Стратегиялық жоспар құрудың мәні және мазмұны
Автор: ms.salibekova • Апрель 15, 2018 • Курсовая работа • 22,808 Слов (92 Страниц) • 791 Просмотры
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Ал мұның барлығы дұрыс және тиімді стратегиялық жоспардың болуымен тығыз байланысты.
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыру алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Елбасымыздың бастамасымен 1997 жылы «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасында көргісі келетіндігін анық айтты. Осы стратегиялық жоспарға жету мақсатында қазіргі таңға дейін орта және қысқа мерзімді стратегиялық жоспарлар жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары қарқынды түрде жүзеге асырылып келуде. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезеңі адамзат тарихындағы соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаhандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың басталу уақытына дәл келді. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезінде әлемдік немесе өңірлік дағдарыстың жағымсыз салдарларына ұлттық экономиканың орнықтылығын арттыруға бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына баса көңіл бөлінді.
Жалпы, елімізде жүзеге асырылып жатқан кез-келген стратегиялық жоспар немесе бағдарлама ел экономикасының тұрақты дамуын көздейді. Ал тұрақты даму ретінде шағын және орта бизнесті дамыту басты назарды алып отыр [1].
Сондықтан соңғы жылдары көптеген кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыру барасында стратегиялық жоспарды жүзеге асыруға басты назар аударып келуде. Жалпы, стратегиялық жоспарлау өз кезегінде рационалды ойлауға бағытталған жүйеленген және логикалық процесті көрсетеді.
Әрбір кәсіпкер кәсіпорында жасалынатын стратегия иерархиялық қағида бойынша жүзеге асырылу керектігін ұмытпаған жөн. Сонда да, стратегия деңгейі, оның кешенділігі, интеграциясы кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты өзгеріп отырады.
Осы орайда, стратегилиялық жоспар тек өндірістік салада ғана емес сонымен қатар, білім беру саласында да маңызды орын алатындығын атап өткен жөн. Бұл туралы Елбасымыздың «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» дәлел ретінде көрсетуімізге болады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілді. Мақсаты - білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту [2].
Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасында Қазақстан экономикасының даму жолдары анық көрсетілген. Шетелдік инвесторлар мен ішкі жинақ бюджетінің деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру , экономикалыұқ өрлеуді қамтамасыз ету экномиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеуметтік саясат жүргізу, қатан қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайына бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орату, энергетикалық және табиғи қорды одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
...