Мурад Аджидің «Қыпшақ даласындағы жусан иісі» зерттеуінің лингвоелтанымдық мазмұны
Автор: Senimqyzy • Апрель 12, 2018 • Реферат • 3,409 Слов (14 Страниц) • 1,326 Просмотры
- Мурад Аджидің «Қыпшақ даласындағы жусан иісі» зерттеуінің лингвоелтанымдық мазмұны
«Осы біз кімбіз ,қайдан шықтық, қайда барамыз?» деген сұраққа жауап іздеу үшін өткенге көз жіберу, санада ата-баба өткен жолды қайта жаңғырту тек тарихи зерде мен жады сақталған тұста ғана мүмкін болмақ.Қысым арқылы сөне бастаған тарихи зердемізді егемендік алған тұста ғана аршып, тазартып, кеудемізде ақиқаттың ақ отын жағуға бет бұрдық.Кеңінен көсілген алып Еуразия құрлығын кезінде ен жайлаған, төткүл дүниеге аты мәшһүр болған даңқты Түркі қағанатының орнын басқан Дешті Қыпшақ елінің негізін қалаушы Қыпшақ халқының тарихы мен шежіресі бір жүйеге түсіріле зерттеліп, туыстық қатынастары тұтастай тарқатылған жоқ еді. Қыртыс –қатпарлы қалың қазақ тарихының бастау бұлақтарына үңіліп , бел –белестерін анықтау, алыс- жақын елдермен өзара ықпалдастығын ұғынып, тағылым-тәжірибесін азат еліміздің рухани –танымдық кәдесіне жарата білу кәсіби тарихшыдан да , қарапайым оқырманнан да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Тарихын оң таразылай алмаған ел болашағын болжай алмайтыны сан мәрте дәлелденген аксиома. Тарихи санасы ақиқатпен суғарылмаса, халық бөтеннің шылауында кетіп, өз асылы мен құндылықтарынан көз жазып қалады. Демек , ұлт тарихын түзу арнайы даярлығы бар мамандар ғана атқаратын міндет емес екен. Оқығандар мен оқымыстылар да қателесіп жатады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген ғой біздің ата-бабамыз. Ұлт тарихының барын бағалап, жоғын түгендеу «жекешелендіруге» жатпайтын , «айттым-болдыға» көнбейтін қастерлі борыш.
Қазақ халқында ұлтты және оның тарихын тану алдымен қазақ рулары мен тайпаларының аталар шежіресін танудан басталады. Ал қазақ руларының ішінде ата тарихы ерте замандардан басталатын рулардың танымалдысының бірі – Қыпшақ. Бұл тұрғыда елімізге танымал жазушыларымыздың бірі Әділхан Байбота өзінің «Қазақ даласының ежелгі тарихы» атты кітабында –Әбілғазы ханның қыпшақтар осыдан төрт мың жыл бұрын белгілі болған деген мәліметтерін келтіреді.
Біздің заманымыздан бұрыңғы жылы жарық көреген Цин-Ма-Циэнің «Тарихи жазбалар» деген еңбегінде Қыпшақтар туралы көптеген мәліметтер көрсетілсе, 759 жылы Селенге құлпытасына қашалып жазылған жазуда Қыпшақтардың Тоғыз –Оғыз одағында жетекші тайпалардың бірі болғандығы жайлы айтылады.
Қыпшақ тілі қазіргі Қазақстан аумағының негізі бөлігіне таралды. Түркі тілдес халықтардың аса құнды мәдени ескерткіші Қожа Ахмет Йасауидің «Диван и Хикмет» (Даналық кітабы)матты еңбегінің лексикасы да ХІІ ғасырдағы Қыпшақ тіліне тән. Орта ғасырдағы Қыпшақтардың дар тұлғалары мен тарихи оқиғалары, аңыздары мен этнографиясы бейнеленеген «Қара қыпшақ Қобыланды» жыры, сондай –ақ , ауыз әдебиетінің мақал – мәтелдері , шешендік сөздер , жұмбақтар , әндер т.б.б. үлгілері сақталаған «Кодекус Куманикус » еңбегі жалпы жұртқа мәлім.
Ал «Ана тілі» газетінің жинақтап бастыруымен жарық көреген «Қазақ шежіресі» атты кітапта «Қыпшақ – қазақ халқы мен қазақ тілінің қалыптасуына ерекше үлес қосқан, тарихи деректерде көне замандардан –ақ белгілі тайпа. Бір дәуірлерде оның атақ –даңқы тек қандас түркі жұртының арасында ған аспандап қоймай ,бүткіл Европа мен Араб елдеріне де әйгілі болып , Қыпшақ атауы барша түркі тектес елдері аясын қамтитын кең мағынада қолданылды, бүгінгі таңдағы Алтай мен Еділ аралығы «Қыпшақ даласы» аталынды» деп жазады.
Келтірілген деректерге сүйене отырып , ой жіберсек Қыпшақтар тарихының әлем деңгейіндегі тарихтарда айтарлықтай қомақты орны болғандығын көреміз. Алайда , сол көлемді тарихымыз бүгінгі оқырман қауымға жұқаланып жетіп отырғаны кімді де болса ойландырмай қоймайтын дүние. Бұл жағдайды біз оның бір жақты жүйеленіп , ізденістің жеткіліксіз болып келгендігінің салдарынан деп қарауымыз керек. «Бұл жөнінде ешкімге кінә арта алмаймыз. Әсіресе , кешегі совет дәуірі кезеңінде ұлттың тарихын зерттеуге , шежіре мәселесімен айналысуға тиым салынды.Бірен –саран қолға алғандарға күдікпен қарап, ұлтшыл деген жала жабылды.Соның салдарынан көптеген тарихшылар , ғалымдар , тіпті ел ішіндегі жай халықтың өзі де шежіре мәселесіне тартына қарады». (Нұрғали Сырыпбекұлы «Тоқсан екі баулы Қыпшақ» Полиграфия баспа үйі 2009)
...