораториялық сабақтың әдістемелік нұсқауы пәннің оқу бағдарламасы негізінде жасалды.

Кафедраның 01.09. 2022 ж. мәжілісінде талқыланды. (№6 хаттама)

Экология және химия кафедрасының

меңгерушісі: х.ғ.к., профессор                                                       Р.Н.Нұрділлаева

Факультеттің Оқу әдістемелік комитетінің  № 1, 01.09.2022ж. мәжілісінде  қаралып, мақұлданды.

Факультеттің Оқу әдістемелік комитет төрайымы,

техн.ғ.к., доцент м.а.                                                               __________Ибрагимова Э.Қ.          

 

 

         №1 Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Химия бағдарламасының мазмұны, сабақтың жоспары және конспектісі

Сабақтың  оқыту нәтижелері:

1. Орта мектеп химия курсының жаңаша құрылымын және мазмұнын, химияны оқыту әдістерін, оқушылардың білімін бағалау және қадағалау түрлерін біледі;

2.  Химия бағдарламасының мазмұнына сай сабақтың қысқа мерзімді  жоспарын тиімді ұйымдастырады.

3. Оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары, мұғалім мен оқушылардың  қызметі жайлы білімді қолданады;

4. Сабақ жоспарын жасауда  сандық білім ресурстарын, виртуальды және тәжірибелік зертханаларды тиімді пайдаланады;

5.  Химяны оқыту барысында оқушының жеке тұлғасын дамытады, оқуға деген жағымды ынтаны қалыптастырады.

Қысқаша теориялық мәлімет

          Бұрынғы сызықтық принциппен жасалған оқу бағдарламаларында әдетте бір тақырыптың мазмұны 2 рет қайталанбайды. Ал ұсынылып отырған концентрлі тәсілмен жасалған оқу бағдарламасына сай жазылатын оқулықтар негізгі мектептің 8-9 сыныптарында химия пәнінен аяқталған білім мазмұнын беруге тиіс болғандықтан, оның көптеген тақырыптары бағдарлы мектептің 10-11- сыныптарында тереңдетіліп, толықтырылып қайта оқытылатын болады. Ол үшін шәкірт қалауы бойынша жаратылыстану-математика бағытын таңдап алуы шарт. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағытты таңдайтын оқушыларға химия пәні интегративті түрде, қысқарған мазмұнда берілетін болады.

        Химия оқулықтарында ізгілендіру принципі мен экологиялық жағдайлар үнемі ескеріліп отырады. Теориялық білімді өмірмен тығыз байланыстыру үшін практикалық жұмыстарды көбірек беруге талаптану соның дәлелі. Барлық оқу процесінің 20-30%-і көрнекі тәжірибелер мен практикалық жұмыстар атқаруға жұмсалатын болады. Әрбір оқушы экологиялық проблеманы сөз еткенде өз аулының, қаласының өнеркәсібі мен өндірісінің, табиғаты мен ауа райының ерекшеліктерінен туындайтын мысалдарды келтіруге міндетті.

            8-9-сыныптарға арналған химия оқулықтарының басты ереншелігі - дамыта оқыту принциптерінің қатаң сақталуы. Оны әрбір тақырыптан соң берілетін сұрақтар, жаттығулар, есептерден айқын көруге болады. Өз бетінше орындалатын бұл тапсырмалар 4 деңгейлі етіп берілген. Мәтінмен берілетін теориялық материалдар, әдетте мазмұны бойынша алғанда міндетті стандартты жіне одан кейінгі алгоритмдік деңгейді қамтиды. Сұрақтар мен жаттығулардың көбі осы алғашқы екі деңгейдің шеңберінде жатады. Олар арнайы белгімен бөлініп көрсетілген. Жаттығулар мен есептердің ішінде эврикалық деңгейге сай келетіндері де бар.

...

Скачать:   txt (60.4 Kb)   pdf (191 Kb)   docx (28.5 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club